Сенбі, 23 Қараша 2024
Алашорда 11458 32 пікір 11 Сәуір, 2018 сағат 09:44

Қарқараға жаның жеткенше, шыда, бауырым!

Қазақта ежелден бері ауыздан түспей, үнемі айтылып келе жатқан «Қарқараға жаның жеткенше, шыда!» деген сөз және бүкіл әлем елдерінде, соның ішінде Қазақ даласында да Қара, Қарқара, Қарқаралы атты әртүрлі ұғымдар мен топономикалық атаулар өте жиі кездеседі:

«Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи парк Қарқара тауының атауы қазақ қыздарының моншақ, жібер, барқыт, парча және үкімен өрнектелген ұлттық бас киімінің атауынан шыққан. Жарқыраған қарқара сияқты Қарқара таулары жарқырап тұр» (Уикипедия).

Қарқара – қазақ әйелдерінің бас киімі. Биік төбелі Қарақараның милығына айнала құндыз тұтып, маңдай түсын жоғарыдан төмен қарай үшкілдеп жыға тігеді де, төбесіне құс қауырсынын қадаған. Бас киімнің атауы да осыдан шыққан. Кейде қауырсынның өзін де "қарқара" деп атайды (Уикипедия – ашық энциклопедиясынан).

«Қыздардың баскиіміне сәндік үшін құс қауырсыны қадалып отырған, соған байланысты «қарқара» деген атау қалыптасқан. Қарқара – жас әйелдердің, қыздардың төбесі биік, шошақтау келген, салтанатта киетін бас киімі. Биік төбелі қарқараның милығына айнала құндыз тұтып, маңдай тұсын жоғарыдан төмен қарай үшкілдеп жыра тігеді де, төбесіне құс қауырсынын орнатады. Биік, әрі шошақ, әсем безендірілген және сұлу құстардың қанат қауырсынын қадаған баскиімді жас келіншектер, қыздар сән-салтанаты мен жарасымын арттыру үшін киген.

Кейбір деректерге қарағанда, қарқараны тек қыздар ғана емес, сұлтан, төрелер, хан балалары да өздерін басқалардан ерекшелендіру үшін киген. Бұған Есік обасынан табылған «Алтын Адам» тәжі мысал бола алады. (М.Мерей. «Зерлі тақиядан кестелі кимешекке дейін» http://syrboyi.kz/negizginews/10411-zerl-taiyadan-kestel-kimeshekke-deyn.html).

 

«Қарқара тұмақ кигізіп,

        Қадыл болуын сұрайық», («Мұңалдың құпия шежіресі» (1240 жыл)).

 

«Қарқара - қалмақ қызының есімі. Қарқара өңірі атауы содан қалған».  («Қарқара» атауы қайдан шықты? http://www.inform.kz/kz/babalar-sozi-karkara-atauy-kaydan-shykty_a2799146).

 

«Атыңнан айналайын Қарқаралы,

         Сенен бұлт, менен қайғы тарқамады.

         Саяңнан сайғақ құрлы пана таппай

         Мен бір жан қаңғып жүрген арқадағы» (Мәди Бәпиұлы 1880-1921).

Қарағанды облысында Қарқара ауданы бар.

Жетісу өңірі қазақтарының 1916 жылғы «Қарқара көтерілісі» Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы бас көтеруі қазақ тарихындағы ең ірі бас көтерулерінің бірі болып енді.

«Қарқаралы – Алаш қозғалысының бастауы болған өлке». (7.07.2016 жылы «Абай Кз» (http://abai.kz/post/view?id=8703)).

«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» (2008) «Қарқара» – ерте кездегі тырна тектес, сирағы ұзын, қауырсыны әдемі құс және «қар­қара» сөзі қыздар мен жас әйелдердің төбесі биік шашақтау болып келген салтанатты бас киім» деп те түсініктеме берілген.

