Сәрсенбі, 16 Сәуір 2025
5065 2 пікір 16 Қаңтар, 2018 сағат 09:23

Өзбек діни басқармасы АҚШ мемлекеттік департаментінің баяндамасын "қате" дейді

Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы АҚШ Мемлекеттік департаментінің дін еркіндігі туралы баяндамасын "қате" деп есептейді. Вашингтон Өзбекстанды азаттардың діни наным-сенім еркіндігін бұзатын он елдің қатарына енгізген еді.

"Айта кетерлік жайт, баяндаманы құрастырғандар Өзбекстанда жұмыс істейтін 16 діни конфессия ұйымынан ақпарат сұрамаған. Атап айтқанда, Мұсылмандар діни басқармасы, Ташкент ислам университеті және имам Бұхар атындағы халықаралық ғылыми-зерттеу орталығына ешкім хабарласпаған.

Белгісіз дереккөздерге сүйенген америкалық мамандар Өзбекстандағы дін еркіндігіне қатысты жалған қорытынды жасаған", - делінген діни басқарма мәлімдемесінде.

Басқарма дерегі бойынша, өткен жылы дін саласында елеулі өзгерістер болды. Атап айтқанда, Ислам өркениеті орталығы және имам Бұхари және имам ат-Термизи атындағы халықаралық зерттеу орталығы ашылған. Облыстарда ислам ғылымын зерттеуге арналған бес ғылым мектеп жұмыс істей бастады.

Республика бойынша 15 мешіт салынып, 55-і жөнделді, деп хабарлады Өзбекстан мұсылмандарының діни басқармасы.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1956
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4786
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3955