Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2783 0 пікір 9 Желтоқсан, 2010 сағат 04:57

Серік Жолдасбай. Қазақтың бірінші президенті Әлихан Бөкейханов үкіметінің құрылғанына 93 жыл толады

Алдағы дүйсенбі - желтоқсанның 13-і күні Орынборда құрылған Алашорда ұлттық үкіметіне 93 жыл толады. 1917 жылғы желтоқсанның 5-13 аралығында өткен Екінші қазақ-қырғыз құрылтайында ұлттық үкіметтің төрағасы, яғни қазіргі тілмен айтсақ, президенті болып Әлихан Бөкейхан сайланған еді.

«Өткен 27-інші декәбірде Луи Пастердың туылғанына жүз жыл болды. Пастер 28-інші сен­тебірде 1895 жылы өлді, 73 жасында. Пас­тер орыста Лев Николаевиш Толстой сияқты адам баласына көп қызметін жұмса­ған кісі», - дей келе, Әлихан Бөкей­хан: «Евро­паның газет, журналдары Пастер­дің туғанына жүз жыл толды деп, мұның кім екенін оқытушыла­рының есіне салды. Европада бұл бір жақсы әдет. Біз Европаның жақсы жолын қолданбақ болып, оқушыларды Пастермен таныс­тыр­мақпыз», - деген екен.

Бізде шама-шарқымызша «Ев­ро­­паның жақсы жолын қол­дан­бақ болып, оқушыларды алашордашылармен «таныс­тыр­мақ­пыз». Өкінішке қарай, басымыздан бақайшағымызға дейін ба­тыс­танса да, «жақсы әдетке» жарымай қойдық. Мә­се­лен, барлық БАҚ жабыла жазу­ға тиіс айтулы күнге арнап журналистер тарапынан мақала жазылмайды. Алаш­тықтардың «кім екенін оқыту­шыларының есіне салсақ», одан кімге қандай зауал келмек? Түсінбедік.

Алдағы дүйсенбі - желтоқсанның 13-і күні Орынборда құрылған Алашорда ұлттық үкіметіне 93 жыл толады. 1917 жылғы желтоқсанның 5-13 аралығында өткен Екінші қазақ-қырғыз құрылтайында ұлттық үкіметтің төрағасы, яғни қазіргі тілмен айтсақ, президенті болып Әлихан Бөкейхан сайланған еді.

«Өткен 27-інші декәбірде Луи Пастердың туылғанына жүз жыл болды. Пастер 28-інші сен­тебірде 1895 жылы өлді, 73 жасында. Пас­тер орыста Лев Николаевиш Толстой сияқты адам баласына көп қызметін жұмса­ған кісі», - дей келе, Әлихан Бөкей­хан: «Евро­паның газет, журналдары Пастер­дің туғанына жүз жыл толды деп, мұның кім екенін оқытушыла­рының есіне салды. Европада бұл бір жақсы әдет. Біз Европаның жақсы жолын қолданбақ болып, оқушыларды Пастермен таныс­тыр­мақпыз», - деген екен.

Бізде шама-шарқымызша «Ев­ро­­паның жақсы жолын қол­дан­бақ болып, оқушыларды алашордашылармен «таныс­тыр­мақ­пыз». Өкінішке қарай, басымыздан бақайшағымызға дейін ба­тыс­танса да, «жақсы әдетке» жарымай қойдық. Мә­се­лен, барлық БАҚ жабыла жазу­ға тиіс айтулы күнге арнап журналистер тарапынан мақала жазылмайды. Алаш­тықтардың «кім екенін оқыту­шыларының есіне салсақ», одан кімге қандай зауал келмек? Түсінбедік.

Луи Пастерге «адам баласына көп қызметін жұмсаған кісі еді» деп баға берген Әлекеңнің де еңбегі - ұшан-теңіз. Себебі, Әли­хан Бөкейхан саяси ұста­нымын ұлттың мүддесіне негіз­деп отырды. Мысалы, «Мен кадет партиясынан неге шық­тым?» деген мақаласында: «Кадет партиясы жер адамға мен­шікті болып берілсе де, жөн дейді. Біздің қазақ жерді мен­шікті қылып алса, башқұртша көрші мұжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып, жала­ңаш шыға келеді», - дей келе: «Кадет партиясы ұлт автономиясына қарсы. Біз алаш ұранды жұрт жиылып, ұлт автономиясын тікпек болдық», - дейді. 1908 жылы Әлихан Бөкейханның Петербор Массондығына кіргені бел­гілі. Оның Кадет партиясынан шығуы әлемдік деңгейдегі Массон ұйымынан бас тартуы еді.

Біздер алашордашыларды тек ағартушы немесе ғалым деп танимыз. Неге екені белгісіз, олардың саясаткерлігін айтуға келгенде сараңдық танытамыз. Мәселен, Ахмет Байтұрсынұлы. Бүгінгі жерімізге ие болуымызға 1920 жылы Ақаң мен Әлімхан Ермеков көп еңбек етті.

