Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2251 0 пікір 24 Қараша, 2010 сағат 06:17

ҚР премьер-министрін ресми сапармен Душанбеде күтуде

Астана. 24 қараша. ҚазТАГ – Айгүл Түлекбаева. ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов сәрсенбі күні ресми сапармен Тәжікстанға барып, онда Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) үкімет басшылары кеңесінің (ҮБК) отырысына қатысады.

Премьер-министрдің баспасөз қызметінің мәліметтерінше, К. Мәсімов Тәжікстан президенті Э. Рахмонмен кездесіп, Тәжікстан премьер-министрі Акил Акиловпен келіссөздер жүргізіп, Пәкістан премьер-министрі Сайед Юсуф Раза Гиланимен кездеседі, сондай-ақ қазақстан-тәжікстан бизнес-форумның ашылуында қатысады.

Ресми сапар қорытындысында екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланған. Тараптар өңірдегі экономикалық ынтымақтастық пен қауіпсіздік мәселелері жөнінде пікір алмасады.

Ал ШЫҰ ҮБК отырысы Душанбеде бейсенбі күні, 25-шы қарашада өтеді. Тәжікстан СІМ мәліметтерінше отырысқа К. Мәсімов, ҚХР мемлекеттік кеңесінің төрағасы Вэнь Цзябао, Қырғызстан президенті Роза Отунбаева, Ресей Федерациясының үкімет төрағасы Владимир Путин, Тәжікстан премьер-министрі Акил Акилов  және Өзбекстанның вице премьер-министрі Б. Хаджаев қатысады.

Бейсенбі күні, 25-ші қарашада, сапар бағдарламасына сай, К. Мәсімов КХР мемлекеттік кеңесінің төрағасы Вэнь Цзябаомен кездеседі.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2077
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4949
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4159