Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «1992 жылғы 6 шілдедегі ТМД Экономикалық Сотының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Сондай-ақ, Президент мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар және сыйлықақылар беру тетігін жетілдіруге бағытталған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды.
Бұдан өзге, Нұрсұлтан Назарбаев «ҚР мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Орта білім беруді жаңғырту жобасы) ратификациялау туралы» Заңға қол қойды.
Мемлекет Басшысы «2004 жылғы 18 маусымдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңға қол қойды.
Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.
Сонымен қатар ҚР Президентінің Ұлттық домбыра күні туралы Жарлығы шықты. Жарлық мәтінінде:
«Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында қаулы етемін:
1. Шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып айқындалсын.
2. ҚР Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау ҚР Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі» делінген.
Abai.kz