Бейсенбі, 3 Қазан 2024
Дін мен тін 5903 4 пікір 25 Мамыр, 2018 сағат 11:39

Меғраж деген Алланың тағы орналасқан жер

Бисмилләһир Рахмани Рахим. Біріншіден, Меғраж деген не? Екіншіден, оның күллі адам баласына алып келген нендей белгісі бар? Үшіншіден, Меғраждың бүгінгі күнге дейін атқаратын қандай пайдасы болды. Меғражға енді адам  көтеріле ме?

Біріншіден, сен бүгінгі білім, е ілім деңгейіңде, иә мұсылман деңгейіңде асыл пайғамбарымыз келіп түсіндіріп кеткеніне қарағанда мұсылмансың.  Меғраж деген не?  «Меғраж Алланың пайғамбарға мейірімі түсіп, оны көкке шығарып пейіш пен дозақты көрсетіп, көзін жеткізіп адамдарға айту үшін берген ұлы сабағы. Оған пайғамбар өзінен соң Аллаһтан кеңшілік сұрап төрт сахабасын ертіп барып қайтқан» деп жауап қатуың мүмкін. Бұл Меғраж туралы білім деңгейіңдегі жауап. Ал Іліми деңгейде Меғраж көктен де бөлек дүние. Меғраж деген Алланың тағы орналасқан жер. Оның қандай түсте қандай жағдайда екенін оған барған жан ғана біледі. Екінші, оған барған соңғы пайғамбарымыз. Ондай болса ол жерге адам барған. Меғражды Адам ата да көрді, соңғы пайғамбар да көрді.  Меғражды тазалық деңгейіңе қарай баратын Алланың өзінің қабылдау бөлмесі деп түсіндіруге болады. Меғраж көк емес, көк,  жеті хат көк ол бөлек. Меғраж, меғражға баратын жол - көктің жолында емес. Оның жылдамдығы көкке баратын жылдамдыққа қарамайды. Меғражға баратын жылдамдыққа көкті мың айналсаң да жете алдмайсың. Бұл деген - меғраж не дегеннің жауабы.

Екініші, мәселе меғраждың адам баласына берген  пайдасы.  Меғраж адам баласына нақты дозақтың бар екенін, Жаннаттың бар екенін, қандай екенін адам арқылы дәлелдеп жеткізіп берді. Демек, барды бар деп көрсете білген қасиетті жол. Меғражға шықпаса, не Жаннаттың, не дозақтың бар екеніне адам сенбейтін еді. Ал енді адам баласына меғраждың қалдырған не пайдасы бар. Меғраждың адам баласына берген бірінші пайдасы, олар қайтадан дінін дүзете алатыны, дозақтан бас тартып Жаннатқа жол сала алатыны, сол есебінде берілген «Үтір» намазы. Алланың адам баласына меғражға берген кілті «Үтір» намазы. «Үтір» намазын оқыған адам дозақтан аулақ болады. Себебі ол үтір намазы арқылы меғражды мойындайды. Сен намазбен өзіңді жуатын болсаң, «Үтір» намазымен сен меғражды мойындайсың. Бұл «дозақтан қорқып, Жаннатты қабыл етесің» - деген сөз. Үтір намазы оқылуы керек, оқылып жатыр ма? Құптаннан кейін «Үтір» намазын таңертең оқысаң да болады, күн көтерілмей оқи беретін намаз. Әр намазханның  қай кезде де меғраждың нұрын алуға құқығы бар. «Үтір» намазын оқығанның қасиеті, сенің хатым түсірген қасиетіңмен бірдей болады. Бір хатым түсірген қасиет, «Үтір» намазыңның қасиетімен бірдей. «Үтір» намазын күллі бес уақыт намаз оқып жүріп оқы демейді Алла. «Үтір» намазын оқып кірсең де бес уақыт намазыңды қабыл алуы мүмкін қайтадан. Алланың сансыз жолымен мұсылман жүре білуі керек. Ал соңғысы меғражға адамның көтерілуі, осы сендердің соңғы ғасырларыңа дейін, ахиретке дейін меғражға адам бара ма?

Пайғамбар меғражға көтеріліп кеткен болса, онда  адам меғражға «Үтір» намазымен бара алады. Барып жүрсіңдер. Ондай болса пайғамбарымыз қандай жол салып кеткен. Дінді мәңгілікке бекітіп, нақты түсіндіріп кеткен. Ондай болса пайғамбарымыз Алла тағаланың алдында; «Мен адамдарға сенің айтқаныңды ғана айтып, тексеріп беріп кеттім. Мен ештеңе айтқан жоқпын, Мен бұларды бұзатындай ештеңе айтқан жоқпын. Мен осыларға сол жолды жасап, сол жолды көрсетіп кеттім» деп айта алады. «Оны мен көрсеттім» демейді, «Сен көрсеткенді ғана көрсеттім» дейді.

Тағы да бір айта кететін мәселе адам баласы ештеңе істемей, еш намаз оқымай, түк те істемей, Алладан сұраса кейбір дүниенің қабыл  болатынын сезетін іштегі нұр ғана. Егер де ол нұр сөнетін болса сенің ешқандай дұғаң қабыл болмайды. Сонда сен дозаққа баратыныңды мойындамай соңғы күнге дейін, не оймен жүріп келесің. Алланың аманатын аман есен жеткізу үшін, Алланың берген бес парызын бұлжытпай орындауымыз керек. Ал орындау мәселесінде сол орындалып жатқан дүниеге қорған болу керек. Ал қорған деген соны көрсете білу. Басқаға қиянат жасамау керек. Ораза ұстап жүрмін деп біреуді ренжітпеу керек. Намаз оқып жатырмын деп басқа біреуді сөкпеуің керек. «Мен сенен артықпын» деп айтпауың керек. Сен намаз оқыған сайын «сол намаздың қорғаны боламын» десең, сенің айналаңдағы сенің намазыңнан рахаттануы керек. Ал ол рахаттанушы дін туралы айтатын сөзін әр қашан Алланың атымен бастауы керек. Тағы бір адам баласына ораза айында беретін  дүние, бұл өте керек ілім, бір ауыз сөз, Тәңірдің қазынасынан;

- Алланың атын айтусыз басталған, Алланың разылығы үшін жасалмаған дүние, барлық сауапты алып кетеді. Тіпті, тектен тек кетіп бара жатсаң да, «Бисмиллаһ, Алла сенің  разылығың үшін бүгін жеріңді аралап келейін» - деп айтуың керек. Себебі сен кімнің жолын басып бара жатырсың? Алланың жолын. Бұл – Алланың аманаты. Ассаламу уа алейкум.

Алла разылығы болсын. Тәңірдің әмірімен жазылып отырған бұл ілім ескертпе ел игілігіне жарар – қазына, өзім үшін Алламның  дидарына қауышу үшін жазылған дәнекер дүние болуын тілеймін.

Бақтыбай Айнабеков, ілімгер-жазушы

Abai.kz

4 пікір