Ал рухани дамып, қалыпта­суымызға қосқан үлесін Мұхтар Әуезов: «Қазақ» газетінің сүтін еміп өскен бір буын осы күнде пікір білім жолында бұғанасы бекіп, іс майданына шығып отырса, кейінгі жас буын Ақаң салған өрнекті біліп, Ақаң ашқан мектепті оқып шыққалы табалдырығын жаңа аттап, ішіне жаңа кіріп жатыр», - деп бағалаған. Қазақ жас­тарының ұлтшыл болып тәрбие­ленуіне Ахмет Байтұр­сынұлы басқарған «Қазақ» газеті септігін тигізсе, алаштықтардың қалып­тасуына Абай Құнанбай­ұлының зор ықпалы болды. Оны алғаш ұлы ақын ретінде аңғарған және аңғарып қана қоймай, атының алты алашқа кеңінен танылуына да Әлекең бастаған алаш арыстары аянбай еңбек етті.

Оған Ахмет Байтұрсын­ұлының: «...Әлихан Бөкейханның айтуына қарағанда, Абай Еуро­паның: Спенсер, Луис, Дрепер деген терең пікірлі адам­дарының кітаптарын оқыған. Өлең жазушылардан орыстың Лермонтов деген терең пікірлі ақынының өлеңдерін оқыған. Сондықтан Абайдың терең пікірлі сөздерін қарапайым жұрттың көбі ұға алмай, ауырсынады», - деген сөзі дәлел болады.

Міржақып Дулатұлы: «Қаза­ғым менің, елім менің! Ең алдымен қазақ халқы - Ресейге тәуелді халық. Оның ешқандай правосы­ның жоқтығы ыза мен кек тудырады», - деп ашынады. 1907 жылы жазылған мақаладан автордың күйінішін байқаймыз. Ал арада он жыл өткенде: «Азаттық таңы атты. Тілекке құдай жеткізді. Күні кеше құл едік, енді бүгін теңелдік. Қам көңілде қаяудан арман қалған жоқ. Неше ғасырлардан бері жұрт­­тың бәрін қорлықта, құл­дық­та ұстаған жауыз үкіметтің өзгеге қазған оры өзіне шағын көр болып, қайтпас қара сапарға кет- ­ті», - деп алты алаштан сүйінші сұрайды.

Бүгінде БАҚ Екінші қазақ-қырғыз құрылтайын «жалпы­қазақ құрылтайы» деп жазып жүр. Негізінен, Алашорда ұлттық үкіметі қазақ пен қырғызға ортақ болатын. «Автономия алу - мемлекет болды дегенмен бірдей. Біз енді өз алдымызға мемлекет боламыз деп тұрмыз. Бірақ «боламыз» бен «болудың» екі арасы - жер мен көктей. Сондықтан «боламыз» деген соң, болуға аянбай қам қылу керек. Боламыз деп бола алмай қалсақ, дүниеде онан артық қорлық жоқ, кез келгеннің қолында кеткеніміз. Қолдан келмейтін іске арамтер болудың қажеті жоқ. Қолы­мыздан келеді деп тәуекелге бел байлаған соң, сол жолда иә өлу керек, иә көз­деген мақсатқа жету керек», - дейді Міржақып Дулатұлы.

Жоғарыда Ә.Бөкейханды «Алаш­­ор­даның президенті болды» деуіміз тегін емес. Оған Мір­жақыптың «Автономия алу - мемлекет болды дегенмен бірдей» дейтін пікірі негіз бола алады. Өйткені Алашорда ұлттық үкіметі 1917 жылдың аяғынан 1920 жылға дейін өзінің саясатын жүргізді. Осы жылдарда болшевиктер Алашордамен санасуға мәжбүр болды.

Өкінішке қарай, Алашорда үкі­меті төрағасының (премьер-ми­нистр. - Авт.) орынбасары қыз­метін атқарған Халел Ғаббасов туралы біле бермейміз. Ол Ленин мен Сталинге жазған жеделхатында: «2 сәуір күні комиссар Сталин арқылы тура, сымсыз тораппен жолдаған Халық комиссарлар кеңесінің көзқарасы қазақ халқы арасына аздаған жұбаныш әкелді. Алайда жергілікті халық­тың табиғи талабына өктемдікпен қарау жергілікті кеңес депутаттары тұрғысынан тыйылмай тұр. Қазақ ұйымдарын қудалау, олар­дың мүшелерін тұтқындау - қазақ жұртын алаң­датып, ұлттық араз­дықты өршітеді», - деді Халел Ғаббасов.

