Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4885 2 пікір 5 Қаңтар, 2018 сағат 10:59

Фарах Пехлеви

Фарах Пехлеви - Иран шахы Мұхаммед Реза Пехлевидің үш әйелінің ішіндегі «Шахбану» атағын алған, яғни патшайым дәрежесіне ие боп, тәж киген жалғыз қатын.

Фарахтың қыз күніндегі пәмілесі Диба болыпты. Фарах Диба. Ол парсы жерін мекен еткен әзірбайжан ұлтының өкілі. Оның атасы ХІХ ғасырда Иранның Ресейдегі елшісі болған.

1959 жылы Францияда оқып жүрген Фарах өзге де ирандық студенттермен бірге француз жеріндегі Иран елшілігіне Пехлеви шахпен кездесуге барады. Сол жерде шах оған ғашық боп қалып, бірден сөз салған екен. Екеуі сол жылы некесін қиған.

Фарах күйеуін қазынадан ақша бөлуге көндіріп, шет ел асып кеткен көптеген Иран мәдениетінің жауһарларын еліне қайтартқан. Ирандағы ең бай музейдің пайда болуына оның еңбегі көп сіңген көрінеді.

Алайда, күйеуіне сөзі өтімді ол келе-келе тым батысшыл боп кеткені сондай, жалаңаш қыздардың суреттерін жариялайтын «Плейбой» журналының ирандық үлгісін шығартуға рұқсат алады. Сөйтіп, осы Фарахтың кезінде иран қыздары жартылай шешіне бастаған екен. Оның еркінсуінен кейін казино, түнгі клубтар елде көбейіп, діншіл иран жұртының наразылығының күшейуіне әкеп соқтырады.

1978 жылы елде толқулар басталып, жыл аяғында ол Ислам революциясына ұласады. Иран шахы отбасымен шет елге қашуға мәжбүр болған.

Бұл суретке шахбану Фарах Пехлеви елден қашып, шетте жүрген кезінде түсіпті...

Қанат Ескендір

Facebook-тегі парақшасынан

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340