Біз қазір қазақша емес, өзбекше сөйлеп жүрміз
Біздегі шалақазақтардың қазақша сөздерді өзбек тілінің дыбыс үндестігімен айтатынын аңғара бермейтін болдық. Мұны аңғару үшін өзбек тілінің әліппесіне назар аудару керек. Өзбек халқы да, қазақ халқы сияқты түркі тілдес халық болғанымен, екі ұлттың тілдерінде үлкен айырмашылықтар бар. Өзбек тілінде 35 дыбыс (әріп) бар. Әріп дегеніміз – сол дыбыстардың таңбалануы. Қазақ тілінде 42 дыбыс бар. Өзбек әліппесінде і, ң, ы, ұ, ү, ө, щ сияқты әріптер (дыбыстар) жоқ. Шала қазақтардың қазақ тілін ұмытуларына байланысты, осындай дыбыстар бұлардың тілдерінен жойылып кеткен. Сөз ішінде кездесетін осы дыбыстарды дұрыс айта алмайды. Бұлардың тілдерінде өзбек тілінің дыбыс үндестігі қалыптасқан деуіміздің себебі осы.
Оған бұлардың кез келген сөзді өзбек тілінің дыбыс үндестігімен айтып бұзатындығынан көп мысалдар келтіруге болады. Мысалы мына сөздерді (мен, сен, ол, олар, біз, мен бе?, сіз бе?, біреуі, балалар) шала қазақтардың тілдерінде қалай айтылатынын және өзбек тілінде қалай айтылатынын салыстырайық:
Шала қазақша Өзбекше:
Менші, сенші, олшы, оларшы менчи, сенчи, учи, уларчи
Біреусі, екеусі биттәси, еккалоси, екови
Келесін, қалайсын қаләйсән, келәсән
Не дейсін нема дейсән
Болад буләди
Біздер бизләр
Балдар, баладар болаләр
Мұны бұған дейін де айтып өткенбіз. Шала қазақтар хабарлы сөйлемдердің аяғына «да» деген сөзді қосып айтатын болған. (Кітапша «Қазақ тілінің қадірін кетірмейік» 2-бөлім) Неге қосып айтады? Мысалы мына сөйлем: «Айтқан еді, ә». Өзбек тілінде қалай айтылады? Оларда «і» дыбысы жоқ қой. Өзбек тілінде «Айтган эди, да». Міне шала қазақтардың «айтып ед, да», «кеп қап ед, да», «отып атқан ед, да» деп қазақша сөздерді дұрыс айта алмай жүргендері осы өзбек тілінің әсері. Өзбек тілінің дыбыс үндестігінің әсерінен қазақша сөздерді бұзып айтады.
Енді сұраулы сөйлемдердің соңында қосақталып айтылатын «не» сөзіне келейік. Мұнсыз бірде бір сұраулы сөйлем айтылмайды. «Келесын ба, не?» Өзбек тілінде бұл сөйлем қалай дыбысталып айтылады. Өзбекше «келесәнми?» Өзбек тілінде «ң, і» әріптері жоқ екенін айттық. Шала қазақтардың «Келесін ба, не?» деп айтып жүргендері де, бұлардың тілдеріндегі өзбек тілінің дыбыс үндестігінің әсерінен бұрмаланған сөз. Өзбекше сөздің аяғындағы «ми» буыны, «не» деген сөзге айналған. Осылайша не өзбекше емес, не қазақша емес, екі ұлттың тіліне де келмейтін сөздерден, шала бұзылған тіл қалыптастырып алған. Ал «ба» - сы қазақ тіліндегі сұраулы демеулік шылау «бе». Өзбек тілінің дыбыс үндестігінің әсерінен «ба» - ға айналып тұр. Қазақша сөздердің аяғында келетін "ме", "бе", "пе", "те" сияқты «е» дыбысына аяқталатын қосымшалардың барлығы, шала қазақтардың тілдерінде "ма", "ба", "па", "та" болып айтылады. Кеше ма, не? (Дұрысы: Кеше ме?), сыз ба, не? (Сіз бе?), баруын керексын ба, не? (барасың ба?), жігітше ма, не? (жігітсің бе?), еркекше ма, не? (еркексің бе?), кеттік па, не? (кеттік пе?), көбінше ма, не?(көбі ме?), біздер ма, не? (біз бе?) т.б.
Балдар, баладар, одар, бұдар, содар, мынадар, бардықтары, кісідер, үйдер деген сөздерден де, бұлардың тілдерінде қазақша -лар, -лер көптік жалғауларының бұрмаланып -дар, -дер, - ге айналып кеткенін көреміз. Бұл да өзбек тілінің әсері.
