Дүйсенбі, 12 Мамыр 2025
3764 0 пікір 16 Қаңтар, 2018 сағат 10:17

Ресейде бетперде киген белгісіз адамдар мектепке шабуыл жасады

Ресейдің Пермь қаласында дүйсенбі күні бетперде киген екі адам № 127 мектепке шабуыл жасаған. Сегіз оқушы мен мұғалім пышақ жарақатын алған. Екеуі ауыр халде жатыр. Бұл жөнінде РИА Новости агенттігіне Перьм аймақтық қауіпсіздік министрлігінің баспасөз хатшысы Елена Дубинина мәлімдеген.

Осының алдында РБК 4-сыныптың бірқатар оқушысы мен мұғалімі кепілде отыр деп хабарлаған.

Куәгерлердің хабарлауынша, мектеп қоршалған. Онда құқық қорғау органдары қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Балаларды жақын маңдағы сауда орталығына көшірген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2205
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3861