«Қарқаралы тарихы тереңде «Қарқаралы» сөзінің шығу тарихы туралы деректер де, тарихи әфсаналар да көп. Шежірелі қарт Қарқаралының кербез де сұлу, көрікті тауларының алыстан қарағандағы пішіні қазақ әйелдерінің дәстүрлі бас киімі қарқараға ұқсап келеді. Сондықтан қаланың осылай аталуы да дәлелді пікір сияқты. Бірақ Алматы қаласының етегіндегі Қарқара жері де осы атаудың мағынасын ашып тұрғандай. Сондықтан көп деректерде кездесетін Қарқара атауын көбіне осы Қарқара жеріне теліп келеді. «Қарқара» сөзінің енді бір мағыналық сипаты «тәж» мағынасында. Ертеде ел билеген көсемдердің, хандардың басында қарқарасы болған. Ендеше Сарыарқаның сайын даласындағы бұл таулар ханның басына киген алтын тәжі сияқты, қарқарадай болған соң, бұл өңір халық аузында Қарқаралы өңірі аталып кетуі әбден мүмкін. Өйткені Қарқаралы таулары — тым ерте дәуірде түзілген таулы қырат. Дей тұрғанмен Қарқара атауын қоя тұрып, «Қарқаралы» деген сөздің ұғымын ашатын болсақ, біз, әрине, көне қаланың өзін, оны қоршай біткен әсем табиғатты да айтамыз. Олай дейтініміз – бар сұлулық пен әсемдікті бойына жинаған бұл өңірді талай ақын жырға қосқан. «Атыңнан айналайын, Қарқаралы, Сенен бұлт, менен қайғы тарқамады, — деп Мәди бабамыз жырлап кетсе, ұлы жазушымыз Сәбит Мұқанов «Сұлушаш» поэмасын жазып қалдырды. «Сұлушаш» дастанында жырланған қыздың тағдыры осы Қарқаралы өңірінде болған аңызға деректеліп жазылды. Тіпті Жанақ ақынның «Қыз берген қарқарасы түсіп қалып, тау атын Қарқаралы қоя сапты» дейтін жыры да бар. Бұл Қарқаралы атауының сәукеле, қарқара мағынасындағы деректер негізінде жазылғанын аңғартады.  Қарқаралы атауының тағы бір аңыз-әфсаналық дерегінде былай деп көрсетіледі: «Қарқаралы мекенінде көрші тұрған екі ауыл байлары өздерінің балаларын тумай жатып атастырып қояды. Бірде ауылдар арасында келіспеушіліктер туып, атастырылған қыз бен жігітті айырып алып кетеді. Қыз өте сұлу болады, ал жігіт нағыз батыр болып өседі. Арада жылдар өтіп екеуі кездеседі, екі ғашық бір-бірінсіз өмірдің қисыны болмайтынын түсініп, ауылдарынан қашып кетеді. Мұны сезген қыз әкесі қуғыншы жіберіп, жігіттің өліміне себепші болады. Сонда мұндай сұмдықты көрген қыз шыдай алмай өз-өзіне қол жұмсайды. Сүйгенінің кеудесіне құлағанда, қыздың ауыр бас киімі қарқара жерге құлапты». Ақыры осы құлаған қарқараның құрметіне «Қарқаралы» атауы шыққан деген». (Алтынбек Құмырзақұлы «Тарихы тылсым Қарқаралы» http://e-history.kz/kz/project/view/14?type=publicationproject&material_id=158).

 

«Алматы облысының Райымбек ауданында тау, өзен, жайлау және Қарқара ауылы да Қарқара деген тау атауына байланысты қойылған.

«Қарқара қалың қазақ кебесіндей,

       Албанның албырт-ерке енесіндей.

       Қарағай қапталдағы, жыныс арша,

       Қыдырлы малдың құтты келесіндей.

       Қарқара жарасымды жазық жайлау,

       Үй-күлше, құрттың жайған өресіндей» (Ілияс Жансүгіров).

Қарқара атауы Жетісу өлкесінде ғана емес, Қарағанды облысында Қарқаралы тұлғасында, Қырғызстан Республикасында Каркыра (Ыссық­көл облысы Ақсу, Түп аудандарында), Каркыра – көл (Ош облысы Алай жотасында), Монғолияда Хархара атауы кездесуінің тарихи сыры бар. Жоғарыдағы пікірлерге ден қоя отырып, Қарқара (өзен, тау) атының түркі тілдеріне тәндігін, оның біздің дәуірімізден бұрынғы жылдардан барын пайымдаймыз. Сонымен қатар оның көнелігін атау құрамындағы сөздердің үнді-еуропа, түркі, моңғол тілдерінде ежелгі заманнан бары дәлелдей түседі. Бірінші кезекте тау аты, одан соң өзен аты Қарқара аталған болу керек. Атау: «үлкен, биік», «асқақ», «заңғар», «алып тау» деген мағынаға ие екені оның жағрапиялық сипатына толық сай келеді.» («Қарқара» Телғожа ЖАНҰЗАҚ  http://kazgazeta.kz/?p=48278).

«Қарқара жылғасының аты жайында мынандай бір аңыз бар: «Қалмақтарға шабуыл жасаған кездерінің бірінде қазақтар осы өзеннің бойында Зайсанның екі қызын тартып алады. Қалмақтардың ауылы жаңа ғана көшіп кеткен екен. Қыздар жұртта жуынып – таранып, көш қонатын жерге сән – салтанатпен бармақшы болып аялдап қалған. Олардың сәукелесіне қадаған үкілері, қауырсындары бар екен. Қазақтар сол қауырсынды қарқара деген» Жылғаның Қарқара аталуы жайындағы аңыздың шығу тарихы осындай» (Шоқан Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі»).

