Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 6039 0 пікір 22 Қараша, 2010 сағат 07:41

Айдос Сарым. Халық санағының деректеріне талдау. 1-ші мақала

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі өзінің веб-сайтында 2009 жылғы атышулы, даулы санақтың қысқаша қорытындыларын жариялады. Осыған орай біздер санақтың деректерін талдап, өз ойларымызды ортаға салғанды жөн санап отырмыз.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі өзінің веб-сайтында 2009 жылғы атышулы, даулы санақтың қысқаша қорытындыларын жариялады. Осыған орай біздер санақтың деректерін талдап, өз ойларымызды ортаға салғанды жөн санап отырмыз.

«Қысқаша қорытындыларды» талдау барысында «санақшылардың» ұлт пен мемлекет үшін зор маңызы бар науқанның тарихи және саяси астарларын «ұмытып» кеткені байқалады. Мысалы, Қазақстанда осыған дейін 9 санақтың (1897, 1926, 1937, 1939, 1959, 1970, 1979, 1989, 1999 жылдары) өткені белгілі. Өткен жылғы ұлттық санақ қазақтың жаңа тарихындағы оныншы науқан болып отыр. Осы санақтардың сегізін отаршылар өткізсе, екеуі ғана тәуелсіздік жағдайында өткізілді. Осы он санақтың барлығы да даусыз болмады. 1926 жылғы санақ империяның құлап, азамат соғысы, аштық пен халықтың басқа елдерге жапырыла көшуінен кейін өткізілгені белгілі. Ол санақтың нәтижелеріне саясат та, санақшылардың дұрыс тәжірбиесінің болмауы да теріс әсерін тигізді. Өткен он санақтың екеуі - 1937 мен 1939 жж. - «ұрланған» санақтар болып есептеледі. Аштық пен жаппай қуғын-сүргіннің салдарынан КСРО халқының кемігенін көрген Сталин бұл санақтардың «нәтижелерін» жариялауға тыйым салады. Екінші дүниежүзілік соғыстың аласапыранында кейбір деректер бойынша қырық миллионға дейін халқынан айрылған Кеңес үкіметі қорқа-қорқа келесі санақты тек 1959 жылы өткізді. Оның да деректеріне мамандардың айтары көп. Басқаға қарағанда «дұрыс», «таза» өтті деп 1970, 1979 және 1989 жылғы санақтарды атай аламыз. Тәуелсіздік кезеңінде өткен 1999 жылғы санақты орыстар «біздің санымызды әдейі кемітті» деп мойындамаса, 2009 жылғы науқанды осы себепті қазақ көпшілігі мойындамай отыр.

Соған байланысты болар, біздің санақшылар 2009 жылдың деректерін тек 1959 жылдан кейін өткізілген санақтардың деректерімен ғана салыстыруды жөн санапты. Ондағысы қазақтар сталинизм қылмыстарына назар аудармасын, мәселені саясиландырмайық дегені болар...

Халық санақтарының деректері бойынша Қазақстан Республикасы халқының саны

 

адам, пайызбен

Халық санағы өткен жыл

Барлық халық

%-бен

Қала халқы

%-бен

Ауыл халқы

%-бен

1959

9303801

100

4138651

44,5

5165150

55,5

1970*

13026274

100

6636116

50,9

6390158

49,1

1979*

14709508

100

7980457

54,3

6729051

45,7

1989*

16232324

100

9269000

57,1

6963324

42,9

1999*

14981281

100

8455783

56,4

6525498

43,6

2009*

16009597

100

8662432

54,1

7347165

45,9

*  деректер Байқоңыр қаласын қоса қайта есептелген

 

Жоғарыдағы кстеде көрсетілген деректерді талдап көрелік. 2009 жылғы санақ деректеріне сенсек, ел тұрғындарының саны 16009597 адамға жетіпті. 1959 жылмен салыстырғанда Қазақстан халқының саны  6705796 адамға өскен екен. Негізінен бұл өсім соғыстан кейін қазақтардың жанталасқан демографиялық дүмпуі  мен коммунизм құрылыстарына, тың игеруге көптеп әкелінген комсомолдар мен қылмыскерлердің арқасында пайда болды. Қазақстандықтардың саны тек КСРО ыдырап, орыстілділердің өз отандарына жапырыла көшуі кезінде ғана төмендеді. 1989 жылғы халық саны 1999 жылы 1251043 адамға кемігенін көреміз. Өткен он жылда Қазақстан халқы 1989 жылғы сандық деңгейіне қайта жетті. Негізінен бұл өсім - қазақ халқының өсімі болып табылатыны ешкімнің дауын туғызбас.

Тағы бір маңызды мәселе - урбанизация үдерістері. 1959 жылдан 1989 жылға дейін еліміздегі қала тұрғындарының саны тұрақты түрде ұлғайып келген. Кеңес өкіметі құлаған кезде орыстілділердің көптеп көшуі қала мен ауыл тұрғындарының балансына кері әсерін тигізді. Қалаларда «босаған» орынға құлдыраған қазақ ауылының тұрғындары келе бастады. Қисынға салсақ, ауылдықтардың саны кеміп, қалалықтардың үлесі ұлғаюы тиіс болатын. Алайда, іс жүзінде олай болмады. Қазақстандағы біраз қалалардың мәртебесі кент деңгейіне дейін төмендеді. Осы себепті болар ауыл-қала балансы аса үлкен өзгеріске түспеді. 1989 жылы ел тұрғындарының 57,1 пайызы қалаларда тұрса, бүгінгі күні олардың үлесі 54,1 пайызға дейін төмендеді.

