Сенбі, 23 Қараша 2024
4735 0 пікір 12 Наурыз, 2018 сағат 04:24

Алматы облысының «Талдау және болжау» орталығы vty «BISAM» зерттеу орталығы меморандумға қол қойды

Орталықтың қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында іскерлік ақпарат, әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер орталығымен меморандумға қол қойды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.

Қазіргі таңда «Талдау және болжау» орталығы «BISAM» зерттеу орталығымен тығыз жұмыс жасауда. Орталықтың басты мақсаты ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап саны 1500-ге жуық алынған ақпаратты SPS қондырғысына енгізу. Осы арқылы зерттеу орталығынан аналитикалық сарапшы ретінде ұсыныстарын қабылдау.

Жалпы «BISAM» орталығы 2001 жылдың қыркүйегіне дейін BILESIM International Kazakhstan деп аталып, бірлескен кәсіпорын мәртебесіне ие болды.Сол жылдың қыркүйегінде ол қазақстандық кәсіпорын мәртебесіне көшіп, «BISAM Central Asia» атауын алды. «BISAM» Дүниежүзілік Кәсіби Зерттеушілер Ассоциациясына ұсынылған Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы зерттеу компаниясы болып табылады.

1999 жылдан бері BISAM өкілдері жыл сайынғы ESOMAR конгрестерінің барлығына делегаттар болды. Халықаралық зерттеу қоғамдастығының ең беделді форумдарында жүйелі түрде қатысу BISAM-ның ғаламдық зерттеу саласының ең озық идеялары мен тенденцияларына сәйкес келуіне мүмкіндік берді. 2006 жылы BISAM Орталық Азия мен Қазақстандағы ESOMAR Конгресс бағдарламасына енгізілген алғашқы зерттеу агенттігі болды.

«Біздің орталық тек маркетингтік, әлеуметтік және экономикалық зерттеулермен ғана емес. Осымен бірге қызметкерлік, қоғамдық зерттеулер де жүргіземіз. Біздің болашағымыз жастар болғандықтан, олардың өмірлерінен хабардар болу керек. және интернеттегі іс-әрекеттерін де назардан тыс қалдырмаған жөн. Сондай-ақ, жалпы халықтың тұрмыс-тіршілігін, оларды алаңдататын жағдайларды зерттеу дұрыс», – деп қорытындылады «BISAM Central Asia» зерттеулер орталығының бас директоры Отенко Т.В.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407