Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2813 0 пікір 23 Ақпан, 2011 сағат 07:40

Тiл мәселесiн 33 жылға созбайық

Қазақ халқына,

Қазақстан Республикасының президентi Н.Назарбаевқа,

Қазақстан Республикасының премьер-министрi К.Мәсiмовке,

Қазақстан Парламентi сенатының төрағасы Қ.Тоқаевқа,

Қазақстан Парламентi мәжiлiсiнiң төрағасы О.Мұхамеджановқа,

Парламент депутаттарына

 

ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАР МЕН  ПАРТИЯЛАРДЫҢ ҮНДЕУI

Бiз Алматы қаласындағы қоғам­дық ұйымдар, саяси партиялар мен жастар ұйымдары Қазақстан Республикасының Үкiметi әзiрлеген "Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2011-20 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы" жобасына қатысты төмендегiше мәлiмдеме жолдаймыз

Қазақ халқына,

Қазақстан Республикасының президентi Н.Назарбаевқа,

Қазақстан Республикасының премьер-министрi К.Мәсiмовке,

Қазақстан Парламентi сенатының төрағасы Қ.Тоқаевқа,

Қазақстан Парламентi мәжiлiсiнiң төрағасы О.Мұхамеджановқа,

Парламент депутаттарына

 

ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАР МЕН  ПАРТИЯЛАРДЫҢ ҮНДЕУI

Бiз Алматы қаласындағы қоғам­дық ұйымдар, саяси партиялар мен жастар ұйымдары Қазақстан Республикасының Үкiметi әзiрлеген "Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2011-20 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы" жобасына қатысты төмендегiше мәлiмдеме жолдаймыз

Ана тiлiмiз - ұлтымыздың жаны, мәдениетiмiздiң негiзi және елдiң рухани құндылығы. Осы орайда, ҚР Конституциясында "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл - қазақ тiлi", "Қазақстанның болашағы - қазақ тiлiнде" деген ұран болып тұрса да, бүгiнде қазақ тiлi шын мәнiнде Мемлекеттiк тiл бола алмады және республика халқын бiрiктiретiн негiзгi күшке айналмады. Мем­лекет­тiк Ана тiлi­мiздiң бүгiнгi ах­уалы мүшкiл. Қазақстанның тәуел­сiздiк алғанына 20 жылға аяқ басты, Тiл туралы заңның қабылдан­ғанына, мiне, табаны күректей 22 жыл толып отыр. Содан берi ұлт зия­лылары, атақты жазушылар, ғалымдар мен тiл жанашырлары талай мәрте бұл маңызды мәсе­лелердi көтердi. Бiрақ Қазақстанда мемлекеттiк тiлдi енгiзу және дамыту, iс жүргiзу осы уақыт iшiнде өз шешiмiн тапқан жоқ.

Мемлекеттiк тiлдi үш тiлдiң бiрi ету - бұл қазақ тiлiн әлсiрету және орыс тiлiн мемлекеттiк тiл ретiнде заңдастыруға бағытталған үкiмет­тiң қитұрқы саясаты деп бiлемiз.

Атап айтатын болсақ, республиканың министрлiктерiнде, мем­лекеттiк органдарында, департамент және басқармаларында мемлекеттiк қызметкерлер формалды түрде ғана оқытылады. Оның дәлелi, үкiмет жиындарының бәрi орыс тiлiнде өтедi. Әлi күнге дейiн Сенат, Мәжiлiс депутаттары Заң жобаларын орыс тiлiнде дайындап, қазақ тiлiне аударып отыр. Сондай-ақ жоғары оқу орындарындағы студенттердiң жартысынан көбiсiне бiлiм орыс тiлiнде берiледi. Ал орыс мектептерiндегi оқушылардың мемлекеттiк тiлдi меңгеру сапасы өте төмен. Нәтижесiнде 9 жыл бойы мектепте дәрiс алған орыс және өзге ұлт балаларының қазақ тiлiнде аты-жөнiн айта алмауы - бұл Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң сал­ғырт­тығы, Мәдениет министрлiгi Тiл­дердi дамыту комитетiнiң дәрмен­сiздiгi.

Қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар, партиялар ҚР Мәдениет министрлiгi ұсынған "Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2011-20 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы" жобасын 10 жылдың орнына 2-3 жылмен шектеудi ұсынады. Мемлекеттiк тiлдiң тағдырына алаңдаған қоғамдық ұйымдар, тiл жанашырлары мен ұлт зиялылары мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн сараптай келе, билiк басындағыларға мынандай талаптар қояды :

1. Бiз Үкiмет, Мәдениет министр­лiгiнiң Тiл комитетi және облыс, қала әкiмдерi "Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-10 жылдарға арналған бағдарламасының" орындалған-орындалмағаны, 10 жылда жүргiзiлмек шараларға бюджеттен қанша қаржы бөлiнгенi және оның қалай игерiлгенi, ал игерiлмегенi үшiн кiмдердiң жауап­кершiлiкке тартылғаны жайында жұртшылыққа ресми есеп беруiн талап етемiз!

