Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3299 0 пікір 24 Желтоқсан, 2010 сағат 09:52

Нұра Матай. Әбілхайыр ханның моласы табылған сияқты

Ғалымдар Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданына қарасты  Аққұм аулының маңынан әйгілі Әбіхайыр ханның қабірі болуы ықтимал екі жер тауыпты. Бұл турасында Атыраудағы caspionews.kz сайты хабар таратып отыр.

Негізі «Хан моласы» атанған Әбілқайыр баһадүр жерленген жерге о баста күмбез орнатылған. Одан бері талай су ағып, талай қар еріді. Неше заман ауды. Сөйтіп, уақыт өте келе күмбез құлап,қабір жермен-жексен болып кеткен екен. Соңғы жүз жылдың бедерінде Әбілқайыр ханды дәріптейтіндей, оның күмбезін қорғайтындай қазақта хал болмағаны анық. Әне, содан келіп «Хан моласының» қарайған төмпешігі де қалмағанға ұқсайды.

Енді, міне, Құдая тәуба, ханымыздың да қабірі табылатын күн алыс емес. 2011 жылы Ақтөбеде «Еуразияның тарихы мен мәдениетіндегі Арал-Каспий аймағы» атты ғылыми конференция өтіп, сонда осы «Хан моласы» төңірегіндегі тарихи зерттеулер жан-жақты қаралып, талқыланып бір қортынды шығарылмақ.  2007 жылда бері жүргізілген қазба жұмыстары нәтижесінде табылған сүйек қаңқаларына археологтар мен генетиктер зерттеу жүргізіп жатыр. Ғылым қателеспесе керек.

Қазақ тарихындағы әйгілі тұлғаның бірі Әбілхайыр хан 1727 жылы Бұланты өзенінің бойындағы және 1729 жылғы атақты Аңырақайдағы жоңғарлармен соғыста қазақ қолын басқарған, жеңіс жалауын желбіретіп, атамекенді азат екен қолбасшы хан.

Әбілхайыр хан 1730 жылы Ресей патшасымен одақтас болуға сөз байласады. Сөйтіп, ұзаққа созылған келіссөздерден кейін 1731 жылы Хан Әбілқайыр  өзінің бұқарасымен Ресей патшасына қарайды.

Күні бүгінге дейін қарама-қайшы көзқарастардың нысанасына айналған Әбілқайыр ханның осы бір саяси шешімі Ресей патшасының қазақ жеріне мысық табандап жақындауына жол ашқан сияқты...

Қалай болғанда да, Алаштың аяулы ханы, атақты қолбасшы Әбілқайырдың халқына еткен қызметі бас иіп, мақтан тұтарлық екені даусыз.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351