Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 98863 0 пікір 9 Қаңтар, 2011 сағат 22:51

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан

Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1870-1937) - көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы. Туған жері бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Көкжал Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей хан осы Көкжал Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.

Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1870-1937) - көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы. Туған жері бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Көкжал Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей хан осы Көкжал Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.

Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады. Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар Әлихан Омбының техникалық училищесіне қабылданады. Төрт жыл бойы үздік оқыған алғыр шәкіртіне риза болған мүмкіндік жасайды. Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, Ресейдің астанасы Санкт Петербургке барып, Орман шаруашылығы иснтитутына түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады.

Оны екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды. Оқуын бітіріп, Омбыға оарлғанда Ә.Бөкейханов Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің капиталистік қоғамның қанау тетіктерін ашып берген экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады. «Халық бостандығы» партиясының қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады.

Әлиханның саяси көзқарасының пісіп, жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсеі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді. XX ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұхара мен Түркістанға бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді.

Сондықтан олар, ең алдымен, халықтың сана сезімін оятатын жағдай жасау керек деп білді. Бар күш қуаттарын осы мақсатқа жұмылдырады. Бірақ олардың ойдағыдай жұмыс істеуіне жандармерия басқармасының жансыздары мүмкіндік бермейді. Солардың көрсетуімен қуғынға түседі, түрмеге қамалады. Бұдан студент кезінде ақ сенімсіздердің қара тізіміне ілігіп, бақылауда жүрген Әлихан да тыс қалған жоқ, алдымен, Семей түрмесіне қамалып, кейін Самар қаласына жер аударылады. 1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самарыдан Орынбор келген Әлихан бірден қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланады. Ол Ақпан төнкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге қарсы болады.

Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір автономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ автономиясы құрылмақ болады. Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1917 жылдың желтоқсанында бүкіл қазақтардың құрылтайында Қазақ автономиясы жарияланып, Ә.Бөкейханов сол алғашқы Қазақ автономиялы республикасының тұңғыш төрағасы болып сайланады.

Бірақ көп ұзамай жеңіске жеткен большевиктер Қазақ автономиясының жұмысын тоқтатып, басшыларын қуғынға салады. Ә.Бөкейханов Мәскеуге жер аударылады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жылдың тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен өлім жазасына кеседі. Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан қилы. Ол Ресей жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің делегаты, Ресейдің I Мемлекеттік Думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі, ғұлама ғалым ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармагы, әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға.

Алашорда үкіметіне сайланғандарға жеке-жеке тоқталғанда алдымен ауызға алынатындардың арасында, әрине, сиез сайлаған оның төрағасы - Әлихан Бөкейханов болып табылады.

Замандастары мен халқы қадірлеп «Әлекең» деп атап кеткен Әлихан Бөкейханов - бүкіл саналы өмірін қазақ халқының ұлттық саяси бостандығы мен дербестігі үшін арнаған аяулы ұлы тұлғамыз. Ата тегі жағынан төрелер тұқымынан екені мәлім.

1866 жылы 5 наурызда (өзінің тергеуде берген жауабынан) бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысының 7-ауылында туған. Әлекеңнің туған жылы туралы деректер әр түрлі. Дегенмен де бұл дерек дұрыс болар дейміз. Себебі оның жасы туралы келтірілген ең алғашқы архивтік дерек ҚР орталық архивінде сақталған құжатта Әлекеңнің Қарқаралы ерлер приход училищесінің дайындық бөлімінде 1878/79-жылының 1-ші жарты жылдығында оқып жүрген 23 қазақ баласымен бірге оқу үлгерімі туралы ведомосіндегі деректе, Әлекең училищеге 1878 жылы 16 қыркүйекте түскенде жасы 11-де деп көрсетілген. Яғни туған жылы 1867 болмақ. Бұл жыл Әлекеңнің өзі көрсеткен 1866 жылға жақын. Сондықтан оның 1866 жылы туғаны күмән туғызбаса керек.

1886-1890 жылдары Омбы техникалық училищесінде оқып шығып, 1894 жылы Санкт-Петербург орман институтының экономика факультетін бітірген. ЖОО бітірген соң училищеде математикадан сабақ береді.

