Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Күбіртке 20557 60 пікір 12 Желтоқсан, 2017 сағат 10:31

Шыңжаңда 500 мыңнан астам қазақ тұтқындалады

Abai.kz ақпараттық порталының уатсап әлеуметтік желісіндегі аккаунтына "Шыңжаңда 500 мыңнан астам қазақ тұтқындалады" атты материал келіп түсті. Ол материалда Қытайдың Шыңжаң өлкесінде тұратын 500 мыңнан астам қандасымыз тұтқындалуы мүмкін екені айтылған. Мұндай мақалалар екі мақсатта жазылады. Біріншісі - арандату, екіншісі - ақиқатты айту мақсатындағы нар тәуекел. Материалдың сипаты екінші мақсатқа жақын болғандықтан оқырман назарына ұсынғанды жөн санадық. 

Қытайдың Шыңжаң өлкесінде тұратын 500 мыңнан астам қандасымыз тұтқындалуы мүмкін. Бұл туралы көрші елдің Құқық қорғау сайты хабарлаған.

Шыңжаң өлкесіне қарасты Қашқар, Хотан, Іле, Санжы секілді елдімекендердің қоғам қауіпсіздік мекемесі жуырда кең ауқымды қатаң соққы беру шарасын өткізеді. Осы шара аясында жүз мыңдаған қазақ-ұйғыр мұсылман азаматтарын экстремисттік идеядан арылту орталығы және саяси тәрбиелеу орталығына 2 жылға жіберу көзделген. Қауіпсіздік қызметкерлері қазақ пен ұйғыр көп шоғырланған аудандардың үйлеріне арнаулы тыңдау аппаратын қойып, тексеру жүргізіп жатыр.

Аппарат орнату ісін Қытайдың тиісті органдары үйдің температура өлшейтін құрылғысы ретінде түсіндірген. Құрылғыны Жылумен қамдау компаниясының қызметкерлері орнатқан. Тұрғындардың айтуына қарағанда бұл аппарат үйдің температурасын ғана өлшемейді, ол үйдегі барлық айтылған жайлар жазылып, тиісті жерге жеткізіп отырады. Қол телефонға ұқсас аппарат негізінен отбасы мүшелері көп отыратын қонақ бөлмеге орналастырылып жатыр. Әрдайым қызыл жанып тұратын құрылғыны 24 сағат бойы тоқтан ажыратуға тиым салынған.

Осы ауданда тұратын ұлты қытай Ли атты азамат жылу бақылайтын құрылғыны орнатылып жатқанын естігенін, бірақ ешкім арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізбегенін, оның үйіне мұндай құрылғы орнатылмағанын айтқан. Бұған дейін Жылумен қамдау компаниясының өкілдері арнайы үйге келіп, температураны өздері өлшеп кететін болыпты.

Бейресми ақпарат көздері Қытайдың Өлкелік үкіметі жергілікті үкіметтерге бұйрық түсіріп, жабық үйренуге қатысатындардың тізімін тапсыруды талап еткен. Үйренуге қазақ пен ұйғыр халқының өкілдері күштеп тартылады. Жалпы, 1-2 жыл ауқымында 500 мыңнан астам қазақ "Отанды сүюге" тәрбиеленбек. Олар кезең-кезеңімен Экстремистік идеядан арылту, Кәсіптік өнерге баулу, Дүмше молдаларды топтап тәрбиелеу деп аталатын ондаған орталықтарға жіберіледі. ,

Мысырға қоныс аударған бір азамат қазір осы зорлыққа шыдамай Қытайдан көшіп кеткісі келетіндердің саны артқанын айтқан. Бірақ, қауіпсіздік мекемесі қызметкерлері азаматтардың төлқұжаттарын мәжбүрлі түрде жинап алған. Тіпті, кейбір облыстарда жиналып алынған құжаттарды иесіне сатып беріп жатқаны анықталған. Құжат қайтарып алу немесе қамалған туыстарын босатып алу үшін қара халықтан мемлекеттік қызметкерлер 70-100 мың юуан ақша талап етіп отырған көрінеді.

Abai.kz

60 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053