Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3350 0 пікір 9 Желтоқсан, 2010 сағат 06:58

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ. Әдебиеттегі жастар неге «жас буын» бола алмайды?

Жазушылар одағына байланысты дау-дамай өршіп тұрғанда дамылсыз сұхбаттар берген Дулат Исабековтің бір сөзінде, ол кісінің «жас жазушы Асқар Алтайдың...» дегенін оқып мырс етіп күлдім. Қырықтың қырқасынан әлдеқашан асып, екеуі де елуге таяп қалса да, жастықтың жиырма бесінің Асқар Алтай мен Нұрғали Оразға мәңгі жабысуға серт еткені ме, үнемі жас атандырып келеді. Егер Нұрғали Ораз бен Асқар Алтай жас жазушылар қатарында болса, Дидар Амантай мен Нұржан Қуантайлар балаң күйден арылмаған деуге болар. Әрине, өзінің өкшесін басқан інісі ретінде Асқар Алтай Дулат ағамыздың көзқарасында жас. Бұл жалғыз Дулат ағамыздың ғана пікірі емес, әдебиеттің аға буын өкілдерінің көпшілігінен кейінгі проза өкілдері туралы сұрағанда, жоғарыда аттары қосақталып жүретін қос жазушыны ғана атайтындарын аңдаймыз. Бұл нені білдіреді? Бұлардың «өздері» жас па, әлде шығармашылығы жас па? Әлде Нұрғали Ораз көтерілген биікке одан кейінгі жастардың бірде-бірі көтеріле алмады деген сөз бе? Осыдан жиырма жыл бұрын сонау 80-жылдардың өзінде қаламгер ретінде қалыптасқан қос қаламгер күні бүгінге дейін «жас» атанса, бұлардан кейін проза ауылына жастардан ешкім ат ізін салмаған ба?

Жазушылар одағына байланысты дау-дамай өршіп тұрғанда дамылсыз сұхбаттар берген Дулат Исабековтің бір сөзінде, ол кісінің «жас жазушы Асқар Алтайдың...» дегенін оқып мырс етіп күлдім. Қырықтың қырқасынан әлдеқашан асып, екеуі де елуге таяп қалса да, жастықтың жиырма бесінің Асқар Алтай мен Нұрғали Оразға мәңгі жабысуға серт еткені ме, үнемі жас атандырып келеді. Егер Нұрғали Ораз бен Асқар Алтай жас жазушылар қатарында болса, Дидар Амантай мен Нұржан Қуантайлар балаң күйден арылмаған деуге болар. Әрине, өзінің өкшесін басқан інісі ретінде Асқар Алтай Дулат ағамыздың көзқарасында жас. Бұл жалғыз Дулат ағамыздың ғана пікірі емес, әдебиеттің аға буын өкілдерінің көпшілігінен кейінгі проза өкілдері туралы сұрағанда, жоғарыда аттары қосақталып жүретін қос жазушыны ғана атайтындарын аңдаймыз. Бұл нені білдіреді? Бұлардың «өздері» жас па, әлде шығармашылығы жас па? Әлде Нұрғали Ораз көтерілген биікке одан кейінгі жастардың бірде-бірі көтеріле алмады деген сөз бе? Осыдан жиырма жыл бұрын сонау 80-жылдардың өзінде қаламгер ретінде қалыптасқан қос қаламгер күні бүгінге дейін «жас» атанса, бұлардан кейін проза ауылына жастардан ешкім ат ізін салмаған ба? Жастар әңгіме-повесть жазбайды емес, жазады, әдебиет көші жалғаспайды емес, жалғасып келе жатыр, ендеше салқын көштің соңынан ілескен солардың аты неге 60- жылдары қазақ әдебиетінің «алтын ғасырын» жасаған ағаларының аузына ілікпейді?

Атауға қомсынғандарына қарағанда, олардың жазғандары оқылмайды немесе оқылса да, мойындалмайды. Әдебиетке сол кезеңдегі лек-легімен келген қалың шоғыр бұл күнде бәсеңдегеннен кейін, жастар арасында жалғыз-жарым туындыларымен жарқ ете түсетін жалқы таланттардың шығармалары ара-тұра көзге түскенімен, оны әлі қалыптасқан прозаик қатарына жатқызуға асықпағандықтан осындай ой түйінделген болар. Бірақ жанталасып «әдебиет жасап жатырмыз» деп күпінген, ісінген замандастарымыздың жазғанына не ағалары тұщынбаса, не оқырман мойындамаса, «бүгінгі прозаның шын келбеті осы» демеске амал қалдырмағандай ма, қалай?

