Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1979 0 пікір 8 Желтоқсан, 2010 сағат 07:11

Дәурен Қуат. Орыстың ойындағы 2017 жыл...

Рок-музыкамен әуестенетін орыстың гламурлау президенті Медведев   тасада қалып саясат сахнасына Путин қайтып оралды. Жо-жоқ, Путин Барыс (Борис Ельцин) патша тақтан тайғаннан бері саясат сахнасының сәні болып алған, түскен жоқ. Тек РФ президентінің қосалқы ролін ойнап көрмек болды. Бірақ ол роль Путьинге жараспайды екен. Жараспайды деп жай айтып отырмыз,  Путин дублердің міндетін атқара алмады. Оның үстіне, Ресейдің қазіргі президенті Медведев арынды Путиннің алдында өзін ыңғайсыз сезіне ме, әлде Кремль тағындағы тағыдырына кездейсоқ жолыққанын қанағат тұта ма, әйтеуір, біріншіліктен тайсақтай беретінін байқатып қояды. Иә, оны Путин мұрагері етіп биікке көтерген де Путин феномені еді. Путиншілдікті дәріптеу арқылы ғана ол саяси элитаны ықтырып халыққа ұнауға болатынын кезінде қапысыз түсінді. Есімізде, Ресейдегі президент сайлауының барысында танауының желбезегін жайып сөйлейтін Медведев: «Мен Путин үкіметімен жұмыс істеуге дайынмын» деген еді. Сол кезде-ақ орыс патшасының нақты кім екені аңғарылған.

Рок-музыкамен әуестенетін орыстың гламурлау президенті Медведев   тасада қалып саясат сахнасына Путин қайтып оралды. Жо-жоқ, Путин Барыс (Борис Ельцин) патша тақтан тайғаннан бері саясат сахнасының сәні болып алған, түскен жоқ. Тек РФ президентінің қосалқы ролін ойнап көрмек болды. Бірақ ол роль Путьинге жараспайды екен. Жараспайды деп жай айтып отырмыз,  Путин дублердің міндетін атқара алмады. Оның үстіне, Ресейдің қазіргі президенті Медведев арынды Путиннің алдында өзін ыңғайсыз сезіне ме, әлде Кремль тағындағы тағыдырына кездейсоқ жолыққанын қанағат тұта ма, әйтеуір, біріншіліктен тайсақтай беретінін байқатып қояды. Иә, оны Путин мұрагері етіп биікке көтерген де Путин феномені еді. Путиншілдікті дәріптеу арқылы ғана ол саяси элитаны ықтырып халыққа ұнауға болатынын кезінде қапысыз түсінді. Есімізде, Ресейдегі президент сайлауының барысында танауының желбезегін жайып сөйлейтін Медведев: «Мен Путин үкіметімен жұмыс істеуге дайынмын» деген еді. Сол кезде-ақ орыс патшасының нақты кім екені аңғарылған.

Владимир Путин 1952 жылы туған. Қазір нағыз кемел шағында. Қайратты. Жігерлі.   Автокөлік атаулы көзіне түссе бітті құтыртып, құйқылжытып, құйындатып айдайды. Соңғы кездері ұшақтарды да ұшырып көрді. Бұның өзі «Міне, бүгінгі РФ премьер-министрі осындай: дүниеге сыймай барады. Асығыс.  Шабан уақыт қана оны тежеп тұр, әйтпесе әлгі жер апшысын қуырып жіберетін автокөліктер сияқты, көк бауырын тілігілеп ұшатын ұшақтар сияқты самғап-ақ кетер еді, қайтесің...» дегенді ескертеді. Путиннің пиаршылары осылайша «қағілез Путин» келбетін сомдай отырып бұғағы салбыраған Берлускониге (Италияның премьер-министрі), кәртамыш Меркельге (Германияның канцлері), караокемен ән салғанды ұнататын «көңілді сері» Кэмеронға (Ұлыбританияның премьер-минситрі) қыр көрсетіп қояды.

Геоэкономикалық саясатта Путин Батыс әлеміне қыр көрсетуді емес, қысым жасағанды ұнатады. Өйткені Батыс орыс жері арқылы тасмалданатын энергетикалық қуат көздеріне зәру. Осы күні Батыс жұрты от басы ошақ қасында жылы отырғысы келсе, Путинмен жылы қабақта сөйлесу керек екендігін амалсыз мойындауға көшті.  Ал, Путин өзі бір кезде сұмдық апатқа теңеген КСРО-ның үйіндісінен үлкен Ресей өкіметін қайта құруға құлықты екендігін әйгілей бастады. Бұл мақсатына Путин   Петр патша кейпінде қол жеткізбекке ұқсайды.