Ал қазақ тілінің үндестік заңы бойынша: Балалар, олар, солар, бұлар, аналар, мыналар, барлығы, кісілер, үйлер, - деп айтылады. Заң дегеніміз не? Ол бұлжытпай, өзгертпей орындалатын қатаң талаптар. Шала қазақтарға, осы қазақ тілінің үндестік заңын бұлжытпай орындау жөнінде қатаң талаптар қойылмаған. Жиырма жыл бойы қазақ мектептерінде сабақ беріп жүрген шала қазақ мұғалімдер, әлі күнге дейін «балалар» деген сөзді, дұрыс айтуды үйренбеген. «Балдар» деп жүр.
Біздің диалекті сөздер деп айтып жүргеніміз, осындай тілін жоғалтып алған адамдардың тілдеріндегі бұзылған сөздер. Жәй ғана жекелеген сөздер емес, сол бұзылған сөздерден қалыптасқан үлкен тіл. Бұл қазақ тілін, қазақ тілінің дыбыс үндестігін толық ұмытқан, өзбек тілінің дыбыс үндестігін қалыптастырған, бірақ өзбек тіліне көшіп үлгермеген адамдардың шала тілі. О йақта, бү йақта, ми ақта, о йерде, бү йерде, кәй йерде-сі қазақша емес, өзбекше сөздер. Бұлардың тілдерінің сөздік қоры негізгі алты топтан:
1. Бұрмаланған өзбекше сөздерден (өзбекшеге көшіп үлгермегендіктен)
2. Бұрмаланған қазақша сөздерден (қазақшасын ұмытқандықтан)
3. Өздері ойдан шығарып қалыптастырып алған сөздерден
4. Шатастырып қолданып жүрген қазақша сөздерден
5. Аудармай (қазақша білмегендіктен) аяғына қазақша жалғауларды жалғап айтып (жазып) жүрген орысша, өзбекше сөздерден
6. Қазақ тіліне дұрыс аударылмаған (бұл да тілді ұмытқандықтан) қате сөздерден тұрады.
Қазақша сөздерді аудардық, тіл бөлімінде бекіттіріп, қазақ тіліне енгіздік деген кейбір сөздеріне қарай отырып, бұлардың тілдерінде қазақ тілінің дыбыс үндестігі жоқ екенін сезе қоясыз. (олимпиадалық-олимпиялық т.б.)
1. Бұрмаланған өзбекше сөздер:
1. Сынып (өзбекше «синиф») Кылас
Қазақ тілінде туынды сөз. Түбірі: сыну
Мағынасы: Сынды, шағылды, қирады немесе сынып қалды.
2. Тапчан (өзбекше тапчон) Қазақша: Сәкі
3. Тұқым (өзб тухум) Жұмыртқа
4. Пісте (өзб пистә) Күнбағыс
5. Бәдірен (Бодринг) Қияр
6. Зиат (Зиёд) айрықша, ерекше
7. Бақыр (Пахир) Шелек
8. Тандыр (Тондир) Пеш
9. Кәуап (Кавоб) Шашлық (отқа қақталған ет)
10. Самса (Сомса) Орама нан
11. Құқық (Хухуқ) Қақы
12. Маш (Мош) Дән
13. Менші, сенші (менчи, сенчи) Мен, сен
14. Біздер (Бизләр) Біз
15. Халал (Халол) Адал
16. Телім (Тилим) Бөлім, бөлік, тілік, тілім
Зиаткер Қамқоршы
Әскери (Аскари) тәртіп Әскерлік тәртіп
Әдеби (Одаби) тіл Әдебиеттік тіл
Мәдени (Мадани) сала Мәдениет саласы
Діни (Диний) ұйым Дін ұйымдары
Кәсіби (Касиби) білім Кәсіптік білім
Телім (тилим-өзбекше) Бөлім,бөлік,тілік.
Телім бастығы – (Дұрысы: Бөлім бастығы).
Жер телімдері – (дұрысы: Жер бөліктері ,бөлінген жерлер)
Тамақ обыры – қылтамақ ауруы.
18. Обыр –қатерліісік ауруы.
19. Ұшақ(Учоқ) – Айырплан
20. Біреусі (биттаси) – Біреуі, екеуі т.б.
21. Мубарәк босын (муборак) – құтты болсын.
Жоғарыдағы мысалдар біздің қазір қазақ тілін өзбекшеге айналдырып алғанымызды айғақтайды.
(Жалғасы бар)
Нұрхалық Әбдірақын
Abai.kz