Жексенбі, 24 Қараша 2024
4067 0 пікір 14 Маусым, 2018 сағат 12:12

Македония президенті елдің атауын өзгерту жөніндегі келісімге қол қоймады

Македония президенті Гёрге Иванов елдің атауын өзгерту жөнінде Грециямен келісімге қол қоймаймын деп мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл ел Конституциясына қайшы.

Иванов өзінің бұл ұстанымы үзілді-кесілді екенін мәлімдеді. Ол ешқандай қысымға, бопсалауға не қоқан-лоқыға түсіп қалмайтынын айтады. "Мен мұндай қиратушы келісімді қолдамаймын да, қол қоймаймын да", – деді президент. Ол НАТО-ға не Еуропалық одаққа кіру үшін мемлекеттің атауын өзгерту сауданың басты талабы емес деп атап өтті.

Осыған дейін Македония мен Грекия бұрынғы югославиялық республиканың атауына қатысты 27 жылға созылған дауда келісімге келгені айтылған. Македония премьер-министрі Зоран Заев 12 маусымда Афина мен Скопье Солтүстік Македония деген атауға келісті деген. "Енді артқа жол жоқ", – деп мәлімдеген Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас баспасөз мәслихаты кезінде.

Заев бұл келісім македониялықтардың этникалық және мәдени идентификациясын сақтап қалады деген. Ал Грекия премьер-министрі Македония мемлекетінің жаңа атауы ұлттық және халықаралық құжаттарда көрініс табады деген болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5618