Қазақстан шекарашысына пара берген Түркияның екі азаматына қатысты қылмыстық іс Астана аудандық сотына жіберілді
Астана. 14 желтоқсан. ҚазТАГ - Астананың Сарыарқа аудандық сотына Қазақстан шекарашыларына пара берген деп айыпталған Түркияның екі азаматына қатысты іс жіберілді, деп қалалық прокуратура баспасөз қызметінен сейсенбі күні хабарлады.
«Астана қалалық прокуратурасы Түркияның азаматтары Абдуллах Чакыр мен Мехмет Джошкунге қатысты қылмыстық істі №2-ші Сарыарқа аудандық сотқа жіберді», - делінген хабарда.
Тергеу мәліметтерінше, 2010-шы жылғы тамызда Абдуллах Чакыр Қазақстанға келуге салынған тыйымды алып тастауда оң шешім шығаруы үшін ҚР ҰҚК шекара қызметінің қызметкеріне келісілген $5 мыңның $1250 мыңын беру кезінде қолға түсті.
Параның қалған бөлігін ол Түркиядан оралған соң беруі тиіс тұғын.
«Өзінің көкейіндегі істі табысты іске асыру үшін А. Чакыр қылмыстық жоспарына танысын, Түркия Республикасының азаматы Мехмет Джошкунды тартқан. Ол тілмәш рөлін атқарып, А. Чакырға Қазақстанға келуге салынған тыйымды алып тастау үшін 5 мың доллар пара беру туралы келіссөздерді А. Чакырдың ісін қараған тергеушімен жүргізген», - делінген ақпаратта.
Ақпараттық баянда көрсетілгендей, 2010-шы жылғы 23-ші тамызда аталған факті бойынша Астана ҰҚКД А. Чакырға қатысты қылмыстық іс жүргізіп, 22-ші қазанда М. Джошкунға қатысты іс қозғаған. Қылмыстық іс бір өндіріске біріктірілді.