Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2678 0 пікір 14 Желтоқсан, 2010 сағат 22:14

Алаш аңсаған «Аллажар»

Қазақ тарихындағы азаттық үшін күрестің ақырға айқасы болған әйгілі ұлт-азаттық Желтоқсан көтерілісінің 24 жылдығы келіп те қалды. Алайда, желтоқсанның жарасы әлі жазылған жоқ. Жылда осы уақытта ұлт жүрегіндегі желтоқсан жара сыздайды. Жаныңды ауыртады. Ауыр күрсіндіреді. Желтоқсандағы қыршын қазақтардың қанымен, басынан өткерген азабы мен өмірін өксіткен өкінішпен келген Тәуелсіздік те тура осы бір Алаш баласы үшін айрықша күнге дөп келеді.  Тәуелсіздік! Міне, Желтоқсан жандырған мәңгілік бағымыз! Желтоқсанның жеңісі!

Осы күнге орай оқырмандарымыздың өтініші бойынша, режиссер Қалдыбай Әбеновтің Алты алашқа аты кеткен «Аллажар» фильмін, режиссердің кинотуындысы туралы қысқа сұхбатпен бірге ұсынып отырмыз.

Желтоқсан мәңгі жүрегімізде! Жасасын Алаш жасасын!

«Аллажар» фильмі неге осы уақытқа дейін үлкен экранға шығып, елге көрсетілмей отыр. Осының нақты себебін айта аласыз ба?

-  Мұны былтыры да, үш жыл бұрын да, он жыл ілгеріде де айтқанбыз әлі де айта береміз. Өкінішке қарай, Желтоқсан ақиқаты - «Жабулы қазан жабулы күйінде» қалып келеді. Қазір ұмыттыру жоспары іске асып жатыр. Желтоқсанды естен шығару, қазақ халқының жадынан жою саясаты жүріп жатқан сияқты. Шын мәнінде солай жүріп жатқаны рас.

Ал, «Аллажарға» келетін болсақ, ол - сол ақиқатты көрсететін шығарманың өзі. Ол жердегі көптеген сценалар, эпизодтар, кадлар өмірдің ащы шындығын, ақиқатын көрсететін болғандықтан қазір үкіметте отырған сол кезде қолдары білектеріне дейін қанға малынған ағаларымыз бен көкелерімізге ұнамайтыны рас. Олар бұл фильмге үрке қарайды.

Сондықтан, 17,18, 19-ншы желтоқсан күндері осылай екеуара ғана әңгімелескеніміз болмаса үлкен мәселе көтерілмейді де қазіргі уақытта.

- «Аллажар» фильмін түсіруге сол кезде қалай рұқсат берілді?

-  Мен саған рұқсат берілді деп қашан айттым?! Рұқсат берілген жоқ. Ешқашанда рұқсат берілген емес. Мен өзім жекеменшік «Барыс» атты киностудиямды ашып, ұлтым дейтін, қазағым дейтін қалталы жігіттерді тауып, солар маған көмектесіп осы фильмді жарыққа шығардық.

Кедергі әлі де жалғасып жатыр ғой. 1988 жылдың бүгінгі желтоқсанға яғни бүгінге дейін кедергі жалғасып жатыр. Оны ешкімде жоққа шығара алмайды. Ол ақиқат. Мысалы, қай телеарнада «Аллажар» фильмін көрсетіп жатыр деп оқыдың. Үзінділерін көрсетуі мүмкін. Толық нұсқасын көрсеткен емес, көрсетпейді де. Жақын арада көрсетеді дегенге менің үмітім үзілген сияқты қазір.

Желтоқсан саяси бағасын қашан алады деп ойлайсыз?

-  Мен тағы да қайталап айтамын. Мысалы, Тәуелсіздік алғалы бері үкімет басына келген көкелеріміз, ағаларымыз кезінде қызыл шапан жамылса, ұазір шапанын ауыстырып көк шапан жамылып алған. Сол шапандарды жамылған ағаларымыз өздері ауыспай, ақиқат әзірше ашылмайды.

Рахмет, аға.

«Аллажар» фильмінің бірінші бөлімі:

«Аллажар» фильмінің екінші бөлімі:

«Аллажар» фильмінің үшінші бөлімі:

«Аллажар» фильмінің төртінші бөлімі:

«Аллажар» фильмінің бесінші бөлімі:

Сурет rus.azattyq.org сайтынан алынды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550