Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Рухани жаңғыру 8697 7 пікір 12 Қаңтар, 2018 сағат 13:22

Іргелі ел боламыз десек...

Адамның рухани жаңғыруы елімізді жаңа биікке көтеретін, озық мемлекеттермен иық тірестіре алатын, қуатты да кемелденген халықтың қатарына қосатын құдыретті күш екендігі айқын.  Ол ондаған жылдарға созылатын процесс. Міне, сондықтан да оны жүзеге асыру үшін «бір жағадан бас, бір жеңен қол» шығара отырып, қимылдағанымыз абзал. Осы орайда біздің облысымызда бірқатар игі істердің атқарылғандығына куәміз. Мәселен, былтырғы жылы екі жыл бойы мұқият дайындалып, Қостанай шаһарының  үлкен бір микроауданында атақты Қобыланды батырдың еңселі де зәулім ескерткішін орнаттық. Онымен қоймай, көпшілік жұртқа түсінік жұмыстарын жүргізе отырып, ол тұрған үлкен даңғылға қас батырдың есімін де бердік. Ал былтырғы жылдың соңына таман талай жыл аңсаған егемендігіміздің мәңгілік ескерткіші болсын деген мақсатпен қаламыздың дәл ортасындағы көшені Тәуеелсіздік деп атап, өзімізше рухани жаңғыруға өзіндік үлес қосқан жайымыз бар. Мұның үстіне  шетелден қонақтар келгенде бүкіл батырлық келбетімен қарсы алсын деп әуежайға апаратын даңғылдың бойына өзі батыр, өзі дипломат, атақты Шақшақ ұлы Жәнібек дарханның келбетті ескерткішін қойып көңілді бір жайлаған жайымыз бар.

Шынын айтқанда мұның бәрі тек қазақ халқының келешек ұрпақтарына ғана тәрбие болсын, батыр аталарынан үлгі алсын дегендік қана емес, Біздегі өге ұлттар басым тұратын өңірде бұлардың орны бөлек. Өйткені олардың да тарихымызды тануына, ұлттық озық салт-дәстүрлерімізге қанығуына, сөйтіп егемен еліміздің болашағына бірге аяқ басуына зор әсерін тигізбек. Қанша дегенмен оларды осы уақытқа дейін Қазақстанда тұрғанмен мектептерде тек Ресей тарихын ғана оқытып келгендігі белгілі. Ендеше сол бір қатып-семіп қалған сана мен психологияны түбірімен өзгерткенде ғана бір нәтиже болмақ.Бір мақсат пен бір ниетке біріккен халық қана жеңіске жетпек.

Рухани жаңғыру бағдарламасына сәйкес «Қостанай облысының сакральды картасы» жасалды. Оның мақсаты-облысымызға келген қонақтарды өңіріміздегі аса маңызды тарихи орындармен таныстырып, осы жердің өткен-кеткенімен сусандырып, батырларымыз бен билеріміздің атақты істерін зердесін құю болып табылады. Бұл үшін бұрын жөндеуге қол тимей, әбден азып-тозуға айналған белгілі ағартанушы-педагог Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық ескерткішін түбірімен қайта жаңартық. Көргенде көз тоятын болсын деп сыртын сонау Атырау өңірінен алтындай жарқыраған мәрмәр таспен әрлеп, қала іргесіндегі алыстан «мен мұндалап» тұратын шын мәнінідегі мұражайға айналдырдық. Қазірдің өзінде жастар осында көптеп келіп, тіпті үйлену тойларының алдында гүл шоқтарын қойып кетеді. Облыста тек бұл шарамен ғана шектеліп қалған жоқ. Көптен бері ойымызда жүрсе де атқара алмай жүрген бір шаруаны тындырдық. Кезінде халыққа қарсы қойып, оны бандит, бұзақы етіп көрсеткен кеңестің қатаң идеологиясының сетінете отырып, батырдың басын Мәскеуден алып келіп, өзінің батырлықпен қаза тапқан қасиетті Торғай жерін жерледік. Басына әдемі мемориалдық кесене тұрғыздық. Оны облыс әкімі Архимед Мұқанбетов ашып, батырдың есімін елге қайта оралғандығын, мұның өзі болашақ ұрпақ үшін зор тәрбие берелік игілікті іс екендігін ерекше айтап өтті. Осының алдында ғана Кейкі батырдың өмірбаяны мен батырлығын толық зерттеу үшін Торғай өңіріне ғалымдардан құралған үлкен экспедиция аттанған еді. Енді оның жұмысының қорытындысы батырдың есімін өзіне қайтаруға деген жұмыстың үлкен бір саласы болмақ.

