Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2717 0 пікір 25 Қараша, 2010 сағат 06:15

Сенат заңнамаға келесі жылдың 1-ші қаңтарынан бастап зейнетақыны 30%-ға көтеруге бағытталған түзетулерді қабылдады

Астана. 25 қараша. ҚазТАГ – Елена Преображенская. ҚР парламент сенатының депутаттары бейсенбі күні «ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңға толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заңды қабылдады. Ол бойынша 2011-ші жылдың 1-ші қаңтарынан бастап зейнетақылық төлемдер 30%-ға артатын болады.

Бұрын хабарланғандай, аталған түзетулер мемлекет басшысының 2008-ші жылғы 6-шы ақпандағы Қазақстан халқына жолдаған – «Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын көтеру – мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаты» атты жолдауына сай әзірленгенді.

Жолдауды іске асыру мақсатында, 2011-ші жылы 1-ші қаңтардан зейнетақы мөлшері 30%-ға артатын болады.

Сөйтіп, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтерінше, 2011-ші жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері Т24047, орташасы – Т35950, ең үлкені – Т52226 болады. Бүгінге Қазақстанда барлығы 1 млн 640 мың зейнеткер бар да, олардың 500-і - ең төменгі, 90 мыңы - ең жоғарғы зейнетақы алады.

«Зейнетақы мөлшерін 30%-ға көтеру, зейнетақылық төлемдерді есептегенде ескерілетін ең жоғарғы кіріске қойылған шектеуді АЕК-лік (1АЕК – 1413 теңге) 32 еседен 39 есеге дейін, ал әскери қызметкер зейнеткерлер үшін АЕК-нің 86 есесінен 104 есесіне дейін көтерілгені қазір зейнеттегі зейнеткерлер мен жаңадан шығып жатқан зейнеткерлер үшін бірдей жағдай тудырады», - делінген комитеттің қорытындысында.

Заң жобасын іске асыруға қажет қосымша қаражат «2011-2013-ші жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңында қарастырылған.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592