Жанат Əскербекқызы, ақын. Айға ұшуды армандаймын
Abai.kz ақпараттық порталының "Пуруст сауалнамасы" айдарының бүгінгі қонағы - ақын Жанат Əскербекқызы.
- Сіздің ойыңызша, ең қатерлі жағдай дегеніміз не?
- Ешқандай мүмкіндік қалмаған жағдай.
- Сіздің қай жерде өмір сүргіңіз келеді?
- Табиғатта, әсіресе, таулы жерде.
- Сіз үшін ең мінсіз бақыт деген не?
- Бақыт деген ұғымның өзі мінсіз. Әр адам нені ең басты бақытым десе, сол мінсіз болар.
- Сіз қандай қателіктерді кешірім етуге лайықты деп есептейсіз?
- Қателеспейтін адам жоқ. Бәрі кешірімді.
- Сіздің ең сүйікті әдеби кейіпкерлеріңіз?
- Қызыр ғ.с., Қорқыт ата, Король Артур, әулиелер.
- Сіздің ең сүйікті тарихи кейіпкеріңіз?
- Асан қайғы, Салқам Жәңгір.
- Сіздің шынайы өмірдегі ең сүйікті кейіпкеріңіз?
- Анам және нағашы апам.
- Сіздің ең сүйікті суретшіңіз?
- Леонар до Винчи.
- Сіздің ең сүйікті музыкантыңыз?
- Бетховен.
- Сіз ер адамның бойындағы қандай қасиетін жоғары бағалайсыз?
- Сөзінде тұру.
- Сіз әйел затынның бойындағы қай қасиеттерді жоғары бағалайсыз?
- Мейірімділік.
- Адам бойындағы ізгі қасиеттердің қайсысы сіз үшін тартымды?
- Адалдық.
- Сіздің мінезіңіздің басты ерекшелігі қандай?
- Қызбалық.
- Сіздің ең сүйікті ермегіңіз?
- Кітап.
- Танымал адамдардың ішінде өзіңіздің кім болғыңызды қалар едіңіз?
- Шығармашылық адамы.
- Достарыңыздың қандай қасиетін жоғары бағалайсыз?
- Адалдық, қайырымдылық.
- Сіздің ең басты кемшілігіңіз?
- Шыдамсыздық, ашуланшақтық
- Сіздің бақыт туралы арманыңыз қандай?
- Ойлаған істердің жүзеге асуы.
- Сіз үшін ең үлкен бақытсыздық не болар еді?
...
- Сіз қандай болуды армандаған едіңіз?
- Айға ұшуды армандаймын.
- Сіздің сүйікті түсіңіз?
- Ашық, алқызыл, жасыл, қызыл, ақ.
- Сіз ұнататын гүл?
- Дала гүлдері, раушан гүлі.
- Сіздің сүйікті құсыңыз?
- Сұңқар, самұрық.
- Сіздің сүйікті жазушыларыңыз?
- Т.Әбдік, Ә.Кекілбай, Ш.Айтматов, К.Паустовский, Оскар Уайльд, Акутагава Рюноске.
- Сіздің сүйікті ақындарыңыз?
- Абай, қазақ жыраулары, Сайге, Н.Гумилев, С.Есенин, А.Ахматова, Гете, Шелли, Шиллер, Мағжан, Ілияс, Қасым, Сырбай, Мұқағали, Төлеген.
- Сүйікті композиторыңыз?
- Мәди Бәпиұлы.
- Сүйікті суретшіңіз?
- Леонар до Винчи.
- Шынайы өмірдегі ең сүйікті тарихи әйел кейіпкеріңіз?
- Томирис
- Сүйікті есімдеріңіз?
- Ділшат, Айым.
- Бәрінен де бетер не нәрсені жек көресіз?
- Үйлесімділікті.
- Сіз жек көретін тарихи кейіпкерлер?
...
- Сіз қайран қалатын әскери оқиға?
- Орбұлақ шайқасы.
- Сіз жоғары бағалайтын реформа?
- Ешқандай.
- Қандай қасиетті бойыңызға дарытқыңыз келеді?
- Парасаттылықты.
- Қалай өлгіңіз келеді?
- Ешкімді ашуландырмай.
- Дәл қазіргі көңіл күйіңіз?
- Орташа
- Сіздің ұраныңыз?
- Ешкімге қиянат жасамау.
Сөз соңы
"Абай порталы" замандастарымызды, жас ғалымдар, журналистер мен қаламгерлерді Марсель Прусттың сауалнамасына жауап беріп, сайтқа жіберуге шақырады. Адам мен оның көзқарасы өзгермей тұрмайды. Тағы да жылдар өткеннен кейін өз жауаптарыңызға өзіңіз таң қалатын кез тууы да ықтимал. Аман болсақ, сол сауалдарды он, жиырма жыл өткен соң қайталап қоятын боламыз.
Қазірге дейін Пруст сауалнамасына жауап берген азаматтар:
Дайындаған Тілек Ырысбек, Бауыржан Майтай
Abai.kz