2. Бiз "Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға ар­нал­ған мемлекеттiк бағдарлама" жобасын талқылауға қатысқан партия, қоғамдық ұйымдар, зиялы қауым - барша тiл жанашырлары бұл сөз­бұйда жобаны қабылдауға болмайтынын мәлiмдеймiз. Мем­лекет­тiк тiлдi Конституциямыздың талабына сай құрметтеу негiзiнде оны қолдану мен дамытуды қысқа мерзiмде - 3 жылда жүзеге асыруға болатынына көзiмiз жетiп, осы мерзiмдi ұстанған жаңа жоспар жасалуы, аса маңызды бұл жалпыхалықтық iске тiлжанашырлары ұжымдарының өкiлдерi қатыстырылуы қажет деп бiлемiз!

Конституциямызда мемлекеттiк мәртебе берiлген тiл мәселесiн реттеудi 33 жылға созуымыз - өте сорақы жағдай. Мұндай масқаралық дүние жүзiнiң ешбiр елiнде, ешбiр мемлекетте болған емес.

Бiз Астана қаласының қоғамдық ұйымдары мен бiрлестiктерiнiң, сая­си партиялардың Мемлекеттiк тiлге қамқорлық жөнiндегi Үндеуiн   толық қуаттаймыз!

Бұл үндеуге Республикалық "Мемлекеттiк тiл" қоғамдық қозғалысының төрағасы, "Тәуелсiздiктi қорғау" қозғалысының төрағасы, Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов, Жалпыұлттық Социал-демократиялық "Азат" партиясының тең төрағалары Жармахан Тұяқбай, Болат Әбiлев, Қазақстан Коммунистiк партиясы орталық комитетiнiң бiрiншi хатшысы Ғазиз Алдамжаров, Халықаралық "Қазақ тiлi" қоғамының президентi академик, профессор Өмiрзақ Айтбайұлы, "Жас Алаш" газетiнiң бас редакторы Рысбек Сәрсенбай, Республикалық "АЛАШ" тарихи зерттеу орталығының президентi Хайролла Ғабжалелов, "Таным" пiкiрсайыс клубының жетекшiсi Кенебай Жұмаш, "Халық дабылы" қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы, Кенесары Қаптағаев, "Күретамыр" қоғамдық қорының президентi Айсұлу Қыдырбаева, "Қазақстан тарихшылар қауымдастығының" төрағасы тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелдi, "Қыпшақтану орталығының" төрағасы   тарих ғылымдарының докторы, профессор Болат Көмеков, "Ұлт тағдыры" қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы Дос Көшiм, "Жаса, Азаттық!" қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы Жасарал Қуанышәлин, "Болатхан Тайжан" қоғамдық қорының төрағасы Мұхтар Тайжан, "Аллажар-қолдау" қоғамдық қорының төрағасы Марат Бөтеев, "Әл-Машани" халықаралық қоғамдық қорының төрағасы, профессор Шәмшиден Әбдраманов, "Жас қазақ үнi" газетiнiң бас директоры-редакторлар кеңесiнiң төрағасы Қазыбек Иса, Алматы қаласы "Қазақ тiлi" басқармасының төрағасы Эрнест Төреханов, Тiркелмеген "Алға" партиясының төрағасы Козлов Владимир Иванович, "Қазақстан-Заман" газетiнiң бас редакторы Е.Айғалиұлы, "Қазақия" газетiнiң редакторы Өмiрзақ Ақжiгiт, "Ақсарай" мюзикл театрының көркемдiк жетекшiсi Болат Атабай, Әдiлет" тарих-ағарту қоғамы төрағасы Бейбiт Қойшыбаев, "Мемлекеттiк тiлге құрмет" бiрлестiгiнiң төрайымы, Әзiрбайжан мәдени орталығының төрайымы Асылы Осман, "Жебеу" РҚБ ОАК директоры Рахым Айыпұлы, "Ұждан" қоғамдық жас тiлшiлер клубының жетекшiлерi Ербол Азамбек, Ғаббас Қабышұлы (жазушы), Қазақстанның жалпыұлттық патриоттық қозғалысының атқарушы хатшысы Жанболат Мамай және басқа да барлығы 39 қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi қол қойған.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5343