Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2149 0 пікір 10 Маусым, 2009 сағат 21:35

Мерген БЕЙСЕНҰЛЫ.ҚАУIП – ҚЫТАЙДЫҢ АЯҚ КИIМІНДЕ

Iшкi нарықты жаулап алған арзан әрi сапасыз аяқ киiмдердiң зардабын бүгiнгi жас ұрпақ тартудай-ақ тартып отыр. Үкіметтегілер өндiрiсiтiк саланы дер кезiнде жолға қоя бiлмегендіктен, бүгiнде дертке шалдыққан талай жас әскер қатарына iлiне алмай, қор болуда. Бiрақ үкiмет басындағылар биiк мiнберлер мен Елбасы алдында оқылатын «әдемi» баяндамаларға кенде емес.
Түркияның «Уеni şafak» газетi өткен аптада: «Бұл аяқкиiмдерден абай болыңыз» («Bu ayakabbılara dikkat») атты мақала жариялады. Аталған мақалада түрік нарығын жаулап алған арзан әрi сапасыз аяқ киiмдерден келетiн зиян туралы мәселе көтерілген. «Мамандар балалар арасында арзан әрi сапасыз қытай аяқ киiмдерiнiң кесiрi түрлi аурулар мен әлсiздiк дертiне әкеп соғатынын айтып, дабыл қағуда. Ozel Bahar ауруханасының ортопед және сынықшы маманы Мұрат Сайлык аяққа жайсыз келетiн қытай өнiмдерiнiң кесiрiнен балалардың аяғына жара шығып, тершеңдiк пен жағымсыз иiс пайда болатынын, майтабан дертiне ұшырайтынын мәлiмдедi. Ал, қыз-келiншектер қауымы 30-40 жыл бұрын терiден тiгiлген әжелерi мен аналарының аяқ киiмдерiн сандық түбiнен шығарып, етiкшiлерге қарай ағылуда. Өйткенi, олар қытай аяқ киiмдерiн сатып алғаннан гөрi отандық сапалы тауарды бүгiнгi күннiң сән үлгiсiне сәйкес қайта тiктiрудi қалайды» деп жазады автор.

