Тергеу Досқалиевті қамауда ұстау мерзімін 3 айға дейін ұзартуды сұрап отыр – адвокат
Астана. 23 қараша. ҚазТАГ – Денсаулық сақтау экс-министрі Жақсылық Досқалиевтің ісі бойынша тергеушілер оның қамауда болу мерзімін 3 айға дейін ұзартылуын сұрап отыр, деп экс-министрдің адвокаты Эдуард Шомпиев мәлім етті.
«Тергеу прокуратураға оның қамаудағы мерзімін 3 айға дейін ұзарту туралы, яғни 2-ші қаңтарға дейін ұзартуды сұрап, өтініш жасап отыр», - деді Э. Шомпиев сейсенбі күні ҚазТАГ-қа берген сұхбатында.
Одан басқа ол «барлық адвокаттар (Ж. Досқалиевтің – ҚазТАГ) комиссия (сотмедициналық сарапшылардың – ҚазТАГ) қорытындысымен келіспейтінін» жеткізді.
«Біз қазір ол қорытындының көшірмесін бізге беруін сұрап өтініш жасамақшы едік, мен тек қорытындыларды ғана оқыдым, тиісінше, мамандар мен медиктерге онда не дұрыс істелмеуі мүмкін екендігін көрсету үшін», - деді ол.
«Олар (сотмедицналық сараптама – ҚазТАГ) оған барды, оны 10-15 минутта тексерді. Қалайша осындай қысқа уақытта объективті қорытынды жасауға болатыны бізге қызықты. Сондықтан мен ол сарапшылардың қорытындыларының дұрыстығы туралы жауап беруге қиналамын», - деді адвокат.

Экс-министрдің қорғаушысы «зерттеулер жүргізген ресейлік медиктер 12 күн өткен соң келді, ал сотмедициналық сараптама оны қамауға алған соң екі айдан кейін жүргізілді. Әрине, ол (Ж. Досқалиев – ҚазТАГ) жай қарап жатқан жоқ, ол өзін қалпына келтіру бағытында әр түрлі таблеткалар ішуде, емделуде, тиісінше, емде қандай да динамика бар».
Ж. Досқалиевтің денсаулығы туралы айта келіп, адвокат: «Мен кеше ғана басқа адвокаттармен онда болдым... Сырт көзге оның оң қолының саусақтары сол қолының саусақтарына қарағанда ісіп тұрғаны байқалады. Дәрігерлер оның көп жатқандықтан семіп бара жатқан жерлерін жандандыру үшін «быламық көже» тағайындап кетті...».
Э. Шомпиевтің айтуынша, экс-министр әлі күнге медблокта жатыр. Еске салсақ, өткен аптада қаржы полициясы сот-медициналық сараптама қорытындысын жариялады. Ол бойынша, денсаулық сақтау экс-министрінің сол жағы сал болды деген диагноз расталмапты.
Қаржы полициясының мәліметтерінше, комиссия Ж. Досқалиевті 9-шы қарашада Астана тергеу абақтысында тексерген. Және оның ауруының 2000-шы жылдан бергі тарихын, құрамында ресей және қазақстандық мамандар болған тәуелсіз комиссияның қорытындыларын тексерген.
Сараптама нәтижелерінде сарапшылар комиссиясы келесідей қорытындыға келген: ұлттық ғылыми-медициналық орталықтың дәрігерлері, Ж. Досқалиев аталған мекемеде емделген, 2010-шы жылғы 26-шы қыркүйек пен 12-ші қазан аралығында «ми қан айналымының күрт бұзылуы» деп қойған диагнозы шындыққа жанаспайды.
Сарапшылардың қорытындысы бойынша, Ж. Досқалиевтің «... сол жағындағы бұлшық ет жұмысында өзгеріс жоқ, сол жағының бұлшық еттерінің семіп қалуы анықталмады, пациент аз уақытқа сол қолын және аяғын өз бетінше құлаудан ұстай алады», ал ол дегеніңіз - сол жағының гемиплегиясын немесе сол жақ денесінің сал болып қалды деген диагнозды жоққа шығарады. Сөзінде қандай да өзгерістер байқалмайды».