АҚШ пен РЕСЕЙ президенттері - өзара тіл табыса алды ма?
Трамп пен Путиннің Хелсинкидегі кездесуі, пікірлесуі, өз ойларын бөлісуі, т.б. өздерін ұстауы – басқаларды қайдам, мына маған бір түрлі жасанды сияқты көрінді. АҚШ көсемінің өзін-өзі ұстауы да, сөз сөйлесі де, Ресейдің өзі түскен президенттік сайлауға араласпағанына, әсіресе Путиннің айтқандарына сенетіні де - соншалықты жарасып тұрған жоқ сияқты.
Екі алып мемлекеттің қайсысының салмағы басым – бұған да жауап беруге әлі ертерек...
Бұл кездесуге бүкіл әлем жұртшылығы, әлем саясаткерлері көріп, біліп отырғандай, ең басты құмар болған жан да Трамп екенін еске алсақ, ойлануға болатын сияқты...
Ресей президенті В.Путиннің алдында АҚШ президенті Д. Трамптың өзінің атына сай ұстай алғандығы немес ұстай алмағандығы - құрақ ұшқандай сыңай танытқаны рас сияқты.
Рас, АҚШ та, Ресей де, әлемдегі алып мемлекеттер. Трамп та, Путин де жай адамдар емес. Оны мойындауымыз керек.
Сонымен екі ел президенттерінің Хелсинкидегі бұл қадамдарынан бір жақсылық күтуге бола ма?
Ол болашақтың әңгімесі. Асықпайық, аптықпайық, бәрін Уақыт деген құдірет орайына қарай өз орындарына қоятын болады.
Жұмаш Көкбөрі
Abai.kz