«Әкесінің әбден әрінен айрылған қу шөлмектей аппақ бетіне жаны қарқараға кеп қысылғанда да қан жүгірмеді, бір түрлі күлгін көгіс тартты. ...Жаулығы қарқарадай кәрі әжелер таяқтарына сүйеніп ап, үй жығып жатқан қыз-келінге анадайдан жөн-жосық айтып қояды» (Әбіш Кекілбаев «Шыңырау»).

Троя төңірегінде Қарқара атты шың бар. Гомердің «Илиададай (Ел Адай М.Қ. )» дастанында:

«Кронұлы (Зевс) Идаға, аң-құстың нулы-сулы анасына,

Тоғайы мен құрбандықханасы орналасқан Қарқараға келiп,

Жүйрiк сәйгүлiктерiнiң тiзгiнiн тартты», деген жолдар бар.

Осы жырда айтылатын Эней баспаналаған Карфаген қаласының толық атауы Қар Апа кенті. Кар-Қар, фа-Апа, ген-кен (кенті) болып талданады. Кент қазақта (тұрғыны көп елді мекен), яғни қала деген мағына бергені сияқты, парсы тілінде де қала, шаһар; көне латын тілінде адам, адамдар, халық  деген мағынаны білдіреді.

Түсініктеме: Ең алғашқы кентті (қаланы) салған атамыздың аты Кенті Баба. Кенті бабаның моласы Маңғыстауда. Күні бүгінде де Кенті баба қорымы деп аталады.

Серікбол Қондыбайдың «Маңғыстау мен Үстірттің жер-су атаулары» атты еңбегінде түбірінде «Қар» мен «Қара» бар 300-ге жуық атаулар көрсетілген. Ал әлем елдері тарихына үңілсек, ондай атауларды санап тауыса алмайсың, тіпті бүкіл жер шарында осы аттас топономикалық атаулары кездеспейтін бірде-бір ел жоқ десе де болады.

Қабиболла Сыдиықұлының «Бекет Ата» атты кітабында /«Арыс» баспасы, Алматы - 1994 жыл/ Ұлы бабаның аманат - өсиетін оқырманның назарына ұсынған. Онда, Пір Бекет бабамыз: «Қарқараға жандарың келіп, қашан қиын жағдайда қалғанша атымды атамаңдар. Ондай ауыр халде ауыздарыңа алсаңдар, әруағым жар болып жүрер,- деп көз жұмыпты» дейді...

«Қарқараға жандарың келгенше менің атымды ауызға алмаңдар, аса қиын жағдайға тап болғанда ғана жәрдем сұраңдар!» (Бекет Ата өсиетінен).

Өздеріңіз көріп отырғандай, Қарқара қазақтың ең қасиетті ұғымдарының қатарына жатады. Сондықтан, Қарқара – Аналарымыздың басына киетін ұлттық бас киімі, Қарқара – тау, Қарқара – ерлердің басына киетін тұмақ, Қарқара – қыз есімі, Қарқара – аспанда ұшатын құс, Қарқара – қасиетті жер атауы, Қарқара – ақиқат үшін күрестің жан алысып, жан беріскен жері, Қарқара – өзен, Қарқара – жайлау, Қарқара - «үлкен, биік», «асқақ», «заңғар», «алып тау» деген сияқты қазақтың ең асыл ұғымдарын түгелдей қамтып тұр.  Бірақ, бұл жерде Қарқара деген сөздің өзі қайдан шықты және не мағына береді деген негізгі сұрақтың жауабы жоқ.

Біз бұл сұрақтың жауабын, Атамыз Қазақтың өз тарихын бір ауыз сөзбен жазатын басты қағидасына сәйкес, атау сөздің құрамынан және оның түбіірнен табамыз:

Қарқара – сөз түбірі Ар, ары қарай сөз құрамы Қа, Қар, Ра, Ара, Қара, Арқа, Қарқара болып шығады.

Ар (Ар иман) – әрбір адам баласының қорғауға тиісті ары (ар-иманы, Атамекен туған жері, отбасы және Отаны). Міне осыларды қорғауға тиіспін деген сенімің, яғни иманың болса Арыңның болғаны, болмаса Арсызсың. Ежелде арсыздар адам қатарына саналмаған, қазірде де саналмайды. Атам Қазақтың кейбір жетесіздерге ренжігенде  «Өй, Арсыз!» ұрысатыны осыдан. Ежелгі қазақтардың кезінде түгелдей, Бесқала қазақтарының күні бүгінде де «Арма! (Арың бар ма?)» деп амандасатыны, Сәлем алушының «Бар бол (Арың бар болғай!)» деп жауап қайтаратыны осыдан.

Осылай амандасу салты «Алпамыс батыр» жырында, Алпамыс батырдың кездескендерге бірнеше рет «Арма!» деп, деп амандасқаны суреттеледі.

