Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5808 0 пікір 3 Желтоқсан, 2017 сағат 18:23

Геннадий Бендицкий дүние салды

Бүгін, өзінің туған күнінде, яғни 3 - желтоқсан күні, дәл 47 жасында белгілі журналист Геннадий Бендицкий дүние салды. Ratel.kz сайтындағы әріптестеріміздің хабарлауына қарағанда (бұл сайттың негізін қалағандардың бірі марқұмның өзі болған еді), Бендицкий ауыр дертке ұшырағанын кейінге дейін білмей келген көрінеді. Білген күнде де жасымай, жігіттік жігер танытып, өмірден озыпты.

Геннадий Бендицккий журналистік зерттеумен шұғылданды. Әртүрлі ақпарат көздерінен алған деректі жайттарды жария етіп, талай былықтың бетін ашты. Сол үшін де басы дауға қалып жүретін. Бірақ, ол көпшілік оқырманның, қарапайым жұрттың ықыласына бөленді. Абыройлы болды. Қазаққа сүйкеніп, қазақтың жанын ауыртатын, ұлттық намысын қорлайтын мақаласымақ жазып атақ пен шатақ шығарған замандастарының маңына жуыған кезін көрмедік. Ол шындық пен әділдіктің тарапынан табылуға тырысатын. «Шындық үшін күреспесең шындық өмір сүре алмайды» деген ұстанымнан тайған жоқ. Сөз бостандығы мен азат ойлардың салтанат құруына үлес қосқан әріптесіміздің соңында жары, екі баласы, қайғырып достары қалды. Рухы көктен жай тапсын.

Abai.kz ұжымы   

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 962
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2474
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 668
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 644