Сенбі, 23 Қараша 2024
3508 0 пікір 13 Сәуір, 2018 сағат 08:52

Сенат спикері Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінде не деді?

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.К. Тоқаевтың Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ПА Кеңесінің отырысында сөйлеген сөзі  

(Санкт-Петербург, 2018 жылғы 12 сәуір)

 

Құрметті Вячеслав Викторович,

Құрметті әріптестер!

Бүгінгі отырысқа қатысушылардың баршасына қошемет білдіре отырып, ресейлік әріптестерімізге, жеке Вячеслав Викторовичке дәстүрлі түрдегі жылы шырайлы қабылдаулары мен іс-шараны ұйымдастырудағы іскерлігі үшін алғыс айтамын.

Аталып өткендей, Қазақстан биылғы жылы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына төрағалық етеді, оны ұлттық және ұжымдық қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерді жедел түрде қайтара алатын тиімді әскери-саяси ұйым ретінде қарастырады.

Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Минскіде өткен саммитте алдағы кезеңдегі Ұйым қызметінің бес басымдығын белгілеп бергенін еске сала кеткім келеді.

Біріншісі, мүше мемлекеттердің әскери саладағы құралдарын кеңейту; Екіншісі, әскери-техникалық ынтымақтастықты іс жүзінде ұйымдастыру; Үшіншісі, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жаһандық терроризмге қарсы іс-қимылдың халықаралық жүйесіне қатысуы; Төртіншісі, киберқауіпсіздік қатерлеріне Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттердің бірлескен әрекет ету әдістері; Бесіншісі, есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыру.

Алғашқы екі басымдыққа қатысты қажетті жедел ден қою күштерінің құрылым қазірдің өзінде құрылғанын, Ұйымның бітімгерлік әлеуеті айқындалғанын атап өткен дұрыс. Жал сайынғы «Жауынгерлік бауырластық», «Өзара іс-қимыл», «Шеп» әскери жаттығулары өткізіліп отырады.

Сонымен қатар олардың үйлесіміділігін қамтамасыз ету үшін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Бірлескен штабының және Дағдарысқа әрекет ету орталығының жаңа құрылымының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет деп есептейміз.

Қорғаныс кәсіпорындарының кооперациясына, бір-бірімізден жеңіл бағамен сатып алынатын әскери техникалар мен қару-жарақтарға өңірлік сервистік және техникалық қызмет көрсету орталықтарын құруға, сондай-ақ олардың үйлесімділігін арттыруға бағытталған шараларды қабылдау да маңызды. Біздің пікірімізше, бұл тұтастай алғанда барлық Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы елдерінің қорғаныс өнеркәсібін дамытуға ықпал ететін болады.

Ұйымның қызметіндегі келесі басымдық берілген бағытқа келсек, халықаралық терроризмге және зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизмге қарсы іс-қимыл кең ауқымды халықаралық тұғырнамада жүзеге асуы тиіс екеніне сеніміміз мол. Сондықтан да нақ осы мәселе БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстанның қызметіндегі басымдықтардың бірі болып табылады.

Осы басымдықтың аясында біздің мемлекетіміз өз қызметін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Біріккен Ұлттар Ұйымы контртеррористік құрылымдарымен өзара іс-қимыл жасауы форматын кеңейту мәселелеріне,
сондай-ақ халықаралық салада терроризмге қарсы  іс-қимыл жөніндегі бірыңғай әдістерді әзірлеуге және ілгерілетуге шоғырландыруды жоспарлап отыр.

Осыған байланысты, Минск сессиясы барысында біздің еліміздің Мемлекет басшысы халықаралық аренада терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бірыңғай тәсілдерді бірлесіп ілгерілетуді ұсынған болатын. Ең алдымен, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдер азаматтарының
шет елдерге, террористік белсенділік өршіп тұрған жерлерге шығуына жол бермеуге бағытталған бірлескен профилактикалық іс-шаралар туралы, сондай-ақ қоғамдық санада радикалды саяси және діни көріністердің кез келген нысандарын қабылдамау түсінігін қалыптастыру жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмысы туралы сөз болып отыр.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының келесі  басымдығы – киберқауіпсіздік қатерлері туралы айтатын болсақ, соңғы кездері елдеріміздің ақпараттық жүйелерінің ұдайы кибершабуылдарға жиі ұшырап отырғанын атап  көрсету керек, соның нәтижесінде қауіпсіздікке елеулі түрде нұқсан келуде. Оның ішінде маңызды құпия деректердің жайылып кетуіне байланысты мәселелер де бар. Мұндай технологияларды бүлдіргіш (деструктивті) күштер де белсенді пайдаланып отыр.

Осы қауіп-қатердің трансұлттық болмысын және ауқымын ескере отырып, біздің еліміз Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттердің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдары объектілеріне бағытталған компьютерлік шабуылдарды бейтараптандыру жөніндегі шараларды пысықтау, сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының келіссөз алаңын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы декларацияланбаған мүмкіндіктерді зерттеу әдістері бойынша тәжірибе алмасу үшін кеңінен пайдалану қажет деп есептейді.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының есірткілердің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі тиімді шараларды арттыруға бағытталған бесінші басымдық берілген қызметін өте маңызды деп санаймыз. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы осы мәселені шешу жөнінде әлемдік қауымдастықты күшейтуге елеулі үлес қосуда. Қазақстан  БҰҰ-ның есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы Алматы қаласында құрған Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының (ОАӨАҮО) өкілдерін тарта отырып, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының 2015-2020 жылдарға арналған есірткіге қарсы стратегиясын іс жүзінде іске асыруға күш салуды ұсынады.

Белгіленген бағыттар бойынша ҰҚШҰ-дан басқа, оның ішінде БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, АӨСШК халықаралық және өңірлік құрылымдарымен тығыз өзара іс-қимылсыз тиімді жұмыс жүргізу мүмкін емес.

Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасы ұсынған 2018 жылға арналған Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы қызметінің бағыттары Сіздердің елдеріңіздің қолдауының арқасында табысты іске асатынына сенімім мол.

Назарларыңызға рахмет.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502