Қарқара құрамында «Ар» деген түбір сөз бір емес екі рет қайталанады.

Осы Ар-дан туындайтын Арыстар (Арий тайпалары) – қазіргі Арыстардың атасы қазақтың үш арысы (Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс), Сегіз арыс Адай (Тәзіке, Қосай, Құнанорыс (Рысқұл), Ақпан, Балықшы (Шыбынтай), Бұзау, Тобыш, Мұңал), Арап (Ар апа), Парсы т.т.. Қазақ даласының оңтүстігіндегі Арыс қаласы мен өзен, Қазақтың Қап тауы (Капқаз) сырты еліндегі Аракс, Ардон  өзендері атауы т.т. яғни сөз түбірінде (өз түбінде) «Ар» деген сөзі бар елдер мен топономикалық атаулардың бәрі солардан қалған. Қараман Ата есімі түбірінің де Ар болатыны осыдан.

Арыстардың арғы тегі Жары (Жарты) руы. Бұл Әлемге әйгілі Шыңғыс қағанды берген рудың аты. Әйгілі Қиян мен Қияттар және Бөржігіндер осы Мұңал-Жары руынан тарайды. Батыс Қазақстандағы Мұңалжары тауы атауы солардан қалды.  Ардың алдында тұрған «Ж» таңбасы қасиетті жеті буын ұрпақ, яғни «Жебе» деген сөз. Бұл сөз күнделікті қолданысымыздағы ер мен әйел, яғни  «екі жарты, бір бүтін болып» Қарқара сөзінің ішіне түгел сыйып тұр.

Қа – сөз басында тұр. Осы буыннан Қар, Қара, Қарқара, Қазақ, Қарт Қазақ, Қария, Қазақтың Қара баласы деген сөздер бар.

Қар –  Қар мен Ақ синоним. Аппақ қарды - Ақша Қар дейтініміз осыдан.

Ра – Күн Құдайы, Хакім Абайдың «Алланың өзі де Рас, сөзі де Рас» дейтіні осы. Рас – шындық, яғни ақиқат.

Ара – Ақ пен Қараның ара жігін ажыратып тұр. Аралассаң – қайта қосып тұр. Сөз түсінбей, Ақ пен Қараны ажыратуға дәрменің жетпесе Ара болып шағып тұр.

Қара бірнеше мағыналы: Себебі бұл сөздің құрамының өзі Ақ пен Қарадан тұрады.

Мысалы: 1. Қapa – cиыp, жылық, түйе cияқты іpі мaл: іpі қapa мaл; қapa cөзі қaзaқ тілінде кейде жеке тұpыптa дәл оcы мaғынaны білдіpеді: тоқcaн мың екен қapacы, ноқтa тимеген (Қaзaқ эпоcы).

  1. Қapa – aлыcтaн бұлдыpaп, қapaуытып көpінетін бейне, жaнды және жaнcыз зaт тұлғacы.
  2. Қapa – хaн, aқcүйектеp, төpе тұқымынa жaтпaйтын, жaлпы хaлық не cол хaлықтың өкілі.
  3. Қapa – cеpік, еc, жәpдемші.
  4. Қapa – мaйcыз, дәмcіз, қaтықcыз, cүтcіз дaйындaлғaн ac.
  5. Қapa – aйыпты, кінәлі, қылмыcты aдaм.
  6. Қapa – жaлa, оpынcыз aйып.
  7. Қapa – aдaмғa зиян келтіpетін қacиетcіз мaқұлық, еcкі cенімге бaйлaныcты неше түpлі жын шaйтaн aлбacты cияқты нәpcелеp.
  8. Қapa – өлім-жетім, қaйғы-қacіpет, ылaң.
  9.   Қapa – pеңcіз, қоңыpқaй, түp-түccіз.
  10.     Қapa – жaй, қapaпaйым cөз, пpозaлық шығapмaның тілі.
  11.     Қapa – aуыp, зілбaтпaн.
  12. Қapa – қaтыгез, қaныпезеp, ұятcыз, пиғылы жaмaн aдaм.
  13. Қapa – жaзу, cызу, хaт, әpіп тaңбaлapы.
  14. Қapa – көңілcіз, cүpеңcіз.
  15. Қapa – күшті екпінді.
  16. Қapa – ең жaқын, ең қымбaтты, ең aяулы.
  17. Қapa – кедей шapуaдaн шығып еңбекпен ыcылып өcкен.
  18. Қapa – үлкен, қaдіpлі, қacтеpлі, қacиетті.  Іpі қapa - cиыp, жылқы, түйе cияқты іpі мaл.

Қapa cөзі қaзaқ тілінде кейде жеке тұpыптa дәл оcы мaғынaны білдіpеді: тоқcaн мың екен қapacы, ноқтa тимеген (Қaзaқ эпоcы).

