Бейсенбі, 15 Қараша 2018
Саңлақ 614 1 пікір 16 Тамыз, 2018 сағат 13:08

Джакартада Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы ресми түрде көтерілді

18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Индонезия елінде XVIII Жазғы Азия ойындары өтеді. Сары құрлықтың басты бәсекесіне Қазақстан ұлттық құрамасы атынан 440 спортшы қатысады. 

Бүгін Индонезия астанасы Джакарта қалсындағы атлетикалық ауылда Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы салтанатты түрде көтерілді. Еліміздің туын ресми түрде көтеру салтанатына Қазақстан құрамасының спортшылары мен еліміздің спорт саласын басқарушы мамандар қатысты.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті спорт Дирекциясының басшысы, Азия ойындарындағы Қазақстанның спорттық делегациясының жетекшісі Елсияр Қанағатов ту көтеру салтанатына жиналған спортшыларға сәттілік тілеп, Азия ойындарының Қазақстан үшін маңызды спорт додасы екенін атап өтті.

Дүбірлі додада ел намысын қорғайтын барлық спортшыларымыз барын сала өнер көрсетіп, үздік нәтиже көрсетіп қайтады деген үміттерміз.

Қазақстан құрамасы Азия ойындарына 1994 жылдан бері қатысып келеді. Содан бері өткен алты кезекті Азиядада еліміз спортшылары жалпы 481 медалге қол жеткізді. Бұның ішенде 140 алтын, 141 күміс, 200 қола медаль бар екенін айта кетейік.

Фото: Олимпиада комитетінің сайты.

Abai.kz

1 пікір