Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2498 0 пікір 14 Желтоқсан, 2010 сағат 08:52

Сонымен, алаңға шығамыз ба, жоқ па?

17 желтоқсан күнi сағат 11-де Желтоқсан құрбандарын еске алу рәсiмi өтедi

Кезiнде күллi әлемдi дүр сiлкiндiрген Желтоқсан көтерiлiсi қазақ жастарының асқақ рухын шырқау биiкке көтергенi мәлiм. Кавказдағы қарбаластар, Балтық бойы елдерiндегi дүрбелеңдер Алматының «мұзда жанған алауынан» - Желтоқсан көтерiлi­сiнен бастау алды. Шынтуайтына келгенде, бұл күнде дербес шаңырақ көтерiп отырған қаншама мемлекеттер азаттық таңының атуына жол аш­қан Желтоқсан көтерiлiсiне белгiлi деңгейде қарыздар.

Солай бола тұра қоғамымызда бұл күндi назардан тыс қалдыру мәселесi айқын сезiледi. Мерекелi күндер мәртебесiнен сырт қалған 17 желтоқсан Тәуелсiздiк күнi тасасында тағы да ұмыт қалатындай. Тiптi, Тәуелсiздiк мерекесiнiң өзi ауызға көп алынбай, Жаңа жыл мейрамын алға шығару саясаты дағдыға айналды. Желтоқсан көтерiлiсiнiң тарихи құндылығын мемлекеттiк деңгейде толық бағалау­дың салдарынан осындай жағдайға жеттiк. Сананы тұрмыс билеген қазiргi кезеңде 17 желтоқсан күнiнiң астарына үңiлмей, ол күндi де немқұрайлы самарқау кейiпте өткiзiп жiберушiлер қатарының жыл санап артып келе жатқандығы соның айғағы.

Алайда, Желтоқсан көтерiлiсi рухын асқақ ұстайтындар арамызда аз емес. Бұл күннiң халық жадынан өшпеуi тиiс. Осыған орай 17 желтоқсан күнi сағат 11.00-де Желтоқсан көтерiлiсiнiң қайраткерлерi және елiмiздiң зиялы қауымы бастаған көпшiлiк қауым Республика алаңында Желтоқсан көтерi­лiсiнiң құрбандарын еске алу рәсiмiн өткiзедi, олар­ға арнап гүл шоқтарын қояды.

Халқымыздың күрескерлiк асқақ рухын аспанға көтерген мерекелiк шараның басы-қасында болу - әр азаматтың парызы екенi даусыз.

«Тәуелсiздiктi қорғау» халықтық-демократиялық қозғалысы

«Жас Алаш» газеті

Еркін Қалдан. Тарихи күннің қадірін кетірмейік

«Желтоқсан рухы» қоғамдық бірлестігі, Республикалық «Желтоқсан-1986-тәуелсіздік қырандары, Халық қаһарманы» қозғалысы мен «Желтоқсан» республикалық халықтық-патриоттар қозғалысының басшылары мен елімізге белгілі бірқатар азаматтар Қазақстан халқына Үндеу жолдады.

«Биыл, халқымыздың ғасырлар бойы асқақ арманы Тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге 19 жыл және Тәуелсіздіктің алғашқы лебі болған саяси және тарихи мәні зор 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына 24 жыл толғалы отыр» делінген онда.
- Еліміз тәуелсіздікке ие болған қысқа мерзімде маңызды жетістіктерге қол жеткізе білді. Біз мұны мақтаныш етеміз. Өкінішке қарай, соңғы жылдары еліміз үшін аса маңызды болған 16-желтоқсан Тәуелсіздік күні мен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан қайсар ұл-қыздарға құрмет көрсететін 17-желтоқсанды жұртшылық қуанышпен қоса, біршама үрей сезіммен күтетін болып отыр. Өйткені соңғы жылдары өз мүдделерін күйттейтін кейбір саяси-қоғамдық топтар еліміз үшін қадір-қасиеті зор Тәуелсіздік күні мен Желтоқсан оқиғасын еске алу күндерін саясиландырып, әртүрлі наразылық шараларын ұйымдастыруының салдарынан ел ішінде үрей туғызу белең алып қалып жүр. Мұндай шараларды Тәуелсіздік күні мен Желтоқсан оқиғасы туралы теріс ой қалыптастырып, оған қатысушылардың абыройын түсіруге бағытталған деп қарастыруымыз керек.
Сондықтан да Тәуелсіздік күні мен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы орын алған тарихи күндерді лайықты деңгейде атап өту үшін ел ішінде дүрбелең салушы топтардың шараларына тоқтау салып, оған жол бермеуге шақырамыз.
Тәуелсіздік мерекесі - барша жұртты жұмылдыратын, отанға деген сүйіспеншілікті арттыратын шынайы қасиетті күн болуы шарт. Ел тұрақтылығын ойлаған әрбір азамат ата-бабаларымыз аңсап өткен Тәуелсіздік тұғырының нығая түсуіне еңбек етіп, өз ісімен өскелең ұрпаққа үлгі көрсете білуі қажет деп білеміз.
Осы орайда біз барша тараптарды бар күш-жігерді ел ішіндегі ауызбіршілікті нығайтуға, жастар бойында отансүйгіштік сезімді күшейтуге үндейміз. Ұлттық маңызы зор болған айтулы күндерде ел ішіндегі тұрақтылық пен тыныштықты сақтай білу - баршамызға үлкен сын деп білеміз».

«Айқын» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5564