Өзбекстанда заңсыз алтын өндіргендер құтқарылып, шахтаны жауып тастады
Өзбекстанның Самарқан облысы Пахтачы ауданындағы "Қарақұтан" шахтасында заңсыз алтын өндірем деп тас астында қалған отыздан астам адам құтқарылды. Төтенше жағдайлар қызметкерлері шахтаны жауып тастады.
Жергілікті тұрғындар болған оқиға жайында милицияға хабарламаған. Олар заңсыз әрекет үшін жазадан қорыққан. "Біз оқиға орнына келгенде, қараусыз қалған шахтадан бір адамның денесі шығарылған екен. Тағы үшеуі зардап шеккен, бірақ олар ауруханаға бармаған. Шахтада барлығы шығарылған соң, оны бульдозермен жауып тастады", - деді төтенше жағдайлар қызметкері.
Құтқарылған азаматтың бір туысының айтуынша, шахтада жер қабаты опырылып түскен."Олар 200-300 метрге созылатын шахтаға түскен. Жұмысшылар онда көзден жас ағызатын зат шашып кеткен. Бірақ адамдар беттерін тұмшалап кірген. Алтын өндірушілер кен қаза бастағанда жер қабаты опырылып түскен. Біреулері соның астында қалса, қалғандары қашып шығуға талпынған. Екі адам өлді", - деді Пахтачы ауданының тұрғыны.Дегенмен жергілікті билік өкілдері екінші адам өлді дегенді растамады.Алтын кенін астыртын цехтарда жуып, алынған бағалы металды Ташкенттен келетін адамдарға сататын болған. Жергілікті билік мәліметі бойынша, жұмыссыздақ басым аймақтағы тұрғындардың жарымы алтынды заңсыз өндірумен шұғылданады.