Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3459 0 пікір 29 Қараша, 2010 сағат 04:16

Қазақстан Қарабах шиеленісінің мәселесі саммиттің қорытынды құжатында көрініс табады деп үміттенеді

Астана. 28 қараша. ҚазТАГ - Елена Преображенская. Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы ретінде таулы-карабахтық қақтығыс мәселесі астаналық саммит қорытынды құжатында көрініс табады деп  үміт етеді, деп ЕҚЫҰ арнайы өкілі, ҚР СІМ орынбасары Константин Жигалов мәлім етті.

«Қалай болғанда да біз, бұл мәсел (таулы-қарабах шиеленісі – ҚазТАГ) дұрыс көтеріліп, саммит құжаттарында жалғыз мүмкін боларлық тура көрініс табуы үшін  позитивті үлес қосуға белгілі бір әрекеттерге талпыныс жасап көреміз. Бұл біздің қолымыздан келеді деп үміт етеміз», - деді К. Жигалов жексенбі күнгі брифинг барысында.

Төрағаның арнайы өкілі «шиеленіс тақырыбы – ол шолу конференциясы барысында талқыланған өте күрделі тақырып болды», деп атап өтті.

«Созылмалы шиеленістер – бұл алдыңғы төрағалардан келесі төрағалыққа мұра болып қалып отырған тақырып. Бәлкім сіздер назар аударған боларсыздар, қазақстандық төрағалық олардың алдыңғы төрағалықтарға қарағанда өзінің далалық миссиясын, біздің көзқарасымызша, төраға баруы керек деген дәл сол аудандардан бастады.

Қазақстандық төрағалық тізбекті түрде Әзербайжанға, Арменияға және Грузияға барды, яғни, осы мәселеге орасан зор мән бере отырып, біз дәл содан бастадық», - деп атап көрсетті ол.

Осыған байланысты К. Жигалов, «іс басындағы төрағаның қақтығыстар жөніндегі арнайы өкілі, елші Болат Нұрғалиевтің жұмысы оң бағадаланады. Ол Женевадағы пікіріталас қажет бағытта өрбуіне айтарлықтай күш-жігерін жұмсады», деп атап көрсетті.

Одан басқа, министр орынбасарының айтуынша, Қазақстан Ұйымның төрағасы ретінде «гуманитарлық мәселелерді шешуге өте үлкен мән берді және мұнда көп нәрсе шешілді».

«Днестр жағалауындағы реттеулер аясында біз биыл көктемде Астанада «5+2» аясындағы кездесу өткіздік. Ол үдерістің қалыпты арнаға түсуіне, оның осы форматтағы формальды пікірталас болуына үлкен күш-жігер жұмсадық», - деді ол.

Өз кезегінде ЕҚЫҰ бас хатшысы Перрен де Бришамбо «бұл екі мемлекет бейбітшілік пен ынтымақтастық атмосферасында өмір сүруі үшін, парақты аударып тастайтын уақыт жетті» деп айырықша атап көрсетті. «Оны іске асыру үшін, әрине, қарабах шиеленісін реттеу керек», - деді ол.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566