Елорданы қоршай егілген орман алқабының аумағы 78 мың гектарға жетті.
Елордамызды қоршай егілген орман алқабының аумағы 78 мың гектарға жетті.
«Соңғы нақты мәліметтерге сүйенсек, Астананы қоршаған «жасыл белдеудің» аумағы 78 мың гектарға жетті», - деді ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Үстеміров ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, елорданың маңы жасыл аумаққа айналып бара жатқанымен, кейбір облыстарда орман алқаптары кеңейер емес.
«Кейбір облыстарда ағаш отырғызу арқылы орман алқаптарын кеңейту жұмыстары кенжелеп қалды. Облыс әкімдіктері мұны орман шаруашылығы қорының жоқтығымен байланыстырады. Алайда «Қазақ орман шаруашылығы» кәсіпорнының мәліметіне сүйенсек, республиканың орман шаруашылығы қоры 2,5 млн гектарға жеткен. Ал әкімдіктер бұл көрсеткішті бар-жоғы 825 мың гектар дегенді алға тартады», - дейді Қайрат Үстеміров. Жиын барысында комитет өкілі орман алқаптарын кеңейту бағытында жеке шаруашылықтарға да қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Естеріңзге сала кетейік, Астананың жан-жағын жасыл аумаққа айналдыру жұмысына Елбасының өзі ерекше мән беріп отыр.
Абай-ақпарат