Қapa күш – күшті екпінді, қapa дaуыл – жеp бетіндегі зaттapды қиpaтып бұзып кететін қaтты cоғaтын дaуыл;

Қapa күш – тепcе теміp үзетін aдaмның, күшті хaйуaнның т.б зоp күші.

Қapa cуық – желcіз, тымыpcық қыc күндеpіндегі қaтты cуық, қaтты aяз, тоңaзу. Мыcaлы: қapa cуық – боpaны жоқ қыc және күз aйлapындa болaтын cуық, aяз.

Қapa жaяу – жaяу-жaлпылы (aдaмның өз aяғымен жүpуіне бaйлaныcты). Мыcaлы: қapa жaяу - aяқ apтapcыз жaяу жүpіc; қapa жapыc – жaяу жapыc, қapa желіc - aтты жоpғaлaтпaй, шaптыpмaй, біpыңғaй желдіpіп отыpу.

Қapaшық – ең жaқын, ең қымбaтты, ең aяулы. Мәcелен, көзімнің aғы мен қapacындaй – ең aбзaл, қaдіpлі, қымбaтты жaн мaғынacындa қолдaнылaды.

Қapa шaңыpaқ – үлкен, қaдіpлі, қacтеpлі, қacиетті. Қapa шaңыpaқ – ел қaдіpлейтін не әкенің, не aтaның, не бaбaның дәcтүp бойыншa кенженің еншіcіне тиген үлкен үйі   (Толық нұсқасы https://massaget.kz/mangilik_el/tup_tamyir/asyil_soz/34475).

Қара сөзінің бұған қарсы сипаты да бар. Бұл сөз өте ескіден келе жатуына байланысты Ақ пен Ақиқатқа қарама қарсы мағына беріліп қолданылады. Мысалы, Қаралық жасау, Қарабет, Жүзі қара т.т. Яғни Ақ сөзіне антоним ретінде қолданылады.

Арқа – Қазақ арқа деп, артқы жақты айтады. Мысалы, адамның жауырыны, сол сияқты Қазақтың Сарыарқасы.

Қарқара – Қар (Ақ) және Қара осы ұғымдардың бәрін ішіне алып, Ақиқатты (қарды) екі рет қайталап, Адам баласы кез-келген дүние де Ақиқатқа көзі жеткенше тоқтамай күресуге міндетті деп отыр. Қазақтың «Қарқараға жаның жеткенше, Шыда!» дейтіні осы.

