Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 5453 8 пікір 27 Тамыз, 2018 сағат 13:04

Мұғалімнің қадірін көтеруге қоғам бейіл емес...

Тоқсаныншы жылдардың кезінде Ислам институтында мынадай оқиға болған екен. Студенттерінің алдында сыйлы, өте беделді ұстаз дәрісханаға көйлегінің бір түймесін дұрыс салмай келіпті. Өзі дәріс оқып тұр. Шәкірттерінің назары бірде оның айтқан тәмсілінде, бірде ебедейсіз салынған көйлегінің түймесінде болып, ойлары бөлініп әбден ығырлары шықса керек. Ақыры өзара сыбырыласып ақылдаса келе, араларынан бір шәкірт қол көтереді:
- Ұстаз, кешіріңіз, сіз көйлегіңіздің түймесін дұрыс салмапсыз..! - деп жөндеуін өтінеді. Сонда тұнжыраған ұстазы:
- Негізі, мен көйлегімнің түймесін әдейі осылай салып кірген едім. Жұмысқа келгенде, кафедрада отырғанда мұны ешкім көрмеді деп ойлайсыздар ма?! Екіншіден, осы болмайтын нәрсеге бола ойларың екіге бөлініп, ең маңызды білім алуға деген құштарлықтарыңызды, айтылған дүниелерді санаға сіңіріп алуға деген ұмтылыстарыңызды басқа нәрсеге ауыстырып алғандарыңызға қынжыламын. Үшіншіден, ұстаздарыңызға ешқашан сын айтуға дағдыланбаңыздар, өйткені, ұстаздың аты ұстаз, үлкеннің аты үлкен, оларды барынша қадірлеуге тиіссіздер. Төртіншіден, айтатын ойларыңыз бар ма, онда пікірлеріңізді жеке-дара қалған кезде айтыңыздар. Әдептілік деген осы! - деген екен.
Расында, осы қасиеттен айырылып барамыз ба, қалай? Әділдікпен есептелетін тік мінезді бетпақтыққа, "мақтамен бауыздайтын" тапқырлықты кемсітушілікке, үлкенге құрметті жалпақшешейлікке, ұятты меңзейтін обал-сауап түсінігін арсыздыққа айырбастаған қоғам ешқашан ілгері аттамасын неге түсінбейміз?!
Біз әкімшіл-әміршілдік жүйе кешірім сұрататын жаттықтырушыны емес (ол онсызда солай боларын білдік), өз ұстазын сыйламайтын, үлкенді қадірлемейтін, қасақана әрекет жасауға бейім, ту сыртынан пышақ ұрып, сатып кетуге дайын (арамзалық десе де болады) балалардың тәрбиесі туралы талқылауымыз керек еді. Өкінішке орай, олай болмады. "Ұстаздың мәртебесін қайтарыңдар!" деп билікке сын айтқанға құмар қоғам, мұғалімнің қадірін өзі көтеруге бейіл емес екендігін білдіріп алды...

Дәрмен Смайылдың facebook парақшасынан

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5300