Қазақ даласының қонысының жер жағдайын зерттеген, яғни өкіметтің қазақтың «артық жерін» заң жүзінде негіздеу үшін құрылған Ф.А.Щербина экспедициясының құрамында болып, қазақты жерге орналастыру мә­селесімен түбегейлі танысып, зерттейді.

Ә.Бөкейханов Ресейдің көрнекті экономист, географ ғалымдарымен бірлесе отырып, «Россия біздің отанымыздың жалпы географиялық сипаттамасы» атты көп томдық еңбектің 1903 жылы шыққан қазақ өлкесіне арналған 18 томның тарауларын жазуға қатысқан. Әлекең қазақтар туралы шынайы мәліметтер келтіріп, қазақтарды асқақтатады. Қазақтың ой-өрісі мен дүние танымы, ежелгі мәдениеті мен тарихы сияқты қасиеттері анағұрлым озық тұрғанын аңғартады.

Абайды алғаш рет орыс оқырмандарына таныстырады, оның қазақ әдебиетіндегі алатын орнын бағамдайды.

1905 жылы Семей облысынан 1 Мемлекеттік Думаға депутат болып сайланып, Дума таратылар алдында ғана үлгереді.

Әлекеңнің саяси өмірге белсене араласуы осы кезден басталады. Орыс баспасөзінде қазақ даласындағы патша өкіметінің отаршылдық саясатын әшкерелейтін мақалалар жариялайды. Әр түрлі саяси жиналыстарға бел­сене қатысып, қазақ кадет партиясын құруды көздейді.

Міне, Әлихан Бөкейхановтың осындай белсенді саяси қимылдары патша өкіметін сескендіріп, оны қазақ даласынан аластап, Самара қаласына жер аударады. Әлекең, онда 1908-1917 жылдары тұрып, қазақ қоғамының тыныс-тіршілігінен қол үзбей «Қазақ» газетіне «Қыр баласы» деген атпен ел тіршілігінің өткір де түйткіл мәселелеріне ден қойған мақалалар жазады.

Ақпан төңкерісінен соң, оңтайлы саяси ахуалды қалт жібермей пайдаланып қазақ елдігінің дербестігі үшін белсене қимылдайды.

1917 жылдары шілде және желтоқсан айларында өткен жалпы қазақтық сиездерді ұйымдастырып, онда «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметін құруға қол жеткізеді. Алашорда үкіметінің төрағалығына сайланады.

Азамат соғысы жылдары қазақ халқының ақ пен қызылдың теке тіресінде тектен-текке қосақ арасына кетпеуіне күш салады. Осы бағытта жұмыстар жүргізіледі.

Кеңес кезеңінде өкімет орындары Қазақстанда тұрғызбай, Мәскеуде ұстайды, саясатпен айналысуға мүмкіндік бермейді. Жаңа жағдайға байла­нысты, бұрынғы алаш зиялылары өздерінің күрескерлік жолын өз хал­қының сауатын ашу үшін оқулықтар жазып, фольклорлық әр түрлі жинақ­тар шығарып, ғылыммен шұғылданып, аудармалармен айналысып, қазақ шаруашылығын ұйымдастыруда басқа жұрттың озық мәдени түрлерін пайдаланудың жолдарын көрсетіп насихаттауға бағыттайды.

Кеңес орындары Әлихан Бөкейхановқа тыныштық бермей, 20-жылдары екі рет тұтқындап, онда амалсыз босатып, ақыр аяғында 1937 жылдың науқанында қанды шеңгелге алады.

 

Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі,

Демейді қандай қазақ оны оң көзі.

Семей тұрсын, жеті облыс - бар қазақтан,

Талассыз жеке-дара тұр ғой өзі, - деп С.Торайғыров айтқандай, Әлекең әрқашан да қазақ жүрегінде жеке дара тұлға болып қала бермек.

