Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2638 0 пікір 26 Қараша, 2010 сағат 03:46

Өркен Кенжебек. «Кіші жүздің жиыны» Кіші құрылтай болып шықты...

Айтпағымыз, осыдан бір айдай бұрын тараған «Оралда Кіші жүз қазақтарының құрылтайы өтеді» деген лепестің ағайынды алатайдай бүлдіргені бар. Бастаманы қазақы сандыраққа балап, жікке бөлінудің ескі де жаңа түрі деп қарсылық білдіріп жатқандар мен қос қолын көтеріп қолдаушылар да молшылық. Мәселенің ушығып бара жатқаны соншалық, Мәжіліс жиынында депутат Уәлихан Қалижан ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаевқа депутаттық сауал жолдап, осынау алыпқашпа әңгіменің ақиқатын анықтауды сұрады. Халық қалаулысы қолын безеп тұрып, «Жер астынан жік шықты, қос құлағы тік шықты» дегендей  Батыс қазақтарын  территориялық жағынан бөліп алуға ұмтылған топтың көздегені не? Бөлшектеп бөлінудің  артында не тұр? Онсыз да ат төбеліндей аз қазақты бөлу кімге қажет болды? Үй ішінен үй тіккісі келетін, елдің бірлігін ыдыратып, тәуелсіздігіне қауіп төндіргісі келетін топқа да, ұйымға да Қазақстанда орын болмауы тиіс», - деп ашынды сонда. Іле-шала осы құрылтайдың арқасында атын «атаққа» бөлеген, Оралдық «Жұмадағы жүздесу» басылымының бас редакторы Қажымұқан Ғабдолламен байланысқа шықтық. Көкейіміздегі сауалдарымызға кесімді жауабын ол айтты...

-  Қажеке, сонымен, «Кіші жүз қазақтарының құрылтайы» деп жарнамаланып кеткен жиынның шартты атауы қазір қалай өзгерді?

-  Нақтырақ болсақ, бұл «Ұлтшыл реформаторлар платформасының құрылтай шақырылымы» деп аталады. Алдымен осы Батыс өңірінің бес облысындағы ұлтшыл азаматтардың басын қосып, бірінші шақырылымды жинамақпыз. Әрі бұл басқа бір басылымдар бұрмалап жазып кеткендей, «Кіші жүз қазақтарының құрылтайы» емес, Кіші құрылтай. Екеуінің арасында ен айырма бар, біліп отырсаңыздар. Әрі бұны тек Батыс өңіріндегі ағайындардың бастамасы деп емес, халықтық, азаматтық бастама деп білген жөн.

Енді бұл бастамаңызды кімдер қолдап отыр?

-  Қазір біраз облыстардағы ұлтшыл азаматтар бастамамызды толықтай қолдап отыр. Айталық, Алматыда Мұхтар Шаханов, Қуаныш Мұқтай секілді ағаларымыз, Аягөзде Аман, Шымкентте Әуелхан, Астанада Уәлихан Қайсар бастаған азаматтар дегендей... Алдымен кіші құрылтайымызға Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының ұлтшылдарын жинап, оған қоса әр облыстан 2-3 адамнан қонақ ретінде шақырып отырмыз. Бұл жиынға Ресей қазақтары да қатысуға ниет танытып отыр. Орынбор қазақтары тіпті құрылтайды Орынборда өткізейік деп қолқалап жатыр.

Құрылтайда қандай мәселені көтереміз деп отырсыздар?

-  Біріншіден, байланыс. Бұл дегеніңіз, барлық облыстардағы ұлтшыл азаматтарды бір-бірімен жедел байланыстыратын желі қалыптастыру деген сөз. Тағы бір айтарым, біз әр облыстан 2-3 азаматтан сайлап алып, қоғамдық парламент құрамыз деген ой бар. Бұнда қоғам, ел өміріне қатысты елеулі ұсыныстар дайындап отырмақпыз. Айта кетерлігі, бізді құрылтайда бастық, төраға деген атымен болмайды. Барлығы бірдей. Барлық саяси партияларға «келіңдер» деп шақырту жібердік. Қабылдай ма, қабылдамай ма, ол енді өз шаруалары...

- Сонымен, құрылтайды қай мезгілге жоспарлап отырсыздар?

- О басында қаңтардың 22-23 жұлдызына межелегенбіз. Бірақ, қыста суықтау болар деп, оны көктемге қарай, наурызда өткізсең деп өтініш айтып жатқандар бар. Сондықтан, сол наурызға қарай болар, бұйырса.

Сарапшы сөзі

Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы:

- Бұл енді болмайтын әңгіме. Құрылтайды қолдамаймын. Жарайды, бір-бірімізді, жегжатымызды, жеті атамызды білуіміз жөн шығар. Бірақ саясатқа келгенде, заңда жазылған жолдармен жүру керек. Бізді біріктіретін ру-тайпа емес, саяси мақсат. Басымызды қосатын саяси арман десе де болады. Құрылтайшылар партия я қозғалыс құрып жатса, әңгіме басқа. Ал, құрылтайға жиналдық дейік, онда шешім қабылданса, оны қалай жүзеге асырады? Заңдық күші жоқ қой... Демек, бұның бәріне берер анықтамам - «романтика». Құрылтай деген өткен дәуірдің елесі ғана, қазір бәрін заң жолымен жасау керек екені белгілі шығар. Екіншіден, осы жиын төңірегінде жөндеп түсіндіру жұмыстары болмаған соң, басқа азаматтар тарапынан түсініспеушілік туындап жатыр. Бір-біріне сенімсіздікпен қарай бастады. Бұл енді, қауіп емей немене?

«Халық сөзі» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1492
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3261
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5584