Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
«Соқыр» Фемида 11131 9 пікір 21 Мамыр, 2018 сағат 09:10

Педагогикалық қауымдастық депутаттардан көмек сұрайды

 Қазақстан Республикасы

Парламентінің Мәжілісінің 

назарына

 

Құрметті депутаттар!

 

Қазақстан Республикасының педагогикалық қауымдастығы сіздерден қолдау сұрайды.

Соңғы жылдары еліміздің білім жүйесі елеулі өзгерістерге ұшырауда.

Негізгі басымдықтары болып табылатыны: 12 жылдық білім жүйесіне көшу, білім мазмұнын жаңарту, үш тілділікті, бағалаудың жаңа түрлерін және қорытынды аттестаттаудың жаңа форматын, сонымен қатар педагог кадрларды аттестаттаудың жаңа ережелерін енгізу.

Педагог кадрларды аттестаттаудың жаңа Ережелері 2018 жылдан енгізіліп отыр. Бірақ, қойылған талаптардың, өткізу әдіс-тәсілдері мұғалімдерді алаңдатуда.

Себебі:

-  Біріншіден, санатын көтеру немесе растау үшін өтініш берген мұғалімдермен қатар, «педагог», «педагог – модератор», «педагог – зерттеуші», «педагог – шебер» статустарына да өтініш берген мұғалімдердің де сынақтан бір мезгілде өткізілмек. Біліктілік сынақтан өткізілуі облыс орталықтарында ұйымдастырылған.

Бұл, өтініш берген педагогикалық кадрлардың үлкен ағыны, жолға, пәтер жалдауға материалдық шығындар. Неге сынақ тұрғылықты жердегі тестілеу пункттерінде ұйымдастырылмайды?

-  Екіншіден, педагогтардың біліктілік сынақтан өткізілуі оқу жылының аяғына, емтихандар өткізілу мезгіліне жоспарланған. Сынақтан өтетін ұстаздар, қалайша, бір мезгілде емтихан алады және сынақтан өтеді?

- Үшіншіден, жаңа ережелер бойынша, мұғалімдер өз біліктілігін тек қана сабақ беретін пәнінен емес, дипломдағы жазылған мамандығы бойынша сынақтан өтуі керек. Мысалы, математика мұғалімі, егер дипломында мамандығы «математика және физика мұғалімі» деп жазылса, математикадан да, физикадан да сынақтан өту керек. Немесе, ағылшын мұғалімі дипломда жазылған «ағылшын және неміс тілдері пәнінің мұғалімі» болса, екі тілден сынақ тапсыру керек. 20-30 жылдан бері негізгі, математика, не ағылшын тілі пәнінен, сабақ беріп келген мұғалім, дипломда көрсетілді екен деп, қалайша екінші пәннен, физика немесе неміс тілінен біліктілік сынақ тапсырады?

- Төртіншіден, біліктілік сынақ базасы мен мазмұны шектеусіз, ал дайындалу үшін ашық қолданыста болуы қажет белгілі сұрақтардың жинағы жоқ жағдайда, шексіз ақпаратты қысқа мерзімде меңгеріп шығу мүмкін емес.

Мұғалімдердің наразылығын туғызатыны,  оның  жұмысы, ең алдымен, білім алушылардың білім сапасы мен жетістіктеріне емес, күнделікті, қажырлы, шығармашылық жұмысына және мұғалімнің педагогикалық қызметінде жинақталған тәжірибесіне емес, ең алдымен, академиялық білімдер бойынша бағаланатын болады. Өйткені, біліктілік сынақтан өтпей қалған мұғалімдерге екінші мүмкіндік берілгенмен, одан да тиісті балдарын ала алмай қалса, категориясы төмендетіледі. Яғни, көп жылғы еңбегі мен тәжірибесі, енді сынақ  нәтижесімен бағаланатыны болғаны ма?

Мәселен, мұғалім енді сапалы сабақтарды жүргізуінің, балалармен жұмыс жасауының қажеті болмай, кәсіпқойлығын растау үшін, енді аттестаттау кезеңінің барлық бес жылын  пән мен әдіснаманың мазмұнын жаттаумен өткізе ме?

Педагогикалық қауымдастық халық қалаулыларына өтініш білдіріп, Ұстаздың беделін қолдап, оның көпжылдық  қажырлы еңбегін қорғауды сұрайды. Егер директивалық, шенеуніктік - бюрократиялық, басқарушылық нұсқаулықтардың, ережелердің жан-жақты қысымымен  мұғалім, ұстаз, педагог жұмысының аясын тарылтса, білім жүйесіндегі ешқандай реформалар оңтайлы нәтиже бермейді.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1515
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3287
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5850