Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Не дейді?! 7094 12 пікір 23 Ақпан, 2018 сағат 10:22

Әзімбай Ғали. Бүгінгі қазақ - мүлде басқа қазақ.

Қоғамтанушы ретінде айтарым, қазақта лингва ұлтшылдық пен діншілдік көтерілу өршуі ықтимал. Бұл ертеңгі күннің мәселесі. Екіншіден, бүгін экзистенциалдық еркіндік, индивидуалдық пен персонализм күшеймек. Екі үрдістің бірі  қала тұрғындарына және бірі жеке меншікшіл қоғамға тән. Бұрындары қазақ ру басына, махалля жамағатына тәуелді болды. Кейін колхоз председателіне, ауылсовет бастығына, управляющийге, бригадирге, бухгалтерге т.б. тәуелді еді. Кеңес одағы қазақ үшін отаршылдық билік еді. Қазақ қызметте шеттетілді, тілден кемсітілді, ашаршылықта нәубет болды.  Әскери жазалаушылар қазақты әскермен қырды. Бұл геноцид еді. Бүгін бұл жайлы аз айтылады.

Сол тұстағы мемлекет КСРО деп аталып, билігі іс жүзінде Ресейлік империялық отаршылдық мемлекеті болды. КСРО қазақтың қалаға көшіп келуін шектеді. Прописканы талап етті. Пропискасыз қара жұмыс та , қызмет те жоқ.

Бізге Тәуелсіздік деген нарықтық қатынаспен қатар келді. Нарықтық қатынас бай алпауыттардан басқа ортаң қол, орта дәулетті қауымды қалыптастырды. Қазақтың 60 %-дан астамы қалада тұратын болды. Енді Қазақстанда өз өзіне жеткілікті, тәуелсіз қауым мен орта пайда болды. Бұл қауымда ханға сәлем бермейтін типаж көбейді. Себебі, олар ешкімге бағынышты емес. Оның үстіне қалада анонимдік қарым-қатынас. Көп адамдар бір біріне бейтарап,тіпті танымайды да. Билікке де бас ұрмайды.

Отаршылдық кеңес үкіметі таталитарлық еді. Кеңес үкіметінің орнына егемендік авторитаризм келді. Мен біздің авторитаризмді көз ашық авторитаризм деп атадым. Біздің авторитаризмнің негізгі жетістігі егемендік пен территориалдық тұтастықты сақтағаны.Тағы бір зор еңбегі нарықтық қатынастарды орнатқаны.Сол радикалды реформалардың әсерінен Қазақстан экономикасы мен оның ішкі жиынтық өнімі еселеп өсті. Қазақстанда ІЖӨ Өзбекстаннан 4,2 есе артық, ал Алматының өңірлік ішкі өнімі Қырғызстанның ішкі жиынтық өнімінен көбірек.

Жетістіктер мен қатар негативтер де аз емес. Бізде отаршылдықтың дертінен айықпағандар әлі де бар. Қазақ тілінің статусы қазақтың көңілінен шықпайды. Ия, Қазақстанды отарсыздандыру 1970 жылдан басталып 1991 жылға дейін экономикалық және әлеуметтік себептерге байланысты жүріп келді. Қазақстанда еңбек қолы артық болғандықтан, Ресейде, Германияда, Грекияда, Израильде тұрмыс деңгейі жоғары болып, Қазақстаннан көшем деушілерге көшуге рұқсат болғандықтан, орыстар пен немістер, гректер мен еврейлер өз ата мекеніне көшті, оларды ешкім қуған жоқ.

26 жыл егемендікте қазақ отаршылдықтың зардабын ұмытты. Ұлттық санада релакс-прострация, бейбіт өмір мен егемендік ұлттық сананы әлдилеп ұйықтатып тастады. Ұлттық талаптар күн тәртібінен шығып, есесіне әлеуметтік , тұрмыстық, экологиялық, сексуалдық мәселелер маңыздырақ көрінетін болды.

Тағы бір зауалды қауып бар. Ол Қазақстанда нарықтық саяси бағыттың бәсеңдеуі, мемлекеттік сектордың үлесінің өсу ықтималдылығы. Мәселен Ресейде 70 % меншік мемлекет қолында. Тіпті бүл күн санап өсіп келеді. Халық, қалың бұқара белсенділері жерге жеке меншікті қабылдағысы жоқ. Бұл адасушылық. Көрші жатқан шет мемлекетерге (Қытай,Ресей, Өзбекстан) жалға және жеке меншікке бермей ақ, өз азаматтарымызға жерге жеке меншік институтын тереңдету керек. Жер нарықтық объект ретінде тиянақты қаржылық институтқа айналғаны жөн. Фермерлердің басым көпшілігі қазақ (80%), сондықтан қазаққа қазақтың жерін қимау- қателік.

Назарбаев жер латифундистерінің меншік көлемін шектеп, жерлерінің бір бөлігін сатқызып, фермерлерге арзан бағада беріп бұл істі қолдауы - дұрыс. Фермерлер алған жер иеліктерін жеке меншікке айналдырып, банктерге кепілдікке қойып несие алғаны әлемдік дамыған ел практикасында бар.  Субвенция тәжірибесі фермерлер шаруасына қолдау болады. Ал халықта бейқамдық, бойкүйездік, бейтараптық психология басым. Не десек те бүгінгі қазақ - мүлде басқа қазақ.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052