Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4010 0 пікір 8 Желтоқсан, 2010 сағат 07:01

Нұра Матай. Қарақалпақ ат басын Қазақстанға бұрғалы отыр

Ең әуелі Қарақалпақстан қызылдардың тұсында 1925 жылдан 1930 жылға дейін Қазақстанның құрамында болған. 1932 жылы автономия дәрежесін алды. Ал, 1936 жылы Өзбекстанның құрамына енгізілді. Содан бері көрші елдің қарамағында.

Сөйткен Қарақалпақтың қазіргі жағдайы тым мүшкіл екен. Тіпті, қараша айында кішігірім халық толқуы да болып өткен. Оған Шымбай ауданында орналасқан «Шымбай май» мекемесінде орын алған оқиға себеп болса керек.

Аспан құлап жерге түсіп жатса да, сыртқа тырс еткен хабар шығармайтын Өзбекстанның ақпараттық қырағылығынан қашып-пысып шыққан үзік мәліметтер ғана Қарақалпақтың Шымбайындағы шындықтың  белгісі болып тұр.

Сонымен, бүтін бір қаланы асырап отырған «Шымбай май» кәсіпорны жабылады. Мұны естіген жұрт жан-дәрмен күреспекке бел байлайды. Сөйтіп, кәсіпорын жұмысшылары мекеменің мүлкін тиемекке келген жүк тасушылар мен саудагерлерді ә деген де балағатаған. Әр жағы өзінен-өзі төбелеске сұранып тұрған жағдай болғандықтан жүз қаралы адам қатысқан майдан басталып кеткен. Соның арасында кәсіпорында істейтін жас жігіттер зауытқа өрт қойып жіберген. Отты көре сала екі өкпесін қолына алып жеткен өрт сөндірушілерді ашынған жұрт отқа оранған зауытқа жібермей қойған. Төбелестің толқуға ұласқанын көрген жергілікті билік ОМОН шақыртып толқудың бел ортасында жүргендерді де, қызықтап тұрғандарды да күшпен таратқан.

Осындай ақпарат таратып отырған Ферғана.ру сайты Қарақалпақстанда тіршілік етудің күн сайын қиындап бара жатқанын жаза келіп, қарақалпақтардың арасында «Қазақстанға қайта қосылатын күн жетті-ау, шамасы» деген ауандағы әңгіме бар екенін астын сызып көрсетеді. Бірақ, мұның астарында қарақалпақтардың тәуелсіздігі үшін күресі емес, Қазақстанға қоныс аудару ойы жатқаны аңғарылады дейді Ферғана.ру.

Қарапқалпақтың көп бөлігі қазақ. Жалпы Өзбекстанда миллионнан астам қазақ бар екені белгілі. Соның басым бөлігі Қарақалпақстанды мекендеп отыр. Қарақалпақстанның жағдайы мүшкілденсе, ондағы бауырлардың халі нешік болатыны айтпай-ақ түсінікті. Ал, Өзбекстанның Қазақстанға көзқарасының қашанда қыңыр, қыли болып келетіні тағы рас.

Қазірдің өзінде Қарақалпақстаннан елімізге 250 мың адам қоныс аударған. Қарақалпақстан халқының Қазақстанға ауа көшуінің бірнеше себебі бар. Бірінші, тіршілік етіп өмір сүрудің күн сайын қиындап, жыл санап мүмкін болмай бара жатқаны болса, екінші жағынан экологиялық  ахуалдың  діңкелетіп тастағаны. Қарақалпақстан жерінің 80 пайызы шөл дала. Онымен қоса, Арал теңізінің оңтүстігінде орналасқандықтан Аралдағы  экологиялық дерттің  эпицентрі де болып отыр.

Ал, Өзбек өкіметі Қарақалпақстанды ұмыт қалдырған. Бұл елдегі әр саладағы мәселелердің қордаланып қалғаны соншалық, халық Қазақстанға бет алған ұлы көшті тоқтатар емес. Кейбір сарапшылардың ойына жүгінсек, Өзбек билігінің автономияны Құдайға тапсырып қарап отыруында гәп бар көрінеді. Гәп - табиғи газ қорында. Қарақалпақ жерінің асты табиғи газдың мол қоры екені атамзаманнан белгілі. Сол табиғи байлықты шығынсыз игеру үшін де автономиялық елге әдейі мойын бұрмай отыр деген пікірлер бар.

Қарақалпақстанның о баста Қазақстанның құрамында болғанын сөздің басында айттық. Кейінгі тағдыры сонда баян. Тарихи деректерге қарағанда, қызылдар өкіметі шекара бөлінісін аймақтағы жағдаймен санаспай,   ел мен жер тарихына үңіліп зерттеп жатпай, қызыл қарындашпен сүйкетіп сыза салған. Соның кесірінен Қарақалпақ бүгінгі күйге душар болып отыр деуге де негіз бар.

Ал, Өзбекстан Қарақалпақ жерінен алып отырған табиғи байлықтардың пайдасын автономиямен ешқашан бөліске салғысы жоқ. Қарақалпақтар болса, Өзбекстаннан бөлініп шығу мүмкін емес екенін әдбен біледі. Ендігі үміт - Қазақстанда.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5478