 

Халық санының өзгеруі (өсуі +, кемуі-)**

адам

Халық санағы өткен жыл

1970

1979

1989

1999

2009

Барлық халық

3722473

1683234

1522816

-1251043

1028316

Қала халқы

2497465

1344341

1288543

-813217

206649

Ауыл халқы

1225008

338893

234273

-437826

821667

** алдыңғы санақ өткен жылға

 

 

Тағы бір назар аударарлық мәселе - аймақ-аймақтардағы демографиялық өзгерістер. 1999 жылдан бері өткен он жылда Республика халқы 6,9 пайызға өскені анық. Аймақтардағы демографиялық өзгерістер бірдей болған жағдайда облыстардың барлығында халық саны осы шамада өсуі тиіс еді. Алайда, еліміздің аймақтарындағы жағдайдың бірдей емес екені хақ.

1999-2009 жылдар аралығында Қазақстанның 7 облысы, Алматы және Астана қалалары тұрғындарының саны артқан. Өсім, байқап отырсақ, негізінен қазақтар мекендеген аймақтардың арқасында мүмкін болып отыр. Мысалы, осы кезеңде Ақтөбе облысы тұрғындарының саны 11 пайызға, Алматы облысы - 16,1, Атырау облысы - 15,9, Жамбыл облысы - 3,4, Қызылорда облысы - 8,6, Маңғыстау облысы - 54,3, Оңтүстік Қазақстан облысы - 24,8, Астана қаласы 86,7 және Алматы қаласы 20,8 пайызға өскен. Бұл қатарда айрықша көзге түсетін аймақ - Маңғыстау облысы. Ондағы демографиялық өсім жергілікті халықтың демографиялық белсенділігі мен оралмандардың көптеп келуімен тікелей байланысты екені түсінікті дүние болар.

 

Өңірлердегі халық саны және орналасуы

 

Барлық халық, адам

 

1999

2009

в %

Қазақстан Республикасы

14981281

16009597

106,9

Ақмола

827254

737495

89,1

Ақтөбе

682558

757768

111,0

Алматы

1557269

1807894

116,1

Атырау

440286

510377

115,9

Батыс Қазақстан

616800

598880

97,1

Жамбыл

988840

1022129

103,4

Карағанды

1410218

1341700

95,1

Қостанай

1017108

885570

87,1

Қызылорда

624991

678794

108,6

Маңғыстау

314669

485392

154,3

Оңтүстік Қазақстан

1978339

2469357

124,8

Павлодар

806983

742475

92,0

Солтүстік Қазақстан

725980

596535

82,2

Шығыс Қазақстан

1531024

1396593

91,2

Астана қ.ә.

328341

613006

186,7

Алматы қ.ә.

1130621

1365632

120,8

 

 

Дәл осы кезеңде орыстілділердің саны молдау Ақмола облысы халқының саны 10,9 пайызға, Батыс Қазақстан - 2,9, Қарағанды облысы - 4,9, Қостанай облысы - 12,9, Кереку облысы - 8, Солтүстік Қазақстан облысы - 17,8, Шығыс Қазақстан облысы - 8,8 пайызға азайған. Яғни бүгінгі күннің басты мәселесі - өңірлердің саяси, әлеуметтік, экономикалық дамуына халық санының кемуінің кері әсерін тигізбеуі болып табылады. Бұған қол жеткізу үшін адам саны азайған облыстарда ұлттық мүддеден туындайтын  демографиялық және миграциялық саясат жүргізу қажет. Оралмандардың негізгі легі оңтүстік аймақтарға емес, дәл осы солтүстік өңірлерге бұрылуы абзал.

Өңір-өңірдегі урбанизациялық үдерістер де әр-түрлі деңгейде дамуда. Соңғы он жылда аймақтардағы қала халқының саны тек Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында ғана өскен. Қалған аймақтарда, керісінше, ауыл тұрғындарының саны артып отыр екен.

 

Өңірлердегі халық саны және орналасуы

 

Жалғасы

қала халқы

в %

ауыл халқы

в %

1999

2009

1999

2009

Қазақстан Республикасы

8455783

8662432

102,4

6525498

7347165

112,6

Ақмола

380522

341915

89,9

446732

395580

88,5

Ақтөбе

377603

461050

122,1

304955

296718

97,3

Алматы

464953

416858

89,7

1092316

1391036

127,3

Атырау

242673

238936

98,5

197613

271441

137,4

Батыс Қазақстан

251670

277751

110,4

365130

321129

87,9

Жамбыл

452023

404535

89,5

536817

617594

115,0

Карағанды

1158706

1040203

89,8

251512

301497

119,9

Қостанай

554112

439554

79,3

462996

446016

96,3

Қызылорда

389781

284248

72,9

235210

394546

167,7

Маңғыстау

246848

263182

106,6

67821

222210

327,6

Оңтүстік Қазақстан

793241

972072

122,5

1185098

1497285

126,3

Павлодар

511448

504579

98,7

295535

237896

80,5

Солтүстік Қазақстан

274744

237436

86,4

451236

359099

79,6

Шығыс Қазақстан

898497

801475

89,2

632527

595118

94,1

Астана қ.ә.

328341

613006

186,7

0

0

0

Алматы қ.ә.

1130621

1365632

120,8

0

0

0

 

Келесі мақала Қазақстанның этникалық жағдайы туралы болмақ...

«Абай-ақпарат»

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5641