Міне осы қағидаға сәйкес, ақ пен қараны, яғни ақиқатты алғаш ажыратқан Қаралар (Қарағандар, Қарахандар, Қарамандар), яғни бүкіл Сақ, Ғұн (Күн), түрік халықтарының қара шаңырағы Қазақ халқы, сол сияқты қазақтың қара шаңырағының иесі Байұлы – Адайлар сол ежелгі Каспийдің жағасында әлі отыр. Арал, Каспий өңірінен бастап, сонау Римге дейінгі ұлан ғайыр аймақтағы жер, су, тау, ел, елді мекен атауларында Қазақтың кіші жүзіне кіретін ру, тайпа атаулары тұнып тұр. Көбі күні бүгінде де сол ежелгі атауларымен аталады. Күн билеушілерін (Еділ патша олардың арғы ата-бабалары мен ұрпақтарын) Қаракөктің тұқымы деп атаған. Мысалы, «Жасасын Адакер бахадур! Адакер ордабасы болсын! Едіге де қаракөктің тұқымы. Ендеше, Адакер хан сайланса, дәстүр-салтқа қайшы келмейді» (Тұрсын Жұртбаев Дулыға 2. 59 бет). «Мұңалдың Құпия шежіресінде» қазіргі Мұңалиядағы Сеңгір өзенінің бастауындағы аймақ, «Қара жүректің Көк көлі», яғни қаракөк деп аталған. Сол таудың аты «Қара жүрек», көлдің аты «Көк» деп күні бүгінде де аталады.  Ал, енді осы қаракөктің түсін түстеп, тегін анықтайтын болсақ, оның негізгі тарихи отаны Маңғыстау мен Алтай (Маадай-Қараның ұлының аты Көгедей (Көке Адай екенін еске алыңыз))  екенін көреміз. Себебі, Адайлардың қыс қыстауы Маңғыстаудың теңізге сұғынған аймағы Түпқараған (Қарағантүп, Қараған түбек),  деп аталса, сол түбекке жалғасқан тау Қаратау, одан ары Маңғыстаудың Қара ойы, одан ары қырға көтерілетін жер Қараған босаға деп аталады. Бұдан шығатын қорытынды Еділ патша да, Шыңғыс ханның арғы аталары Қара ханның да, Өгіз ханның да төл ұлысы осы Арал-Каспий аймағынан, атап айтқанда Маңғыстаудағы Түпқарағаннан (Қарағантүптен, Қаралардың түбінен) бастау алған. Бүгінде ол жерге Түпқараған ауданының орталығы Форт-Шевченко (ежелгі атауы Ақ Кетік) қаласы орналасқан. Осы айтылғандардың топономикалық айғақтамасы ретінде айтарымыз, Қараған түбекте «Қаңға баба» деген тарихи, сәулет нысаны мен «Қараған әулие» деген киелі нысан бар. Екеуі де көне керуен жолдың бойында орналасқан. Оданда басқа Бозашы түбегінде Қара әулие, Қарабарақты әулие (Қызан, Ақшымырау аймағында), Қарағашты әулие (Қарағашты әулие Маңғыстауда екеу, біреуі Қараған түбекте, Форт-Шевченко қаласынан шығыста 47 км. жерде, Бөрлі өңірінде. Екіншісі Қаратаудың шығыс бет тұсындағы «Күйек жолдың» бойында), Қараман ата (Қараман әулие кесенесі Шетпеден 35 км. жерде, Бекі елді мекенінің батыс жағындағы Қандыбас қырқасына жақын жерде), Қарақия әулие (Қарақия ойпатының түбінде) және осылар сияқты Маңғыстау мен Үстірттің әр жерінде Қарабүгіже, Қараоба (екеу), Қараташ, Қарашасаура, Қарағаш, Қаратам (үшеу), Қарағанжал, Қарамола (төртеу), Қарабақты (екеу), Қаракөз, Қарашымырау (үшеу), Қарамұрат, Қараойық, Қарақису, Қарашоқы, Қаракүмбет, Қаратөбе, Қарашала, Қарғалытам, Қаразым, Қарабарақ, Қарамай, Қарақожа, Қараудан, Қараша, Қарашелек әулие атты киелі орындар бар. Одан ары Қарабатыр бұлағы, Қараүлек құдығы (Қызаннан 33 км. жерде), Тұщықұдық аулынан батыста 35 км. жерде Қаразым атты көне әулие (қорым), Қаратон (Қарадөң) атты жер, Қаражанбас, Қарамандыбас, Қарамандысор, Қараманды, Маңғыстаудың Қара ойынан қырға шығатын жол Қаратүйе, Қараған-босаға, Кендірлі құмымен Кендірлі сорының оңтүстік жағындағы Қарамая-Қарашек, Атырау облысының Маңғыстау облысымен іргелес жатқан Сарықамыс кентінен 15 км. жерде Қарақұм атты сор мен Қарақұм атты құмды массив, Қарақұм атты елді мекен, Қарақұдық деген жер, Қара Төбе деген төбе, Қаратүлей деген сексеуіл тоғайы, Қарабарақты деген ой, таулы Маңғыстаудағы Жыңғылды ауылының оңтүстік жағында 8 км. жерде, оңтүстік Ақтау жотасының үстінде «Қарақожа әулие» деген бейіт, Маңғыстаудың шығысында Қарабұғаз атты жер бар. Қараған босағадан шыққасын көш жолы жаз жайлаудың бірінші нүктесі қазіргі Ақтөбе облысы жеріндегі өзен Қара Қобда, осы өзеннің бастау алатын тауының аты Қараған тау,   екінші нүктесі Сарыарқадағы ұлан-ғайыр аймақ Қараған (бұл күндері Қарағанды облысы) деп аталады. Одан ары Сыр өңірі Қаратау және ескі қала орны Қарақорымға тап боласыз. Сол сияқты, қазіргі Алтай, Мұңал даласындағы Байұлы тауының баурайындағы 70-80 шақырым аймағы Қара дала, Керілген өзенінің сол жақ айырығындағы өзен Қара су, сол Мұңал даласындағы Толы өзенінің жағасындағы қалың жыныс Қара орман, сол даладағы ескі қаланың орны Қарақорым деп аталады. Ал «көк» терминіне келсек, көк аспан, Көк тәңірі мен Көк бөріге  қосымша   «Арал мен Балхаш» атты көк көлдер бар.   Бұдан шығатын қорытынды Еділ патша иелік еткен алып мемлекеттің аты «Қазақ» деп аталған және оның мемлекеттік тілі қазақтың Ана тілі болған. Ал олардың Гүн, Гунн, Хұн, Хун, Хүнну, Хунну, Ғұн, Һұн деп жазып жүргендері Адам Ата мен Ауа Ананың қарашаңырағы Адай Атаның бірінші буын ұрпағы, яғни үлкен ұлы Қу Адай әке (Құдайке) мен оныншы буын ұрпағы, яғни кенже ұл Мұңалдың Қу (Кү) және Үн (Ұң) деген екі түбірінен құралады. Қу және Үн, екі сөз қосылып Күн болып тұр. Атамыз Қазақтың барлық сөздері осылай жасалады. Демек, аспандағы Күнге Күн деп ат қойғандар осылар. Өгіз қағанның тақ мұрагері Күн хан атамыздың есімі де осыдан шыққан. Осы қаптап кеткен Қараларды ары қарай түгендейтін болсақ, Атырау облысында Қарабау; Ақтөбе де Қарабұтақ; Орал да Қара төбе; Қызылорда да Қаракөл; Жезқазған да Қаражал; Қарағанды да Қарқара, Қарағайлы; Ақмола да Қарабұлақ, Қаратал,  Қарақасқа; Семейде Қарауыл; Шымкентте Қарабұлақ; Алматы да Қарасай; Қырғыз елінде Қара-су, Қара-Құлжа, Қара-Қабақ, Қара-мық, Қарақолқа, Қарасай, Қарауыл төбе, Қара-балта атты елді мекендер; Ақтөбе облысы жерінде Қаратоғай атты өзен, Арал маңында, яғни Аму мен Сыр атты екі өзеннің арасында Қарақұм атты үлкен құмды массив; Қарағанды да Қарасор атты көл; Түрікменстанда Қаразым (Хорезм) атты өлке; Тәжікстан да Қаракөл атты көл, Қарасу атты өзен; Өзбекстан да Қарадария атты өзен; Қырымда Қара теңіз атты теңіз; Түрік елінде Қара, Қараман, Қаракесе, Қарахисар, Қарабюк, Қарапықар атты елді мекендер мен Қарасу атты өзен, Анкараның батысында Қаражатақ атты өлке; Әзірбайжанда Таулы Қарабақ;  Қарақалпақ, Қарашай атты ұлттар бар. Ертеректе Қазақтар қытайларды Қарақытай, қыпшақтарды Қара Қыпшақ деп атаған.  Оның үстіне Азия картасынан теңіз деңгейінен 8611 метр биіктіктігі бар Қарақорым тауы мен Қарақия аралын табасыз. Жалпы әлем  картасында (Атлас) сөз түбірінде Қар, Қара деген атаумен аталатын 878 ірі-ірі топономикалық (жер, су, тау, елді мекендер) атаулар сақталған. Ал, картаға түспегені қанша ма? Осы бүкіл әлемді жаулаған Қара-Қаракөктердің бәрінің бастау алған жері жоғарыда көрсеткенімдей Манқыстау мен Алтай болып табылады. Бұл Қарағанның түбі деп атының өзі-ақ айтып тұрғандай дауға жатпайтын тұжырым. Демек, бұл кезінде бастауын Түпқарағаннан (Қарағантүп, Қарағантүбек) алып, кейіннен бүкіл әлемді билеген Қаралар (Қарахандар) әулетінің тегі қазақ деген сөз.

