Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
3492 0 пікір 4 Қазан, 2018 сағат 11:25

Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен "Тұлпар мініп, ту алған!" байқауы өтті

Батырлар жыры – көне жанр. Ол бір батырдың ерлік қасиеттерін баяндай отырып, тұтас халықтың тарихи кезеңіне шолу жасайды. Сондай бай мұрамыздың бірі – “Алпамыс батыр” жыры.

Бұл жырда азаттық үшін күрес, ерлік, қаһармандық қасиеттер сезіледі. Мұндағы бейнеленетін оқиғалардың барлығы көшпелі қазақ мәдениетіне жақын дүниелер. Бұл жыр халық жадында ұзақ уақыт сақталып, ауызша таралып келген. Ал, тұңғыш рет 1899 ж. Қазан қаласында басылып шығыпты.

Бабалардың осы мұрасын қайта жаңғыртып, балалардың санасында жатталуы үшін мамыр айында “Тұлпар мініп, ту алған!” атты байқау жарияланған еді. Оған ұйытқы болған - Алматы қаласының әкімдігі.

Әкімдіктің айтуынша, бұл Н.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бастамасының аясында ұйымдастырылған. Алматы қаласының 6-10 сынып оқушыларының арасында өткізілген бұл байқауға 1300  бала қатысқан. Олардың  елуі өзге этнос өкілдері екен.

Бұл жобаның аудандық кезеңі  қыркүйектің  10-19 аралығында өткізілген. Сөйтіп, әр ауданнан 3 жеңімпаз анықталған. Ал, жалпы 8 аудан бойынша 24 бала қорытынды кезеңге жолдама алды.

Олардың өнеріне Өмірзақ Айтбаев, Уәлихан Қалижан, Қали Сəрсенбай, Тынысбек Қоңыратбаев, Темірхан Тебегенов, Серікқазы Қорабай сынды академиктер, ғылым докторлары мен профессорлар  төрелік етті.

Сонымен, “Тұлпар мініп, ту алған!” байқауының жеңімпаздары:

Аружан Абсаттар – 1-орын. Жетекшісі – Майра Мырзахметова

Абылай Бердашев – 2- орын. Жетекшісі – Айжан Оспанбекова

Бекзат Шардарбек – 3-орын. Жетекшісі –  Фарида Сүлейменова

Байқаудың жүлде қоры:  I  орын  – 1,5 млн теңге, II орын – 1 млн тг. II орын -  500 мың теңге болды. Ал, олардың жетекшілері Ұлыбританияның Оксфорд қаласында бір ай ағылшын тілін жетілдіру мүмкіндігіне ие болады.

Түйін: Жас өрендердің батырлар жырына ден қоюы бізді қуантады. Себебі, батырлар жырында ерлік, рух бар. Ал, тәуелсіз елдің жастары рухы биік, санасы азат болуы қажет. Сондықтан, бұл жобаның өміршең болуын тілейміз.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1973