Негiзi түрiктердi алаңдатқан бұл проблема қазақ қоғамына да тән. Әрине, бiздiң қыз-келiншектер сандықта сары майдай сақтаған әжелерiнiң аяқ киiмдерiн қайта тiктiруге бара қоймас. Оның үстiне, кеңестiк дәуiрден қалған өнiмдердiң күнi бүгiнге дейiн сақталғандары саусақпен санарлықтай.
Мамандар бүгiнгi таңда iшкi нарықтағы киiмдер мен аяқ киiмдердiң 95 пайызға жуығы Қытай, Ресей, Қырғызстаннан тасымалданатынына алаңдап отыр. Оның үстiне, тауарлардың басым бөлiгi контрабандалық жолмен, яғни, заңсыз тасымалданады екен. Мұндай заң бұзған әреккетттерден билiк те хабардар. Бiрақ күресуге мүдделi емес. Сорақысы сол, заңсыз тауар тасымалдаушылардың қылмысын бүркемелеп отыратын шенеунiктер де жоқ емес. Қазiр құқық қорғау қызметкерлерi қырғидай тиiп жатқан жемқорлар арасында iрiлi-ұсақты шенеунiктердi кездестiру ешкiмге таңсық емес. Бiрақ олардың көпшiлiгi – «айран iшкендерден» гөрi «шелек жалаймын» деп жүрiп тұтылып қалғандар. Яғни, жеңiл өнеркәсiптi дамытуға, отандық кәсiпкерлер үшiн адал да әдiл бәсеке қалыптастыруға кедергi жасап отырған «шортандарды» қармаққа iлу – қиынның қиыны. Ал, отандық дәрiгерлер бiрнеше жылдан берi әскер қатарына шақырылатын жастар арасында майтабан дертiне шалдыққандардың көптiгiн, осының кесiрiнен тепсе темiр үзетiн жастардың көпшiлiгi әскерге iлiнбей қалып жатқанын айтып, дабыл қағумен келедi. Назар аударсаңыз, бүгiнгi кәмелеттiк жасқа ендi толғандар – Кеңес Одағы ыдырған кезде жарық дүние есiгiн ендi ашқандар екен. Сол кезеңде қазақ нарығына лап берген сапасыз қытайлық өнiмдердiң негiзгi тұтынушыларының арасында сәбилер де болатын. Қазiргi бүлдiршiндер арасында артроз, сколиозға шалдыққандар саны күрт артқан. Оған сапасыз синтетикалық материалдардан жасалған аяқ киiмнiң кесiрiнен пайда болатын аллергия мен аяқтан шығатын сасық әрi жағымсыз иiстi тағы қосыңыз.
Мамандар дүкендер мен базарлардағы декларацияланбаған тауарлардың көптiгiн көлденең тартады. Олардың пiкiрiнше, шекарадан берi өткiзiлетiн тауарларды тасымалдау тәртiбiн өзгерту керек, яғни, шетелдiк тауар өндiрушiлер халықаралық сауда тәжiрибесiне сәйкес, дайын өнiмнiң салмағына қарай емес, әр данасына ақы төлеуi тиiс. Бiзге импортталатын жеңiл өнеркәсiп өнiмдерiне салықтық тұрғыда жақсы жағдай жасалғандықтан, отандық өнiмдердi өндiру – тиiмсiз, есесiне, алыпсатарлықпен айналысқан әлдеқайда жеңiл әрi пайдалы. Тағы бiр қиындық, 1991 жылдан берi жеңiл өнеркәсiп саласында министрлердiң 7-8 рет «ат ауыстырып» мiнуi де аталған саланы жүйелi түрде дамытып, оның түйткiлдерiн шешуге керi әсер етiп отыр. Басшысы тұрақтамаған салада береке болмасы белгiлi.  
Жеңiлөнеркәсiп – дамыған елдердегi ең iргелi салалардың бiрi. Мысалы, Германия, Италия, АҚШ-та бюджеттiң кiрiс бөлiгiндегi жеңiлөнеркәсiптiң үлес салмағы 8-12 пайызға тең болса, Қытайда – 13 пайыз, Португалия мен Түркияда 20 пайызға тең. Ал көмiрсутегiлердi өндiрумен шектелiп отырған Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп 8 пайыздың төңiрегiнде, оның ішінде аяқ киiм өндiрiсi 1 пайызға да жетпейдi. Экономикалық заңға жүгiнсек, жеңiлөнеркәсiп мемлекеттiк бюджеттiң 20 пайызын қалыпастыруға және iшкi нарықтағы тұтынушылық сұраныстың 75-85 пайыздық үлесiн қанағаттандыруға қауқарлы. КСРО ыдырағаннан кейiн-ақ өндiрiстiк қауқары сыр бере бастаған посткеңестiк елдер, әсiресе, аспанасты елiмен көршiлес жатқан қазақ, қырғыз, ресейліктер iшкi нарықты арзан әрi сапасыз қытай өнiмдерiмен толтыруға мәжбүр болды. Ресей тұтынушылық сұранысты қанағаттандыруда бiрте-бiрте отандық өнiм өндiрушiлерге мемлекеттiк тұрғыда қолдау көрсете бастады. Осының арқасында ресейлiк қаз тұрған жеңiлөнеркәсiп пен аяқ киiм өнеркәсiбi сыртқа экспорттау iсiн дамытуға ден қойды.
Бүгiнде қазақ нарығын жаулап алған ресейлiк аяқ киiмдер, әсiресе, балаларға арналған өнiмдер сапалы болғанымен, кез келгеннiң қалтасы көтере бермейдi. Мұндайда қағазда көрсетiлген құны бағадан гөрi, ұялы телефон нөмiрлерiне көбiрек ұқсайтын түрiк немесе еуропалық тауарлар туралы сөз қозғаудың өзi артық. Қазақстандағы жеңiлөнеркәсiп саласының өкiлдерi ел үкiметіне ұсыныс айтып, салықтық жеңiлдiктер көрсету, елiмiздегi жеңiл өнеркәсiбіндегі мекемелердің барлығына тең дәрежеде бірдей жағдай жасау, тауарлардың саудалық тепе-теңдiгiн қамтамасыз ету (импорт пен экспорт көлемiнiң сәйкестiгi) сынды өзге де мәселелерді күн тәртібіне қойып отыр. Әлбетте, ендiгi кезек – үкiметте.

«Қазақстан Іскері», №11, 4-маусым, 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1489
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5531