Жексенбі, 24 Қараша 2024
8586 7 пікір 11 Маусым, 2018 сағат 10:56

Елбасы Қазақстанның мемлекеттік қарызы көп дейтіндерге жауап берді

Қазақстанның мемлекеттік қарызы әлем бойынша ең төмен. Бұл туралы бүгін Қытайға мемлекеттік сапарын қорытындылап, қазақстандық БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Бүкіл әлем бойынша біздің мемлекеттік қарызымыз ең төмен. Америкалықтардың қарызы 14 трлн долларға тең. Бұл ішкі жалпы өнімнен де жоғары. Германия қарызы жалпы ішкі өнімнің 90, Италияда – 120, Испанияда 100 пайызды құрайды. Ал біздің қарызымыз не бәрі 13 млрд доллар ғана. Яғни, жалпы ішкі өнімнің 10 пайызынан да төмен», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы орайда Мемлекет басшысы еліміздің мемлекеттік қарызы ұлғайып кетпеуін үнемі жіті қадағалап отыратындығын айтты.

«Ал бұлар (қытайлық компаниялармен бірлескен жобалар) менің уағдаластығымның, жақсы қарым-қатынасымның арқасында орын алып жатыр. Бизнесмендерге жақсы жол ашып беріп отырмын. Оларға сенеді, өйткені мемлекетке сенім артады. Бұл жобалардың барлығы да коммерциялық, бизнес топтардың арасында жүзеге асырылады», – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Астанада жеңіл рельсті трамвай жобасына ғана алынатын қарыз мемлекеттікі екендігін ашық айтты. «Бұл жер үстіндегі метро десек те болады. Мұны салу мемлекеттің міндеттемесі. Өйткені, инфрақұрылымын салып, теникасын ешкім сатып ала алмайды. Инфрақұрылымды мемлекет салуы тиіс», – деді ҚР Президенті.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5597