Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3673 0 пікір 12 Желтоқсан, 2010 сағат 22:21

Есеп Түгелов. Көрші елдердің ұлттық мейрамдары қандай?

Қазақстанның Тәуелсіздік күні де келіп қалды. Алайда, мерекелік көңіл-күй, осы бір ардақты күнге сай мемлекеттік, қоғамдық тіршілік сезілер емес. Керісінше, қазақ баспасөзінде, тіпті парламенттік мінберден Жарасбай Сүлейменов сияқты ағаларымыз ұлттық төл мейрамымыздың Жаңа жыл тойының аясында, көлеңкесінде қалып қалғаны туралы әңгімелер көптеп айтылуда. Баспасөз бен интернетте қазақ жастары «Алаш күнін», «Ұлттық аза күнін», «Қазақ мемлекетінің құрылған күнін», «Қазақ батырларын еске алу күнін» деген сияқты мейрамдар керек деп жатыр.

Осы орайда біздер ағайын, көрші елдердің ұлттық мейрамдарын саралап шыққанды жөн көрдік. Олар қандай күндерді құрмет тұтып, ұлттық деңгейде тойлайды екен?

Өзбекстан.

Қазақстанның Тәуелсіздік күні де келіп қалды. Алайда, мерекелік көңіл-күй, осы бір ардақты күнге сай мемлекеттік, қоғамдық тіршілік сезілер емес. Керісінше, қазақ баспасөзінде, тіпті парламенттік мінберден Жарасбай Сүлейменов сияқты ағаларымыз ұлттық төл мейрамымыздың Жаңа жыл тойының аясында, көлеңкесінде қалып қалғаны туралы әңгімелер көптеп айтылуда. Баспасөз бен интернетте қазақ жастары «Алаш күнін», «Ұлттық аза күнін», «Қазақ мемлекетінің құрылған күнін», «Қазақ батырларын еске алу күнін» деген сияқты мейрамдар керек деп жатыр.

Осы орайда біздер ағайын, көрші елдердің ұлттық мейрамдарын саралап шыққанды жөн көрдік. Олар қандай күндерді құрмет тұтып, ұлттық деңгейде тойлайды екен?

Өзбекстан.

Өзбек ағайындардың ұлттық мейрамдарының саны көп емес екен. Мемлекеттік деңгейде атап өтілетін мейрамдардың саны оннан аспайды. 1 қаңтар - Жаңа жыл (Yangi Yil Bayrami); 14 қаңтар - Отанды қорғаушылар күні (Vatan himoyachilari kuni) (бұл күні 1992 жылы Өзбекстанның армиясы құрылған); 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Xalqaro Xotin-Qizlar Kuni); 21 наурыз - Наурыз мейрамы (Navro'z Bayrami); 9 мамыр - Жеңіс күні (Xotira va Qadirlash Kuni) ; 31 тамыз - Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні; 1 қыркүйек - Тәуелсіздік күні (Mustaqillik Kuni); 1 қазан - Мұғәлімдер мен Ұстаздар күні (O'qituvchi va Murabbiylar Kuni); 8 желтоқсан - Конституция күні.

Бұлармен қатар Өзбекстанда Құрбан-айт пен Ораза-айт күндері мерекеленеді.

Қырғызстан.

Қырғыз еліндегі ұлттық мейрамдардың саны да аса көп емес. Айналып келгенде біздің елдегідей. Бір айырмасы қырғыз бәйкелер 7 қараша - Ұлы Қазан социалистік төңкерісін әлі күнге дейін тойлап келеді екен. Қырғыз мейрамдары: 1 қаңтар - Жаңа жыл; 7 қаңтар - Рождество; 23 ақпан - Отанды қорғаушылар күні; 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні; 21 наурыз - Наурыз мейрамы; 24 наурыз - Төңкеріс күні; 1 мамыр - Көктем мен еңбек күні; 9 мамыр - Жеңіс күні; 31 тамыз - Тәуелсіздік күні; 7 қараша - Ұлы Қазан социалистік төңкерісі күні.

Бұлармен қатар Қырғызстанда Құрбан-айт пен Ораза-айт күндері мерекеленеді.

Түрікменстан.

Түрікпен ағайындардың бір ерекшелігі - бұл елде халықты, қоғамды топтастыруға бағытталған мейрамдар саны көп екен. Негізгі мерекелері: 1 қаңтар - Жаңа жыл; 12 қаңтар - Аза күні (1881 жылдың 12 қаңтарында орыстардың Көктөбе қаласын қиратуы кезінде қаза болғандарды еске алу); 19 ақпан - Ұлттық жалау күні; 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні; 20-22 наурыз - Наурыз мейрамы; Сәуірдің алғашқы жексенбісі «Тамшы су - тамшы алтын» мейрамы; Сәуірдің соңғы жексенбісі - Түрікмен жылқысының күні; 9 мамыр - Жеңіс күні; 18-19 мамыр - Жаңғыру, бірлік және Мақтымқұлы поэзиясының күні; Мамырдың соңғы жексенбісі - Түрікмен кілемінің күні; Тамыздың екінші жексенбісі - Түрікмен қауынының күні; 1 қыркүйек - Білім және студент жастар күні; Қыркүйектің екінші жексенбісі - Түрікмен бақсысының күні; 6 қазан - Ұлттық аза күні (Ашгабаттағы жер сілкінісі құрбандарын еске алу күні); 27 қазан - Тәуелсіздік күні; Қарашаның соңғы жексенбісі - Мақта мейрамы; Желтоқсанның бірінші жексенбісі - Көршілер күні (бұл күні көршілерді қонаққа шақырып, той жасалынады); 12 желтоқсан - Бейтараптық күні.

Бұлармен қатар Құрбан-айт пен Ораза-айт атап өтіледі.

Тәжікстан.

Тәжіктердің мейрамдары аса көп емес екен. Негізгі мейрамдары: 1 қаңтар - Жаңа жыл; 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні; 20-22 наурыз - Наурыз мейрамы; 1 мамыр - Көктем мен еңбек күні; 9 мамыр - Жеңіс күні; 9 қыркүйек - Тәуелсіздік күні; 6 қараша - Конституция күні; 9 қараша - Ұлттық татуласу күні.

Бұлармен қатар Құрбан-айт пен Ораза-айт атап өтіледі.

Әзірбайжан.

Негізгі мейрамдары: 1 қаңтар - Жаңа жыл; 20 қаңтар - Ұлттық аза күні; 26 ақпан - Қожалы құрбандарын еске алу күні; 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні; 20-24 наурыз - Наурыз мейрамы; 31 наурыз - Әзірбайжандардың геноциді күні; 9 мамыр - Жеңіс күні; 28 мамыр - Республика күні (1918 жылғы республиканың құрылуы); 15 маусым - Әзірбайжан ұлтын құтқару күні (Гейдар Әлиевтің билікке келу күні); 26 маусым Әзірбайжан қарулы күштерінің күні; 1 тамыз - Әзірбайжан тілі мен әліпбиі күні; 18 қазан - Мемлекеттік тәуелсіздік күні; 12 қараша - Конституция күні; 17 қараша - Ұлттық жаңғыру күні; 31 желтоқсан - Әлем әзірбайжандарының тұтастығы күні.

Бұлармен қатар Құрбан-айт пен Ораза-айт атап өтіледі.

Қалғанын өздеріңіз топшылай беріңіздер.

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550