Интернет тұтынушы Ресей азаматтарының бірі Путинге сұрақ жолдайды. Былай деп:

- Владимир Владимырч, сіздің кабинетіңізде Петр патшаның нән суреті тұр екен. Сіз Петрді пір тұтасыз ба? Ол қатыгез адам болды, оны қалайша пір тұтасыз?

Сұрақ  беруші  тарихатан мағлұматы аз, тіпті еш нәрседен бейхабар, аңғал, орыс адамына тән мінезі қарадүрсіндеу жан болса да (сұрақтың қолдан ұйымдастырылуы әбден мүмкін) өте астарлы, терең сұрақ қойып отыр. Сұрақтың мәні  мынада: «Ол қатігез адам болды!»

Путин, әрине, сауалға жып-жинақы жауап қайтарған. «Ресейде  дарынды  билеушілер аз болған жоқ. Бірақ, орыс әлемін түбегейлі өзгерткен Петр патшаның  еңбегі ерекше. Ал, Петр біріншінің ел билеудегі дәстүрі  сол дәуірдің болмысымен үндеседі. Мысалы, біліммен ағарған Батыстағы    инквизациясыны алайықшы.  Батыс билеушілері не, елге шексіз мейіріммен қарап, жұмсақ болды ғой дейсіз бе?»

Сауалдың астары мен жауаптың қатпарынан қатігездікті насихаттап,   қатігез патша билігінің қанатын жаюды көксейтін орыс әлеміндегі   баяғы бұлдыр сағынышты, империялық үстемдікті аңсап оянған махаббаты аңғарамыз. Петр өз дәуірінің дәрегейінде «Бірінші Петр» ғана емес, жан-жағын шауып, отарлап, Ресей тарихында  «Бірінші император» атанған болатын. Ол Каспий теңізін орта тұсына дейін кешіп келіп Ұлы далаға да дүрбі салып қайтқан еді...

«Құдайсыз қурайдың басы сынбайды». Қазақы мақалды саясаттың тіліне салып қайырсақ, саясаттағы тұлғалардың қолтығына біреу дым бүрікпесе албаты сөйлемесі белгілі. Петршілдік пен Путиншілдіктің жолы қандай екенін таяуда Ресей-Беларусь одағының мемлекеттік хатшысы Павел Бородин: «2017  жылы біз бұрынғы КСРО-ны қалпына келтіреміз» деген сөзімен айдай әлемге паш етті. Бородиннің болжамына сүйенсек, 2017 жылы КСРО қалпына келіп Ресейге Батыс әлемі де бас иетін көрінеді. «Мен «Единый Росии», «Спарведливый Росии» партияларының, тіпті КПРФ-ның да мүшесі емеспін, мен Совет Одағының коммунисімін» деп кеудесін тоқпақтаған Бородин «2017 жыл жақындап қалды, біз КСРО кеңістігін жаңадан жасақтап, Батысты да өзімізге қаратып алуымыз керек» деді Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатында. Бородиннің бұл сөзін алдымен «Интерфакс» агенттігі жариялап жіберді. Сосын оны орыс баспасөзі шулап шұрқырап іліп ала жөнелді.

Баспасөз мәслихатында Бородин 19 желтоқсанда болатын Беларуссиядағы президент сайлауы туралы айта келіп аталған елдегі оппозиция өкілдерімен кездесіп әңгімелескенін де жасырмапты. «Оппозицияшылар, - дейді Бородин, - Лукашенконы биліктен тайдыру жолында күш біріктірмек». Шамасы ол екі мемлекеттік арасындағы хатшылық қызметін   Кремльдің Беларусь президентіне қарсы ұстанып отырған саясатымен шатастырып алса керек.   Ресей тарапынан тағайындалатын бородиндердің хатшылық, кеденшілік (Кеден одағын еске алыңыз), төрағалық (ТМД) миссиясы түптеп келгенде Петршілдік, Путиншілдік мүддеге ғана лайықталғанын түсіну енді қиын емес шығар.

Орыстың ойындағы 2017 жыл қыр астында тұр. Ал, Қазақ билігінің ойында не бар? Тәуелсіздіктің туын жайқалтып елдің дәрпін асыру ма, әлде «үй өзімдікі демегін, үй сыртында кісі бардың» керіне бағып үнсіз, әрекетсіз отыру ма? Ресеймен терезе теңестіру ме, әлде ұлт мүддесін тізгіндеп орыс әлемінің шеңберінен шығармаудың   қамы ма?

1917 жыл... 2017 жыл... Жарты әлемді қан-жынға толтырған большевикетр төңкерісіне де бір ғасыр толып қалыпты-ау.

 

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5474