Дүйсенбі, 12 Мамыр 2025
3343 0 пікір 22 Қаңтар, 2018 сағат 08:35

Ақтөбедегі жағдайдан соң Қырғызстан билігі автобустарды тексере бастады

Қырғызстан билігі ішкі және халықаралық рейстерге шығатын жолаушы автобустарын тексеріп жатыр. Бұл туралы қырғыздың жол және көлік министрі Жамшитбек Калилов мәлімдеді.

Оның айтуынша, мұндай шешім Қазақстанда 52 адамның қазасына алып келген жол апатынан соң қабылданған. Мамандар көліктердің техникалық жағдайын тексеріп жатыр. Талаптарға сай емес көліктерге қатысты шара қолданылады.

18 қаңтарда Қазақстанның Ақтөбе облысындағы тас жолда Өзбекстан азаматтарын Қазан қаласына тасыған автобус жанып кетті. 57 жолаушының бесеуі ғана тірі қалды. Автокөлікті қолдану талаптарын бұзуға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2176
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3835