Осы Қараларға байланысты арнайы атап өтетін жағдай, дүниені ұлы мәдениетімен күні бүгінге дейін таң қалдырып «аузын аштырып, көзін жұмдырған» ежелгі Шумерлер өздерін «Қарабас, Қарабастылар» деп атаған. Жоғарыда айтқанымдай, Маңғыстауда Қарақан, Қарақаңға, Қарағантүп (Қаралардың түбі, Қараған түбек, Түпқараған), Қараман, Қаратау, Қарасу, Қаражал,  Қараағашты, Қарабас (Қарамандыбас) атты әулие-қорымдар мен жер, су, тау атаулары  күні бүгінде де бар. Жергілікті халықтың (Адайлардың) сөзінде осы қорымдардың ең ежелгісі Қараман Ата делінеді. Олардың өздерін Қарабас деп атаулары, шыққан тегіміз Маңғыстау дегені.

Мұңал руының құрамында Қарабас (бес Қарабас) атты ру да бар. Мұңалдың бес баласының бірі Шоғыдан тарайды.

Өздеріңіз көріп отырғандай, осы еңбекте көптеген жер, су, тау, елді мекен атаулары, негізінен Алтайда, Сыр өңірінде, Арал – Каспий, оның ішінде әсіресе Манқыстау өңірінде әсем әннің қайырмасындай болып,  бірін-бірі үнемі қайталап отырады. Бұның негізгі себебі, осы өңірлерді мекендеген (қыстаған) елдердің бәрі бір халық, Алаш ұрпақтары. Мен осы бірін – бірі қайталап жатқан елді мекендерді зерделей бастағаннан, негізгі екі мекеннің (Сыр мен Манқыстау) қайсысы негізгі орда (түп қазық) деген сұраққа жауап іздегенмін. Бұл сұрақтың жауабын аталарымыз жоғарыда көрсеткенімдей, түбектің атын Манқыстау, осы Манқыстауға Қарашаңырақтың (бас орданың) суретін салып, атын өшпестей етіп Маңғыстаудың ең түпкіріне Түпқараған (Қарағантүп, Қараған түбек, Қаралардың түбі), оған жалғас таудың атын Қаратау, осы Қаратауға жалғас ойдың атын Маңғыстаудың Қара ойы, осы ойдан Қырға (Үстіртке) көтерілетін жалғыз жолды  Қараған босаға (Қара түйе) деп айшықтап-ақ жазыпты.

