Сенбі, 23 Қараша 2024
Қарбалас 4305 11 пікір 6 Ақпан, 2018 сағат 08:48

Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесін өмір бойы басқаруы мүмкін

Парламентке Қазақстанның тұңғыш әрі әзірге жалғыз президентіне Қауіпсіздік Кеңесін өмір бойы басқаруға құқық беретін заң жобасы келіп түсті. Жобада Қауіпсіздік Кеңесінің мәртебесін конституциялық орган ретінде өзгертуді ұсынылған.

Заң жобасы қабылданған жағдайда Қауіпсіздік Кеңесі елдегі орталық басқару тетігі болып саналады әрі ондағы шешімді атқарушы билік міндетті түрде орындауы қажет болады.

Демократияны дамыту жөніндегі Орталық Азия қорының жетекшісі, саясаттанушы Толғанай Үмбетәлиева аталған заң жобасы елдегі саяси жүйені өзгертеді деп ойламайды. Оның пікірінше, әскери тұжырымдаманы қабылдағаннан кейін, Қауіпсіздік Кеңесінің құрылымын өзгертуге тура келген. Себебі, билік транзиті кезінде, қауіпсіздік мәселесіне аса мән бермек.

«Конституционализмді және демократияны дамыту институты» қоғамдық қорының директоры Мереке Ғабдуалиев заң жобасынан биліктің ауысына дайындықты көреді.

"Билік транзиті кезінде кім өзін қалай ұстайтыны белгісіз. Егер келесі президент кезінде елде «форс-мажор» басталса, онда елбасы Қауіпсіздік кеңесі арқылы жағдайды бақылауға алуы мүмкін",- деп есептейді Мереке Ғабдуалиев.

2017 жылы Қазақстанда Конституцияға өзгерістер енгізілді. Ол парламент пен үкіметтің рөлін күшейтуге бағытталған. Freedom House халықаралық құқық қорғау ұйымы конституциялық реформаны билікті бөліп алуға шектеу қою деп баға берген.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347