 

Бір дерек

Ленин қайтыс бола салысымен бар билікті қолына жинап алған компартияның бас хатшысы Сталиннің беделі күшейе түскен кез еді, бұл. Тіпті, Сталиннің әмірінің күштілігі сондай, 1924 жылы 12 мамырдағы БКП(б) Орталық Ко­митетінің пленумында жариялануға тиісті Н. Крупская өз қолымен ресми түрде табыс еткен Лениннің хаты оқылмады. Сталин өз қарсыластарының көзін біртіндеп құрта бастады. Ел ішінде "қызыл террор" өршіді. 1927 жылы Мәскеуде өткен БКП(б)-ның XY сьезінде Лениннің "Сталин слишком груб и этот недостаток, вполне терпимый в среде и в общениях между нами, коммунистами, ста­новится нетерпимым в должности генсека" деп айтылатын әйгілі сьезге хаты тағы да жария­ланбай қалды. Керісінше осы сьезде Троцкий, Зиновьев секілді оппозиция көсем­дері партиядан қуылды. Бәлкім, сол себепті алдын ала қауіпсіздік шараларын сақтау үшін Троц­кийдің хатында қазақ өлкесіндегі оппозиция­лық топтың басшылары Ә.Бөкейханов пен Ә.Ермековтің есімдері әдейі жазылмай қалды ма екен?

1927 жылдың 1 қазанынан бастап Әлихан Бөкейханов Мәскеуде ОГПУ органдарының бақылауы астында тұруға тиіс болды. Содан Мәскеуде қызмет ету мүмкін болмағандықтан Қазақстанға қайтып оралады. 1928 жылы Ә.Бөкейханов Алматыда ҚазМУ-да, ал Ә.Ер­меков ҚазПИ-де сабақ береді. 1929 жылы 2 маусымда 43 Алаш қозғалысының қайрат­керлерімен бірге ол Алматыда тұтқынға алы­нып, осы жылдың соңына қарай Мәскеудегі Бутырка абақтысына жөнелтіледі (Қараңыз, Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы. Том-2. Алматы, 1999. 76-б.).

Тағдыр деген қызық қой. 1920 жылдардың соңына қарай Троцкийдің өзі қазақ елінің сол кездегі астанасы Алматыға саяси жер аударылып келді. Оның осы "қазақ достары" арасына келуінде де үлкен сыр бар секілді. Ол кезде Орта Азия республикалары ішінде қазақ ұлттық саяси элитасының беделі өте зор еді. Троцкий өзінің Мәскеуде іске асыра алмаған оппортунистік идеяларын Қазақстанда, атап айтқанда алашордашылар деп аталатын ұлттық интеллигенцияның көрнекті өкілдерінің көмегімен жүзеге асырғысы келді ме, кім білсін... Бірақ олардың іс-әрекеттері әрдайым қатаң бақылауда болды.

Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов 1929 жылы Алматыда қамауға алынып, Мәскеуге Бутыркаға тергеуге түскенде, КСРО Халық ко­мис­сарлар кеңесі жанындағы ОГПУ "үшті­гінің" оған "1921 жылы Орынборда контррево­люциялық ұйым құрды, ортаазиялық пантүрік­шіл ұйымның басшысы Валидовпен байла­ныста болды. 1927 жылы қазақ даласында қарулы көтеріліс даярлау әрекетіне қатысты" деп айып тағып, РСФСР Қылмыстық Кодек­сінің 58-бабының 2,4 және 11-тармақтары бойынша ату жазасына кесілуі тегін емес еді. Алайда, ОГПУ "үштігі" қазақ ұлты зиялыла­рының көсемі Ә.Бөкейхановтай үлкен тұлғаны құртып жіберуге қорықты. Оған берілген өлім жазасы абақтыда өтеуіне ауыстырылды. Ақыры ол ОГПУ органдарына ұлт зиялыларының наразылық білдіруіне байланысты түрмеден босатылды. Өкінішке қарай, оның сонау бір жылдары Семейде "Алаш" партиясының облыстық комитетін, Алашорда үкіметін бірге құрысып, қызметтес болған сенімді серіктері Халел Ғаббасов, Жүсіпбек Аймауытов және т.б. Мәскеудегі Бутырка түрмесінде жазықсыздан жазықсыз атылып кете барды.

«Егемен Қазақстан» газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2039