Енді мына кереметті қараңыз. Осы Қараған босағадан қырға шыққаннан кейін, Қырдың үстіне тек қана ұшақтан көрінетін көптеген алып жебелердің бейнесі бедерленген, тіпті бірінің ұзындығы 100 км екен. Және осы жебелердің ұшы тек қана бір бағытқа, яғни Қазақ даласына қарай бағытталған. Осы жебе-таңбаларды (стрелка) бұл күнде қолданбайтын бірде-бір ел жоқ. Кез-келген жерде бағыт-бағдар сілтеп, жол көрсетіп тұр.

Жер бетін түгел жайлаған қаралардың тегі қазақ болып табылады. Олардың бәрі Қазақтың қара баласы делінеді. Қазақты қараның баласы деп еш жерде айтылмайды.

Бұны азсынсаңыз, Манқыстауға  Қара-Ман атамыздың атқа мінген бейнесі де толықтай суреттелген. Қаражанбастың теңізге сұғынып тұрған жері шынында да суыр атқа (Қазар (қазақ) теңізіне) мініп отырған адамның жанбасы, ал Ақтау бағытынан Таушыққа жақын жердегі теңіздің құрлыққа сұғынған жері адамның шатынан (бұтынан) айнымағандықтан Шат деп қойылса, Қараманның кеудесі (жүрегі) Жетібай мен Шетпенің арасындағы Бекі мен Қарақия ойының орта жеріндегі Қараман ата атты алқаппен осы атамыздың атындағы әулие қорымы болса, басы Жетібай мен Жаңаөзеннің ортасында Қарамандыбас, яғни Қаралардың басы деп аталады.  Қараман атамыздың қолында құрықта бар. Ол жер теңіз жағасының Ақтау мен Өзен қаласы арасында, тура Жетібайдың тұсында, күні бүгінде де Құрық (Қарақия ауданының орталығы) деп аталады. Ал, айналасында Құланды атты бірнеше топоним бар. Соның бірі осы Қарақия ауданының аумағында, Құрыққа жақын жерде орналасқан. Енді бұған санасында саңлауы бар адам дау айтпаса керекті. Сонда ежелден бергі қазақтың ата мекені Қапқаз (тау), Қазар (теңіз) және Манқыстау (жер) атты топонимнен Қазақтың ұлы тауы Қапқаздың баурайында, суыр атқа мініп, құрықпен құлан аулап жүрген «Қарға бойлы қазтуғанның» (Қазақтан туған қазақтың), яғни Қараман атаның бейнесін көреміз. Міне, аталарымыз тарихты осылай жазған. Тарих жазсаң осылай жаз. Тарихты бұлай жазу қазақтан басқа еш бір елдің қолынан келіп көрген емес. Сондықтан да олардың таңбаларын «Тіл»   және өздерін Қас би (Қаз би, Каспий) деп атаған.

Маңғыстаудағы Қараман Ата Мұңал-Жарылардың рулық қорымы және ол ең ежелгі қорымдардың қатарына жатады. Сан мыңдаған жылдардан бері осы қорым басында осы рудың ұрпақтары шырақшылық етеді. Маңғыстаулықтар күні бүгінге дейін осы қасиетті жерде Ақ пен Қараның (адал менен арамның, жақсы менен жаманның, өтірік пен жалғанның, әділет пен қиянаттың) аражігін ажырату үшін анттасады.

Адайдың құрамында Қарқара атты ру да бар. Бұларда Мұңалдың бес баласының бірі Бәйімбеттен, Бәйімбеттің Жәдігерінен тарайды.

Алланың жолы Хақ жол. Ұлы Жаратушы – Алла Адам баласын махаббат пен мейірімнен жаратқан.  Ұлы Алла біздерді мына дүниеге бірін-бірі жек көрсін, ғайбаттасын, қорласын, зорласын, тонасын, ұрласын, ассын, атсын, өлтірсін деп жіберген жоқ. Демек, ұлттық мемлекетіміз Хақ жолдан ауытқымай әрқашан да Ақиқат пен Әділдікті бәрінен жоғары қоюға  міндетті. Ұл – қыздарымыз ежелгі Ұлы Аталарымыздың жолын қуып Алланың Ақ жолындағы күресте жандары «Қарқараға жеткенше» шыдауды меңгеруге тиіс.

Мұхамбеткәрім Қожырбайұлы, Маңғыстау

Abai.kz

 

 

 

 

 

32 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5478