Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2691 0 пікір 14 Ақпан, 2011 сағат 05:05

ИКҰ-ға қазақстандық төрағалық үшін діни аз топтардың мәселелері маңызды – АҚШ президентінің арнайы өкілі

Алматы. 14 ақпан. ҚазТАГ - Юлия Шибанова. Ислам конференциясы ұйымының (ИКҰ) төрағасы ретінде Қазақстан үшін діни аз топтардың мәселелерін шешу маңызды салалардың бірі болып табылады, деп есептейді АҚШ президентінің ИКҰ-дағы арнайы өкілі Рашид Хусейн.

«Қазақстанның ИКҰ-ға төрағалығы үшін маңызды болып табылатын салалардың бірі Қазақстанның өзінде, әлемнің басқа да бөліктерінде діни аз топтарға деген қатынасты жақсарту болып табылады. Мұсылман елдеріндегі христиандарға қатынас және мұсылмандар аз топтар болып табылатын елдердегі мұсылмандарға қарсы қысым, тіпті зорлық-зомбылыққа қатысты шешуді қажет ететін мәселелер бар», - деп атап көрсетті Р. Хусейн жексенбі күні Алматыда өткен брифингте.

АҚШ президентінің ИКҰ-дағы арнайы өкілі Р.Хусейн Қазақстанға ИКҰ-ға алдағы төрағалық мәселелері бойынша ресми тұлғалармен және қоғам өкілдерімен консультация жүргізу үшін келді.

Ол «Қазақстан әдетте Батыс пен Шығыс, Еуропа мен Азия арасындағы көпір ретінде қарастырылатын ел бола тұрып, әсіресе оның өткен жылы ЕҚЫҰ төрағасы ретіндегі ролін ескерсек», (бұл салада - ҚазТАГ) оң үлгі көрсете алатынын атап көрсетті. «Бұл Қазақстанның ішіндегі өмірге де маңызды әсер ететін сала болады», - деп есептейді Р. Хусейн.

Сондай-ақ, АҚШ президентінің ИКҰ-дағы арнайы өкілі Қазақстанның Ауғанстанға көмек көрсету мәселелеріндегі ролін жоғары бағалады. Ол Қазақстан бұл бағыттағы жұмысын жалғастырады деген үміт білдірді.

Ислам конференциясы ұйымына 56 мемлекет мүше болып табылады. ИКҰ - БҰҰ-дан кейін екінші ірі ұйым. Қазақстан ИКҰ-ға 2011 жылы төрағалық етеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543