Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2391 0 пікір 7 Желтоқсан, 2010 сағат 08:09

Қымбат Қалауова. Өсетін әкім теледидарды тұрып көреді...

Астанада өткен саммитке Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев елден ерек, ерекше «құрмет» көрсетті. Әкімнің саммитке деген сүйіспеншілігі кабинетіне сыймай, Қырымбек мырзаны Ақтаудың орталық алаңына алып шығып, саммиттің пленарлық отырысы аяқталғанша аяғынан тік тұрғызып, тапжылмай теледидар тамашалатты. Үлкен кісі сөз сөйлеген кезде Қырекең ерекше құмарланып, толқып, елі мен елбасына деген айрықша сезімдерін жасыра алмады дейді көзбен көргендер. Не деген «мемлекетшілдік»!

Өзге облыстардағы әріптестерінің алдын орап, есті басқа кіріп, шықпаған жаңа «даңғыл» жолды ойлап тапқан Қырымбек Көшербаевтің саммитке деген ыстық махаббаты бүкіл қалаға жайылып, облыс әкімінің саммитке деген сүйіспеншілігіне сызат түспесінші деп, көңілін қимаған қала тұрғындары мен студенттер де өз ырқымен алаңға жиылып, саммитті көріп «бір жасап қалды». Абырой болғанда, Ақтауда Кереку не Қызылжардағыдай сары шұнақ аяз бен боран жоқ, саммиті болса небары екі күн өтті.

Негізі, Қырымбек мырзаның саммитке сүйіспеншілігінің астарында «иілген басты қылыш шаппайды» деген ұстаным жатса керек. Қоңыр күздің алғашқы айларында «үкіметте өзгеріс әне-міне болады екен» деген сөз желдей ескен. Соңынан «саммит өткен соң ауыс-түйісті бастайды-мыс» деген әңгіме тағы шыққан. Соның бәрі әкім Қырымбектің сақ құлағы мен «сергек» санасына ел ішіндегі сөзден бұрын жетсе керек. Содан үкіметтің салқыны маған тие ме деген бойдағы үрейді жеңілдетудің жолын таппай дағдарып отырғанда, елді жинап, алаңда саммитті теледидардан тамашалау керек деген «данышпан» идея әкімнің басына сақ ет қалған ғой.

Тікесінен тік тұрып теледидар тамашалаған Қырымбек Елеуұлы соның арасында сөз сөйлеп, сөзінің аяғын жастарға қаратып бүй депті:

- Сіздер, жастар, осындай тәуелсіз елдің, қазақ жерінің ұрпақтары екендеріңізді шын жүректен мақтанышпен айтуға мүмкіндіктеріңіз бар. Қуаныш құтты болсын!, - депті.

Алла-ай, Астанада саммит өтпегенде жастар өз елімен, жерімен мақтана алмай қалғандай екен тіпті, осынау елдің ұланы екенін мақтаныш сезімімен сезе алмай қала жаздапты. Қырымбек Елеуұлы болмағанда жасөспірім ұрпақтың отансүйгіштік сезімі қараң қалғандай екен-ау. Міне, болар әкім...

Қырымбек Көшербаевтың «тапқырлығына» таңдай қақпасқа шара жоқ. Бұ кісінің табан астында тамаша нәрсе ойлап тапқаны басқа облыс әкімдерінің ішіне шоқ болып түскен шығар-ау. Олар күйіктен ішіп кетпесе болды...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5440