Өңіріміздің тағы бір мақтан тұтар ұлы—аққан жұлдыздай өмір кешсе де артында мол мұра қалдырған атақты ғалым Шоқан Уәлиханов. Кезінде оның туған жері туралы біршама айтыс-тартыс болғанымен қазір бір тоқтамға келген сыңайлы. Ақыры ғалымдар зерттей келе ғалымның кіндік қаны тамған жер осындағы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес деген ауыл деген ортақ тоқтамға келді. Тек бір қынжынарлығы осы ауылдың жер бетінен жойылып кету қаупі төніп тұр. Бір кездерде аты дүркіреп тұрған ауылдың қазір сәнеі де мәні де кеткен. Көпшілік жұрт ауыл тым тысқары болғандықтан бөтен жаққа көш басын бұрған. Қазір мұнда небәрі 50 ғана отбасы қалған. Бала болмағандықтан былтыр мектеп те жабылды.

-Бұл ауылдың жойылып кетуіне жол беруге болмайды,-дейді Шоқан өмірін зерттеуші, өлкенушы Еділбай Ахменов. Ол қол қусырып қарап отырған жоқ. Ол осы Шоқан туған ауылға еңселі ескерткіш орнату жөніде бастама көтеріп, қаншама жыл бойы ашпаған есігі, бармаған жері жоқ. Табанды азаматтың еңбегі еш кеткен жорқ. Идеялар жәрмеңкесінде жеңіске жетіп, ескерткіш жасауға белсене кірісіп кетті. Атасының аруағы жебеді ме, кім білсін акқыры арманы орындалып, былтырғы жылдың қарашасында ауылда Шоқанның ескертіші бой көтерді.

«Егер біз Шоқанның туған аулынына айрылып қалсақ, бәріміздің арымымыз дақ болмақ. Олбыс қана емес, республика деңгейінде мәселе көтеріп, бұл проблеманы шешсек, әділдік орнаған болар еді. Рухани жаңғыру дегеніміз де осындай істерден басталмай ма?»-дейді ол. Шындығында ойланарлық дүние. Рухани жаңғыруға бір адам ғана емес, баршамыз болып жұмылуымыз керек дейтініміз де осыдан шығар.

Рухани жаңғырудың тағы бір саласы «цифрлы Қазақстан» бағарламасымен ұласатындығы белгілі. Осы орайда біраз іс тындырылып жатыр. Жақында облыс әкімінің орынбасары Меіржан Мырзалиев көрші еліміздің астанасы--Мәскеу қаласына арнайы барып қайтты. Онда  «Яндекс» компаниясының басшылығымен кездесіп, біздің өңірмен ынтымақтатық құруға келісіп қайтты. Бұл өте маңызды шаура десек артық емес. Өйткені облымызда Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін цифрландыруды өмірге енгізу жөнінідегі пилоттық жоба жүзеге асырылмақ. Қанша дегенмен бұл кешен ел экокнмикасының көшбасы десек артық болмас. Ал біздің облыс қана Отанымызда шығарылатын ұнның 25 пайызын өндіріп, тамақ өнімінің 27 пайызын шетелдерге экспортқа шығарады. Кешенді цифрландыруға көшіру  агроөнеркәсіп кешеніні ғана емес, бүкіл елімізге зор тиімділік әкелмек. Бір ғана қарапайым мысал .Әлемнің кез-келген елінде жүрген шаруашылық басшысы реалды уақыт режимінде егістікте қанша комбайн мен трактор  жұмыс істеп жүргендігін, жанар-жағармайдың қаншалықты ұқыпты жұмсалып жатқандығын және де басқаларды нақты көріп отырады. Мұның өзі өнідірісті тиімді етуге, артық шығынды қысқартуға, еңбек тәртібін сақтауға зор мүмкіндік береді. Цифрлық басқарудың орасан пайдасы қазірдің өзінде айқын көрінеді. Бұл жұмыс міне осы жылдың басында қызу басталып та кетті.

Міне, біздің облысымызда «Рухани жаңғыру» бағарламасын жүзеге асыру жолындағы атқарылып жатқан ауықмды жұмыстардың бір парасы осындай.

Жайберген БОЛАТОВ

Қостанай

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053