Дүйсенбі, 22 Қазан 2018
Қылмыс 1237 9 пікір 20 Шілде, 2018 сағат 20:50

Денис Теннің қазасына қатысы бар делінген екінші күдікті ұсталды

Олимпиада жүлдегері Денис Теннің өліміне қатысы бар болуы мүмкін екінші күдікті Арман Құдайбергенов ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД арнайы брифинг өткізіп, хабарлады. 

«2018 жылы 20-шілдеде Денис Теннің өліміне қатысы болуы мүмкін деген күдікпен 1994 жылы туған Қызылорда облысы Қармақшы ауданы,  Ақай ауылының тумасы Құдайбергенов Арман Бөрібаевич ұсталды. Қазір ол өзінің қылмыс жасағанын және Денис Тенге екі жерінен пышақ салғанын мойындады. Күдікті Ақсай 2 шағын ауданынан көшеден ұсталды. Бұлар өздеріне ақша керек болған соң, осы қадамға барған», - деді Алматы қалалық ІІД-нің басшысы Серік Күдебаев.

Полицияның айтуынша,  екеуі де бұрын істі болған.

"Екеуі де істеген ісін мойнына алды. Олар Денис Тенді өлтіріп алғанын кейін әлеуметтік желіден бір-ақ білген", - деді ол.

Айта кетсек, Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді. Оқиға Құрманғазы Байсейітова көшелерінің қиылысында 19 шілдеде күні түскі сағат 15:00 шамасында болған. Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Тенге пышақ сұғып алған. Ол оң жақ санының жоғарғы тұсынан жарақат алды. 25 жастағы Тен үш литр қан жоғалтып, ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. Бірақ Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол Мусинов қосымша қан қажет еместігін және ресурстар жеткілікті екендігін мәлім еткен болатын. 2,5 сағатқа жалғасқан реанимациялық шараларға қарамастан, аурухана дәрігерлері оның өміріне араша түсе алмады. Сағат 17.30-да Олимпиада жүлдегері қайтыс болды. Адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.Бүгін белгілі болғандай, спортшының өліміне қатысы бар екі күдіктінің бірі ұсталып, ол қылмысын мойындады. Екінші күдікті - 1994 жылы туған Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақай ауылының тумасы Арман Құдайбергеновке іздеу жарияланды.Сондай-ақ,  Денис Теннің өліміне күдікті Нұралы Қиясов күзетпен Алмалы аудандық сотына жеткізілген. Алдын ала таратылған ақпарат бойынша Денис Теннің өліміне қатысты күдікті екінші адам - Арман Құдайбергенов те ұсталды.

Abai.kz

9 пікір