«Анархия толқыны бүкіл мемлекетті, үлкен қалаларды да, кіші ауылды да жайлап барады. Ол қазақтар тұратын облыстарға да тарап, халықтың өмірі мен дүние-мүлкіне қауіп-қатер төн­дірді. Олар қорғансыз қалды. Тығырықтан шығудың жолы қазақ болыстары түгел мойындайтындай мықты үкімет құру қажет», - дей келе, Х.Ғаббасов: «...Анархия қазақ облыстарында бұрқ ете қалса, ешқандай қорғанышы жоқ қазақ халқының мүлдем құрып кетуі мүмкін. Сондықтан да ала­сұрып, төніп келе жатқан анархия­дан ел-жұртты аман сақтау үшін, халық жасағын құру керек», - деп ұсыныс тастайды. Халел Ғабба­совтың ұсынысы бойынша халық жасағы, яғни милиция құрылады. Ұлттық әскердің ұраны бүгінгідей «Ура, ура» емес, «Аллажар» бол­ған.

Жүсіпбек Аймауытұлы «Ұлтты сүю» деген мақаласында: «Қазақ­тың аты орыстың атынан озса, балуанын балуаны жықса, шешенін шешені сөзден тоқтатса, мардымсып, бар қазақ сүйсініп қалады. Қазақ жеңілсе, орыс та дардияды. Ноғай мен қазақ, сарт пен ноғай егессін, олар да солай», - дейді. Автордың бұлай жазуы тегін емес. Себебі, дәл сол кезең­де өз ұлтыңды қорғап, әрекет етсең, «ұлтшыл» атанатын­сың. Қазір де солай.

Әйтсе де, ұлтшылдық турасында Жүсіпбектің пікірі басқаша. Оның: «Өзіңе тілегенді біреуге де тіле», «адам баласын бауыр тұт» деген көркем тілек далада қалып, тұрмыс күресі, қанішерлік майдандап тұр. Ұлты үшін құрбан болуға шыдағандық - ұлтшыл­дықтың осы күнде ең берік ережесі» дей келе: «Ұлты үшін құрмет қылмай, бас қамын ойлап жүрген азаматтардың елі артта қалып отыр. Ұлтшыл жұрттар, әне, Германия, Жапония, Англия, Түркиялар, олардың баласы жасынан «ұлтым» деп өседі», - деуі қайран қалдырады. «Естеріңізде болсын: қара халықтың мәдениет­ті болуынан мәдениетті кісінің қазақ болуы қиын, баласына осы бастан ұлт рухын сіңіріп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелеу керек. Орыс тәрбиесін алған бала ұлт қызметкері бола алмайды. Қазаққа аюдай ақырған шенеунік табылуы оңай; ерінбей-жалықпай, бақырмай, шақырмай іс бітіретін, терісі қалың, көнбіс, табанды қыз­меткер табылуы қиын», - дейді Ж.Аймауытұлы.

Халел және Жаһаншаһ Досмұ­хамедұлы. Бір қызығы, БАҚ, тіпті кейбір тарихшылардың өздері аталмыш азаматтарды ағайынды деп жазып жүр. Халел мен Жаһан­шаһ ағалы-інілі бауырлар емес. Бірақ олардың арасында татулық, бауырға бергісіз достық қарым-қатынас болған. Қос азаматты тіпті жауапты істерде де алашордашылар айырмағанға ұқсайды. Мәселен, 1918-1920 жылдары Алашорда үкіметінің Батыс бөлімінің жетекшісі қызметін Халел мен Жаһаншаһ қатар атқа­рады.

Тағы бір мысал: 1918 жылдың 21 наурызында Алашорда үкіметі 11 баптан тұратын келісім-шарт­ты Кремльге жолдайды. Мәскеу­дегі Алашордаға қатысты аталмыш істерді елші ретінде Халел және Жаһаншаһ Досмұ­хамедұлы жүргізеді. Өкінішке қарай, «Мәселені тездетіп шешіп, сөзден іске көшуді ұсынған» Ленин мен Сталин бір айдан астам уақыт алашордашыларға жауап бермей қояды. Бұл, әрине, олардың уақыт ұтудағы негізгі қитұрқы саясаты болатын.

Алаш арыстарының Жапония үлгісіндегі ұлттық-демокра­тиялық мемлекет құруға ұмтыл­ғаны белгілі. Ал Мағжан Жұмабайұлының Жапония сынды мемлекет боламыз деуінің сыры неде еді? Өйткені Жапония «ғы­лым­ға және ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, ұлттық-демо­кратиялық» жолды таңдаған әлемдегі санаулы мем­ле­кеттердің бірі еді. «Мен жастарға сенемін» деген ақын үмітін 1986 жылғы ұлт-азаттық көтерілісте алаш азаматтары ақтады. Мағжан сенген жастар «арыстандай айбаттанып», қызыл империяға қарсы тұрды. Нәти­жесінде, небары бес жыл өткен соң, Қазақ елі тәуелсіздігін алды.

«Общественная позиция» (проект «DAT» № 44 (81)  08 желтоқсан  2010 ж.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5470