Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
46 - сөз 4394 1 пікір 12 Қыркүйек, 2018 сағат 13:01

Қоғам даму үшін кадрлық жасару қажет

Жаңару, жасару, күшею!
Жалпы біздің қоғамда қай салада болмасын даму үшін кадрлық жасару қажет дүние.
Қарапайым себебін айтайын, жастармен байланысты үзбеу үшін, уақыттың ағымымен адымдап жүру үшін, кез-келген бастаманы сол салада жүрген жастардан сұрау керек, олардың проблеманы қабылдауы, онымен күресті идеясынан аңғарылады.
Елбасының биографиялық сериалы киноларынан көруге болады, жас кадр өндірісте өзінің көзқарастарын батыл білдіріп, ғылыми жаңалықтарды ұсынуда да ізденіп, зерттеп ұсыныстарымен ерекшеленіп жүрді. Комсомолдық қызметте де қатарластарының жанынан табылып, қолынан келгенше қоғамға үлесін қосып, ұйытқы болды.
Қазақта "үлкеннің жолын кеспе, көрінбей қаласың" деген сөздер бар, бәлкім тәрбиелік, сыйлау, құрметтеу мақсатында айтылған болар, бірақ сол сөздердің артынша, "жастың жолын кеспе көмілмей қаласың" деген жалғасы бар.
Қай кезде де жаңалықтар, өзгерістер, жақсы бастамалар жас буыннан, жас маман кадрлардан, ғалымдардан келеді. Тек оларды көре білу, қолдау керек.
Бір қозы туса, екі жусан артығымен шығады, бізде бір жас буын жетістікке жетсе, ұлтымыз артығымен ұтады деп қуануымыз абзал.
Жас келсе іске, жастарды қолдап ойлаған ел ешқашан ұтылмайды. Тек қолдау, демеу, мүмкіндік беруде ниетіміз болсын!
Табиғаттың заңы бар, жаңару, жасару бұл күшею деген сөз.

Мақсат Жақаудың facebook парақшасынан

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1172
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2697
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 817
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 789