Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Деп жатыр 15287 51 пікір 28 Желтоқсан, 2017 сағат 09:21

Құл өзін сойса да, өзгенің табанын сүйіп өтуді әділет деп біледі...

Орысша шу шығарған қарияны сынап, одан кейін Төреғалиды айыптаңдар!! Төреғали бір сәтте халық жауына айналды.. Неге? Кейбіреулер Төреғалиды құртып, жер аударып, жазалау керек деп дабыл қағуда..

Қадірлі қазақ жұрты, не деген мейірімсізденіп кеткенсің, не деген кекке толы ұрандар... Кеше ғана әспеттеген азаматтарды, бір сәтте бір ағаттық үшін табанға салып таптай салайық па? Не деген баянсыз жақсы көру мен жек көру...

Мұның тереңінде айтылып тізесі шыққан, еттен өтіп, сүйекке жеткен құлдық сана жатыр... Біз әділет билікте жоқ дейміз, сөйтсек өзімізде жоқ екен ғой. Мейірім мен кешірім қайда кеткен? Екі қазақ бір ағаттыққа бола бірін-бірі айыптап, жазаласа, онда қазақ болудан кеткен екенбіз. Қазақтан мұсылмандықты алып тастаса ештеңе де қалмайды дейтіні осыдан.. Мұсылмандығымыз орнында болса, ең кемінде иманды ойлап кешіріммен қарайтын едік қой. Бір адамның бірлі-екілі қателігіне бола тым шектен шығып кетпеңіздер, ағайын. Бір жақтылы көре сала үкім шығару, әділетсіздікке алып барады. Әдетте сот туралы шағым айтамыз, негізі терең сараптауды өзімізден, әділдікті өзімізден бастайық.

Төреғали Төрәлі бұл шулы видиода шамалы қызып қалғаны екі видиода да анық байқалады... Оның әнін естігендердің өзі махаббат трагедиясын ойлап мастанып кеткендері қаншама? Жалпы адамның бәрі қателеседі, сол қателікке бола таптап, құртып жіберсе біздің елде жан қалмас еді, демек адам деген "инсан" деген мағынаны білдіреді, яғни қателіктен тұрады екен . Әр қандай нәрсенің екі жағы болады. Біз тек Төреғалидың эмоциясын, ашуланғанын ғана көрдік, олай болса арғы жағында не болғанын білмейміз. Ресей тілінде шу шығарған қарияның, туған жерінің намысын түсірдің деп жұрттың көзінше айыптауы қаншалық әділетті? Орыс тілінде сөйлеген соң әділетті болып тұр ма? Өйткені біз ақ пен қараны ажыратудан кеткенбіз, себебі құлмыз.. Құл өзін сойса да, өзгенің табанын сүйіп өтуді әділет деп біледі... Негізі ән айтқан әнші мен жыр оқыған ақынның жүрегі нәзік, сондай кезде біреу қарсы сөз айтса, сол жердегі орындаушы писихологиялық жақтан қысымға тап болады.. Демек нақ майданда не болғанын толық білмей ғайбаттап, ауыр сөздер айтуымыз обал..

Төреғали қазақы болмыстағы, ұлттық кілті бойында сақталған азамат. Оданша жастарды аздырып бара жатқан, жалаңаштана бастаған әртістердің әрекетін сынаңыздар. Төреғали мен Қайрат Нұртасты сынай беру әдетке айналып бара жатыр.. Адамдардың жақсылығын көруге тырысайық.

Серік Боқан 

Abai.kz

51 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052