Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 3229 0 пікір 31 Наурыз, 2011 сағат 04:30

Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары елдің жоғары инвестициялық белсенділігіне қолдау болуда - Сергей Глазьев

МӘСКЕУ. 31 наурыз. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Дағдарысқа қарсы  күрес  шараларының   Қазақстанның  2020  жылға   дейінгі  стратегиялық  даму жоспарының аясында  жүзеге асырылуының арқасында  республика әлемдік  дағдарысты салыстырмалы түрле оңай еңсере алды.

Мәскеуде «Кеден одағы елдерінің   дағдарыстан кейінгі дамуының әлеуметтік-экономикалық    қорытындысы» деген   тақырыпта өткен  «дөңгелек  үстел»  отырысында  ЕурАзЭҚ  Бас  хатшысының орынбасары Сергей Глазьев осылай  мәлім етті.

С.Глазьевтің айтуынша,   Қазақстанның  экономикалық дамуының моделі  басқаларға  қарағанда    өзгешелеу.

«Ресейдің декларативтік  мазмұнға  ие  Ұзақмерзімдік  әлеуметтік-экономикалық  даму тұжырымдамасынан айырмашылығы сол,   Қазақстан    Стратегиялық  даму жоспарының   орындалуын   қадағалап қана қоймайды,   инвесторларға бағыт береді,       басымдықтарды   нақтылайды және  оларға   жеңілдікті  жағдайлар   жасауға     тырысады», - дейді С.Глазьев.

«Дағдарысқа қарсы  аталмыш    шаралардың осынау  стратегиялық жоспардың аясында  жүзеге асырылуы, Қазақстанның әлемдік  дағдарысты    салыстырмалы   түрде   жеңіл  еңсеруіне    мүмкіндік берді»,  деп  санайды  ЕурАзЭҚ   бас  хатшысының  орынбасары.

«Дөңгелек үстел» отырысын   ТМД елдерімен  ынтымақтастыққа  қолдау  көрсетуші «Ықпалдастық»  халықаралық  қоғамдық қоры,   Ресейдің  Еркін  экономикалық қоғамдастығы,  Ресей Ғылым академиясының  Экономика институты,  Экономистердің  халықаралық одағы,   «Юнион Репорт ақпараттық  порталы  ұйымдастырды.  Жарыссөзге      ТМД елдерінің экономист-ғалымдары,    мемлекет және қоғам қайраткерлері,  бизнесмендері  қатысты.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048