Жұмыс барысында Жазушылар одағынан 2007 жылы шыққан «Телефондар анықтамалығын» жиі-жиі қолға аламыз. Күн сайын әлденеше рет парақтайтын болғандықтан кейбіреуінің туған күніне дейін жаттап алғанбыз. Бұл жерде «Батырболат Айтболатов,  1972 жыл», «Дәурен Берікқажыұлы, 1974 жыл», «Жандос Бәделұлы, 1978 жыл», «Саят Қамшыгер, 1978» жыл деген сияқты 1970 жылдан бері туылған ақындардың жиырма шақтысы жүр. Бірақ прозадан 1969 жылы туылған Дидар Амантайдан басқа ешкім енгізілмеген. Проза жанрына қалам тартқандардың Одаққа мүшелікке қабылданбағаны көп жағдайдан хабар бергендей. Тіпті Одаққа мүшелікке қабылданудың өзі шартты нәрсе-ақ болсын, бірақ қазақ прозасы поэзия деңгейіне дейін көтеріле алмағаны шындық.

«Қазығұрт оқиғалары», «Аяқталмаған ертегі» сынды жинақтардың авторы, «жас» жазушы» Нұрғали Ораз «жастық» мәселесі туралы ойын былайша тарқатты:

- «Жас» деген сөз адамның ғұмырзатына байланысты болмауы керек. Әдебиеттегі «жас» - шығармашылық жастығы. Таланттың жетілу шағы, толысу шағы болса керек деп ойлаймын.  Өзімізге жақын орыс әдебиетін алсақ, М.Шолохов «Тынық Донын» 23-34 жасында жазды. Тіпті осы жаста алғашқы екі томын кітап етіп шығарды. Ал «Тынық Донды» 24 жасында жазған адамды жас жазушы деп айта аласыз ба? Оған біздің моральдық құқымыз бар ма? Жоқ. Осындай мықты туындыны өмірге әкелген жазушы кімге де болса аға, кімге де болса дана. Сондықтан әдебиеттегі жас шығармашылыққа байланысты «жас» болуы керек деп ойлаймын. Мысалы, бұрын мен ақын Есенғали Раушанов жас жағынан бізден көп үлкен деп ойлайтынмын. Кейін байқасақ, екеуміздің жас арамыз үш-ақ жас екен. Е.Раушанов танылған күнінен бастап-ақ ірі, сақа ақын болып келді әдебиетке. Біз солай қабылдадық. «Ес-аға» деп құрмет көрсеттік. Өз басым, шығармашылығына байланысты жас арасы анықталады деп ойлар едім. Бүгінгі әдебиетте мынандай да үрдіс бар екенін ұмытпайық. Зейнеткерлікке шыққан соң екі қолы алдына сыймай, монография жазған, руының шежіресін жазған, немересіне арнап өлең жазған, баласына арнап ақыл айтқан кітаптарын шығарып, қазір Жазушылар одағына мүшелікке қабылданған үлкен қария кісілер бар. Міне, осыларды «жас жазушылар» деп атауға болар. Жас емес, олар әлі «балаң». Шығармашылық жағынан есейіп, жетілгенше, оларға әлі жүз жыл керек. Дулат ағаның көзқарасымен алып қарағанда, біздің буынның «жас» болуына байланысты бір дерек бар. Біздің жас жазушы болып қалуымыздың себебі, өзіміздің бет-бейнемізді, қабілет-қарымымызды көрсететіндей үлкен шығарма жаза алған жоқпыз. Мысалы, Д.Исабеков дегенде қалың оқырман «Қарғын», «Дермене», «Тіршілік», «Сүйекші» деп тізе жөнеледі. Б.Соқпақбаев дегенде «Менің атым - Қожа» мен «Өлгендер қайтып келмейдіні» атайды. Ә.Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдарымен» өзіне мәңгілік ескерткіш соқты. Ал біздің буын туралы айтсаңыз, оқырман ойланып қалады. Біздің буынның шығармашылығы туралы он оқырманның біреуі ғана білуі мүмкін. Өйткені кітаптарымыз көп таралған жоқ, әдебиеттегі бағыт-бағдарымызды танытатындай әлі күнге үлкен шығарма жаза алмадық, прозаға елеулі үлес қоса алмадық деп ойлаймын. Сондықтан мұны шындық деп мойындауымыз керек. Әрине, бұл жеке ойымды барлық үзеңгілес қатарластарыма қатысты айтуым артық болар, бұл пікірді өз басыма байланысты айтамын. Мүмкін, мұндай шығармамды мен жазып жатқан болармын. Ал әзірге «жас» жазушы дегенге әзілмен, жеңілдеу қарайтыным рас.

Әрине, талантты жазушы Нұрғали Ораз пікір өзінен сұралған соң, «әдептен» озбай, кішіпейілділік танытты деп ойлаймыз. Әйтпесе «жас жазушылардан кімдерді атайсыз?» дегенде «Дархан Бейсенбекұлы, Қанағат Әбілқайырларды атар едім. Тіпті Мәдина Омардың өзі бұлардың қатарынан алыстап, қалыптасқан деңгейдегі қаламгер» деп, өзінен кейінгі буынның шығармашылығын жіті қадағалап отыратынын аңғартты. Әрине, ауызға ілігіп, мойындалған жақсы қаламгер болу үшін білім де, еңбек те аздық етеді. Бәріне төрелік ететін  талант емес пе?..

«Халық сөзі» газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485