Сенбі, 23 Қараша 2024
3309 1 пікір 10 Қыркүйек, 2018 сағат 09:51

«Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы аясындағы Қазақстан–Қытай ынтымақтастығы талқыланды

Астанада «Бір белдеу, бір жол» бастамасының бес жылдығына арналған Қазақстан–Қытай бизнес-форумы өтті. Шараға екі елдің бизнес қауымдарының 400-ге жуық өкілі қатысты, олар «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы аясындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Форум барысында Қазақстан мен ҚХР арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың нақты бағыттары қаралып, бірқатар екіжақты бизнес-кездесулер өткізілді.

Форумды шара қатысушыларына бейне байланыс арқылы сөзін арнаған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашты.

«Жүктер Қазақстан арқылы Еуропадан Қытайға шамамен 15 күнде жеткізіледі. Ал жүктерді теңіз арқылы жеткізу 4 аптадан 6 аптаға дейін уақытты алар еді. Осы орайда логистика мен ілеспе бағдарлар жетілдіріліп жатыр. Индустрия мен инвестициялар саласында бірлескен ынтымақтастық туралы бағдарлама бар. Оның аясында жалпы $27 млрд астам соманы құрайтын 51 Қазақстан–Қытай инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда. Бұл – инвесторлардың сенімі мен Қазақстанның инвестициялық ахуалды жақсартуға баса мән беретінінің дәлелі. Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, біз бизнесті жүргізу бойынша өңірдегі үздік елдердің біріміз», — деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан ДСҰ-ның мүшесі, ЭЫДҰ-ның Инвестициялар жөніндегі комитетінің қауымдастырылған мүшесі екенін және еліміз халықаралық инвестициялар декларациясына қосылғанын атап өтті.

«Қазақстан Президенті жанында Шетелдік инвесторлар кеңесі жұмыс істейді. Мұнда қытайлық CNPC компаниясының маңызы зор. Ол ҚР-ның мұнай-газ нарығын дамытудағы маңызды стратегиялық серіктесі. Қазақстан мемлекеттік кәсіпорындарды кеңінен жекелешелендіру науқанын жүргізіп жатыр. Тау-кен өнеркәсібі, металлургия, мұнай-газ, энергетика, көлік және байланыс, инфрақұрылым салаларында және басқа да секторлардағы компаниялардың ірі акциялары сатылымға шығарылды. Сонымен қатар, тікелей жекешелендіруден басқа, біз МЖӘ қағидасына негізделген ынтымақтастықты да жүзеге асырамыз», — деді Президент.

МЖӘ қағидасында тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, құрылыс, автокөлік және темір жолдар және басқа да салалардағы жобалар іске асырылуда.

Нұрсұлтан Назарбаев келешегі бар, өзара тиімді бизнес жүргізудің тағы бір бағыты ретінде «Экспо–2017» инфрақұрылымының базасында құрылған «Астана» халықаралық қаржы орталығын атады.

«АХҚО Нью-Йорк, Сингапур, Лондон мен Дубайдың қаржы орталықтарының озық тәжірибелерін жинақтаған. Халықаралық төрешілерден тұратын тәуелсіз сот – Халықаралық арбитраж орталығы ашықтық пен әділдікке, инвесторлардың құқықтарының толығымен қорғалуына кепілдік береді. Құрметті шараға қатысушылар, сауда айналымы мен инвестициялардың жүйелі түрде артуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың сәтті жүзеге асырылып жатқанының дәлелі. Бүгінгі форум оны одан әрі дамытуға ықпал етіп, мемлекеттеріміздің іскерлік орталарының серіктестігін нығайтудың жаңа перспективаларын айқындайтынына сенімдімін. Барлығыңызға жемісті жұмыс пен жаңа жетістіктер тілеймін», — деді Елбасы.

Сонымен қатар, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин бейне байланыс арқылы форум қатысушыларына сөзін арнап, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы Қытайда туылғанымен, ұсынылып отырған мүмкіндіктер мен оның жемістері күллі әлемге тиесілі екенін атап өтті.

«Бес жыл бұрын Президент Н. Назарбаевтың сүйемелдеуімен Қазақстанға жасаған алғашқы сапарымда Назарбаев университетінде мен алғаш рет Жібек жолының экономикалық белдеуін құру бастамасын ұсындым. Бүгінде аталған бастама xалықаралық қауымдастықтың назарын кеңінен аударып, жағымды резонансқа ие болды», — деді Си Цзиньпин.

Оның айтуынша, соңғы бес жылда Қытай мен Жібек жолы бойындағы елдер арасындағы тауар айналымы 5 трлн долларды құраған.

«Бір белдеу, бір жол» бойында Қытай компанияларының қатысуымен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың 80-нен астам аймағы, 200 мыңнан астам жұмыс орны ашылған. Жалпы, 100 мемлекет пен xалықаралық ұйым Қытаймен ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойған. "Бір белдеу, бір жолдың" қатысушы елдері арасында саяси үйлестіру жұмыстары үнемі жандандырылып тұрады. Ауқымды сауда-экономикалық жобалар қарқынды түрде іске асырылуда, инфрақұрылымдық желі қалыптастырылып жатыр», — деді ҚХР Төрағасы.

Бұдан өзге, форумның ашылуы барысында ҚР инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, ҚХР сауда вице-министрі Ж. Хунбинь, ҚР-дағы ҚХР Төтенше және өкілетті елшісі Ч. Сяо, сондай-ақ, екі мемлекеттің ұлттық компанияларының, сыртқы сауда палаталарының басшылары және ірі бизнес өкілдері сөз сөйледі.

ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек өз баяндамасында Қазақстан Жаңа Жібек жолының құрлықтағы бөлігіндегі географиялық орталық ретінде айтарлықтай пайда көруді жоспарлап отырғанын атап өтті, себебі бұл сауда мен өнеркәсіп үшін жаңа мүмкіндіктер тудырады, жергілікті кәсіпорындар экспорт пен импортқа жұмсайтын шығындарын төмендету есебінен пайда таба алады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5445